СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді 5класс

Просмотр содержимого документа
«Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді»

13.02.18 5а

Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.
Мақсаты: 1. Оқушыларға әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын түсіндіру, сәлемде де сұлу сыр бар екенін білдіру.
2. Ойлау қабілетін, сыйластық қасиетін, үлкенге-құрмет, ізеттілігін дамыту.
3. Адамгершілікке, әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, топтық.
Көрнекілік: Интерактивті тақта
Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Әңгіме оқу.
II. Кіріспе: Ой шақыру

" Сәлемдесу дегеніміз - достық пейіл мен құрмет білдіру әрекеті. Әрбір  күн немесе әрбір әңгіме қашанда сәлемдесуден басталады. Біздің күнделікті өмірімізде мейлінше кең тараған осы бір ғұрып әдептілік сезімінің мол болуын талап етеді. Сонымен, қалай амандасу керек? Ең алдымен амандасатын адамның көзіне қараңыз. Адамдарға қыр көрсете немесе менмендікпен қарамай, достық пейілмен, жылы шыраймен қарауды әдетке айналдырыңыз. «Сәлеметсіз бе?», «сәлем бердік» немесе тәуліктің мезгіліне сәйкес, «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздер айтып амандасқан дұрыс. Сәлемдескенде сөзді анық, айқын және ешқашан дауыс көтермей, сабырсызданбай айту керек. Әдептілік қағидасы бойынша, қарсы келе жатқан адамға 3-4 қадам қалғанда амандасады.                            Кімнің бірінші болып амандасуы керек? Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, еркек әйелмен, бағынышты адам бастығымен және жас бала ересекпен бірінші болып сәлемдеседі. Бойжеткен егде тартқан ер кісімен өзінің амандасқанын күтпестен, бірінші болып сәлемдессе, өте жақсы әсер қалдырады. Кірген адам отырғандарға бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда, қалушылармен бірінші болып қоштасады. Бұл әйел затына да қатысты. Үйге кірген әйел өзінің жұбайымен ең соңында амандасуы тиіс. Қонаққа бара қалсаңыз, ең алдымен үй иесі әйелмен, сонан соң, қожайынмен, тек содан кейін барып қана отырғандармен амандасыңыз. Қонақтармен жынысына, жасына да қарамай, олар қалай отырса, сол ретпен амандасуға болады. Кіммен, қай жерде амандасу керек?  Әдептілік әліппесі бойынша, өзіңіз таныстырылған адамдармен ғана амандасуыңыз керек. Дегенмен, өзіңіз сөйлесіп үлгермеген болсаңыз да, жұмысқа, сабаққа бара жатқанда, жолда, дүкенде немесе басқа ортада жиі кездестіретін адамдармен амандасқыныңыз абзал. Егер сіз ол адамдарды көшеде келе жатып, үйдің терезесінен немесе автокөліктен көріп қалсаңыз (терезеге немесе көлікке әдейі қарау  мәдениетке жатпайды) да сәлемдесуіңіз қажет. Қоғамдық орындарға (кафеге, асханаға) кіріп келе жатқан таныс адаммен үнсіз амандасыңыз. Егер көп адамдар отырған үстелге жақындасаңыз, оларға тәулік мерзіміне сай келетін сөздермен сәлемдесуіңіз керек, үстеліңіздегі ең жақын көршіңізбен қол алысып амандасуға болады.                                    

III. Негізгі бөлім. Сәлем-әдептілік белгісі. Сәлемдесу – адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, тілдесуі, ізеттілікті білдіреді. Сәлем берудің де бірнеше түрлері бар.

Сәлемдесу түрлері
Сәлеметсіз бе! Армысыз! Қош келдіңіз! Ассалаумағалейкум! Аман есенсіз бе? Сәлем.
Сәлемдесудің мәнін ашу: Оқушылар пікірін тыңдау.
1-оқушы. Үлкен адамға сәлем беру-кішінің міндеті. Сәлем беру –имандылықтың, мәдениеттіліктің белгісі.
2-оқушы. Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы сыйлап сәлем беру – біздің ата дәстүріміз.
3-оқушы. Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Көршілерді көргенде
Сыйлап сәлем беремін.

4-оқушы. Кім үлкенді сыйласа
Кім үлкенді тыңдаса
Сыйлы болмақ өзі де
Үлкен болған кезінде.

Нақыл сөздер.
Сәлем-сөздің анасы.
Сәлем-әдептілік белгісі.

Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.

Сәлем беру де парыз
Сәлем алу да парыз.
Жақсы сөз-жарым ырыс

IV. Мағынаны ашу. Көрініс "Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді"
Оқушы пікірін тыңдау. Қандай қорытынды жасауға болады?
«ҰЛЫҚ БОЛСАҢ-КІШІК БОЛ»
Оқушы. Армандап ап бетке,
Көгер қане, көкте.
Кімді көрсең дағы,
Сәлем бермей өтпе.
Оқушы. Сәлем-тілек шыңы, Сөзімнің бұл шыны.
Ұлттық салтты сақтау, Кісіліктің құны.

Оқушы. Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні
Сәлем жасамай өтпегін
Әдепті қыл бұл ісіңді

«Жалғасын тап»ойыны
1. Әдепті бала –арлы бала
------------------------------.
2. ------------- сөздің анасы.
3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар
------------------------------.
4. Сәлем беру де парыз,
---------------------------.
5. Әдептілік белгісі -
-----------------бергені.

Суретпен жұмыс. Әдепті Әдепсіз
Қорыту. Хаттарға жауап.

1. Сәлемі түзу екен дегенді қалай түсінесің?
2. Сыныптағы сәлемдеспейтін оқушыға не айтар едің?
Осыдан қандай қорытынды шығару керек.
Оқушы. Сәлемдесе білу де – өнер. Сөздің басы сәлемнен басталады.
Оқушы. Сәлем беру-өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
Оқушы. Сәлемдесуден жалықпайық.
Оқушы. Сәлем беру – кішіліктің белгісі.
Оқушы. Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені.
Мұғалім: Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.


Сәлеміміз түзу болсын!
Сәлемдесер адамымыз көп болсын!


Үйге тапсырма. «Мен әдепті баламын»







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!