Просмотр содержимого документа
«"Сәкен Сейфуллин" тақырыбына сабақ жоспары»
Күні: Пән: қазақ әдебиеті Сынып:8
Сабақтың тақырып: Сәкен Сейфуллин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның көрнекті ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету.;
Дамытушылық: поэманы мазмұнына сай мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Махаббат пен зұлымдықты салыстыра отырып ізгілік жөнінде ой қорыту дағдыларын дамыту
Тәрбиелік:Адал достыққа үндеу, махаббаттың белгісі – аққуға жасалған ұлымдылыққты айта отырып, балалардың табиғатқа ізгілік қарым-қатынасын дамыту; қоршаған ортаны қорғауға шақыру; экологиялық тәрбие беру; жақсылық пен жамандықты ажырата білуге баулу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Қолданатылатын әдіс-тәсілдер: дамыта оқу
Көрнекі құралдар: С.Сейфуллиннің портреті,С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу сыныптағы оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру оқушыларды түгендеу/
Үй тапсырмасын тексеру:
1. М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы.
2. «Сағындым» өлеңін жатқа сұрау.
Жаңа сабақ.
Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894-1938) Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған.
Сейфуллин Сәкен - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 1917 жылы Бұғылыда (қазіргі Ахметауылының жанында болған елді мекен) мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген. 1918 жылы «Жас қазақ марсельезасын» жазып, «Бақыт жолында» атты пьесасының беташар қойылымын көрсеткен.
Ақтар көтеріліс жасап, Ақмола совдепшілерін тұтқынға алған. Сәкен Сейфуллин атаман Анненковтың «азап вагонынан», 1919 жылғы сәуірдің 3-де адмирал Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан. 1920 жылғы мамырдың 7-де Ақмолаға қайтып оралып, атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болған. Осы жылғы қазанның 4-де Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің Бірінші Құрылтай съезінің делегаты болып қатысқан, Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланған. Жер-су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық жасаған.
Тапсырмалар:
Сәкен Сейфуллин кім? Ол қашан, қай жерде туған?
Алғашқы өлеңдер жинағы қашан, қайда басылып шықты?
Сәкен Сейфуллин қандай шығармалар жазған.
Үй тапсырмасы: оқу, мазмұндау.
Бағалау.