СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сәлем ,жаңа жыл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

.............................................................................................................

Просмотр содержимого документа
«"Сәлем ,жаңа жыл"»

Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні / Дата проведения: 25.12.2018

Тәрбиеші / Воспитатель :

Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация

Пән / Предмет: Драма

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Сәлем ,жаңа жыл"

Тақырыбы / Тема: «Ізгі сөздер»Е.Өтетілеуұлы «Қарлығаш» 15 бет»

Мақсаттары / Цели. Мақсаты:

1. Тәрбиелік – воспитательная :. Сөйлеу, тыныс ырғағын және дұрыс айта білуге үйрету. Балаларды әдептілікке тәрбиелеу

2.Дамытушылық – развивающая Интоннацияны дұрыс шығаруға үйрету, негізгі сезімді жеткізе білуді қалыптастыру.

3. Оқыту – обучающая : Балаларды дұрыс,анық сөйлеуге машықтау. Өз ойларын еркін айтуға нақыштау.

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, , сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение нан,ұн, бидай, суреттер

Көп тілділік полиязычие:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалар қолдарын жоғары көтереді, кеудеге қояды.
Балалар, қане, бір-бірімізге  өзіміздің жүрегімізден шыққан жылы лебіз тілектерімізді білдірейік.
-Деніміз сау болсын!
-Елімізде тыныштық болсын!
-Көк туымыз биік болсын!
-Жеріміз бай болсын!
-Бәріміз күндей жарқырайық!
-Барлығымыз дос болайық!
2.Қортынды
II. 1) Ой қозғау сұрақтары.(1 - топқа )
1. Өзің қалай амандасасың?
2. Кішіге бірінші болып амандасасың ба?
3. Ұстаз болсаң ең алдымен неден бастар едің?
4. Досың сәлем бермей қалса өкпелейсің бе?
5. Өзіңе бірінші сәлем беруді қалайсың ба?
6. Мұғалімдерге қалай амандасасың?
7. Жылы шыраймен амандасуға қалайсың?
8. Тыржиып, естір - естімес міңгірлеп, ернін жыбырлата салып амандасу туралы не ойлайсың?
2 - топқа
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы - дейді
1. Ұстаз алдында шәкірт қалай болуы керек?
2. Атамыз оқыған кезде оқушылар қандай болған?
3. Қазіргі оқушылар ата - анасын, ұстаздарын сыйлай ма?
4. Сізді оқушылардың қандай мәселесі алаңдатады?
5. Ар, намыс, ұят ұғымдары туралы не айтасыз?
III. Назар аударайық Оқушылар Абайдың «отыз тоғызыншы сөзінен» алынған үзіндіні үнтаспадан тыңдап өз әсерлерін айту.
IV. Дода
Оқушылар мен Мұғалімдер арасындағы қарым - қатынас қандай?
Сұрақты қою арқылы оқушылардың ойын тыңдау.
V. Жағдаяаттарды талдау
- Оқушы сыныпқа кіре берген мұғалімді көріп, оған былай деді:»Сіздің қатты шаршағаныңыз көрініп тұр»
Мұны мұғалім қалай қабылдау керек?
- Мұғалімнің жасаған ескертуіне оқушы былай деді: “Бұл пән болашақта маған ешқандай қатысы жоқ” мұғалім қалай жауап беруі қажет?
- Оқушы мұғалімге былай деді “Мен тағы да дәптерімді әкелуді ұмытып кеттім” Мұны мұғалім қалай қабылдауы керек?
VI. Қортынды жасау
«Сәлем түзелмей,
Әлем түзелмейді» деген нақыл сөзбен түйінді ой айту.
«Сөздің саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын» деген екен жыр алыбы Жамбыл атамыз. Олай болса, сөз анасы да осы – сәлемдесу болса керек.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырда «сіз - біздеріңіз» бұзылмай, сәлемдеріңіз түзу болсын.