СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сәлемдесе білейік. Ойыншықтар айтысы. Жаңа жылға тақпақтар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға сәлемдесе білуді, үлкен кішіні сыйлауды үйрету, ойыншықтарын сындырмай ойнауға тәрбиелеу. олардың жасалу жолдарымен таныстыру. дайын жаңа жылдық тақпақтар жинағы

Просмотр содержимого документа
«Сәлемдесе білейік. Ойыншықтар айтысы. Жаңа жылға тақпақтар.»

 

Тақырыбы:  «Сәлемдесе білейік»

Мақсаты::         Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы  түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді  сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.

                    

Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен

қарым -  қатынас жасай білуге баулу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі: кітап, сурет

Барысы :

Амандасу.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын келді күн

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Сәлеметсіз бе, амансыз ба?

Бәріміз күндей жарқырайық

Бәріміз тату болайық!


Сәлемдесу адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.

         «Сәлем – сөздің атасы» деп неге айтқан?

  Үлкен адамдарға сәлем беру – кішінің міндеті. Сәлем беру  инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

Балалар, үлкен атаны көргенде қалай амандасады?

Ал, қыздар ше?

Әжені көргенде қандай жылы сөз айтамыз?

          Ал, балалар енді біз кімге қалай сәлем береді екенбіз.


Балалар ойын түрінде көрсетеді.

 Бәріміз хормен айтамыз.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәрінен де ізетпен

Біздер сәлем береміз

Сәлеметсіз бе, ағай!

Сәлеметсіз бе, әже!

Амансыз ба, атай!

Ұл – қызға сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.




 Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап,

алдынан қия өтпей сәлем беру ата – дәстүрімізде бар қасиет.

 


Қорытынды:

Міне, балалар осының  бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер?

Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер. Сәлемдесе білейік.

Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет.

Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ.

Сәлем беру – кішіліктің белгісі

«Әдептілік бергісі – иіліп сәлем бергені»

 Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.

 Ешқашан да сәлем беруден шаршамайық.


Балалар сәлем берудің түрлерін көрсетеді, үш тілде айтады.

Бүгінгі күннен бастап сәлемдесуді ұмытпаймыз, кішілерге үлгі боламыз.

Тәрбие мен тәртіптің бастамасы амандаса білуде, ізгілік пен сыйластықтың көрінісі сәлем беру үлгісі. Неге « сәлем сөздің атасы» деген. Сәлемдесіп, әрқашанда амандықта жүрейік.







































Сараптама:

   Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы  түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді  сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу. Сәлем сөздің атасы дегендей балаларға сәлемдесудің тәрбиелік мәні көп екенін түсіндіру. Үлкендерді құрметтеп, сыйлап әрқашанда сәлем беріп қалдарын сұрау кішіге міндет екенін ұғындыру. Үлкенмен амандассаң баталарын беріп денеңе саулық тілейді.

Сәлемдесудің құдіреттілігін түсіндіру. Ауырып жатқан адамның қалын сұрау да амандасуға жаттады. Алыстан алты жастағы бала келсе, ауылымыздың ақсақалы келіп сәлем беретінін айтып түсіндірдім. Балалар сәлемдесудің түрлерін көрсетті. Үлкенмен, достарымен, апайларымен т.б.

Балаларға бүгінен бастап амандасып бір-бірімізге жақсылық тілеп жүрейік деп сабақты қорытындыладым. Алдыма қойған мақсатыма сабақ барысында жете алдым деп ойлаймын, сабақ қызықты өтті. Балалар сурет салып достарына сыйлады.































Жамбыл бастауыш мектебі.







Тәрбие сағаты.



























Орындаған: Қаржаубаева А.Ж





Ойыншығым құрастырғыш, 
Көрсетеді көмегін. 
Кімге көлік, кімге үй, 
Құрастырам керегін. 



Ойыншықтарым көп менің, 
Бәрін жақсы көремін. 
Кешке дейін жалықпай, 
Бірге ойнап жүремін. 



Ойыншығым қуыршақ, 
Не берсем де жемейді. 
Еркелігі соншама, 
Көтермесем жүрмейді.


Ойыншығым күшігім, 
Сүп сүйкімді, жұп жұмсақ. 
Шіренгені болмаса, 
Отырғандай ұл жұмсап. 



Ойыншығым қонжығым, 
Анасын да білмейді. 
Қорбаңдаған аюды, 
Түсінде де көрмейді 



Ойыншығым көжегім, 
Қорықпайды, қашпайды. 
Тәтті сәбіз ұсынсам, 
Ұстай алмай тастайды.  



Ұшағым бар ойыншық, 
Ұщырмасам ұшпайды. 
Айналам деп аспанды, 
Шаршағанға ұқсайды.  



 Ала добым аямай, 
Ұрсам жерге өршиді. 
Шығып кетіп қолымнан, 
Паналады көрші үйді.



Досым маған ойыншық, 
Машинасын сыйлады. 
Бірақ оның ішіне, 
Саусағым да сыймады. 







Ойыншығым торғайды, 
Тракторға мінгіздім. 
Жер жыртуды үйретіп, 
Жолсыз айдап жүргіздім.



Ойыншығым роботтың, 
Тілін өзім білемін. 
Жасанды темір адамның, 
Басқарамын жүрегін. 



Күшік, мысық, балапан, 
Қуыршағым балақан. 
Кәне, бәрің тұрыңдар, 
Ойын сауық құрыңдар. 


Ойыншықтарды шашпаймын, 
Түймемді өзім қадаймын. 
Жуып жеймін үнемі, 
Алма, алмұрт, шиені. 
Суды жақсы көремін, 
Қашанда таза жүремін.


Сүт бердім ботаға 
Шөп бердім бұзауға. 
Дән бердім шөжеге, 
Су бердім құлынға.

Бал бал балмұздақ 
Бал бал балқаймақ. 
Бал бал балақай 
Қандай тәтті алақай!



















Тақырыбы: « Ойыншықтар айтысы» / тақпақтар/

Мақсаты: а)ойыншықтар туралы түсініктерін жетілдіру;сөздерді буынға бөлуге үйрету;

ә) шығармашылық қабілеттерін арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту;сөздік қорларын молайту;

б)ұқыптылыққа,бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру:

Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені

1.Сурет бойынша жұмыс

-Балалар, не көріп тұрсыңдар?

-Ойыншықтар.

-Кімде қандай ойыншық бар?

-Қане, осы ойыншық аттарын буынға бөлейік.



2.Сурет сал

Өз ойыншықтарыңның суретін сал

2.Хормен айту:

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Солармен ойнап жүремін.

II Негізгі бөлім:

1.Өлең оқу «Менің ойыншықтарым»

Ойыншығым –күшігім,

Сүп-сүйкімді,жұп-жұмсақ.

Шіренгені болмаса,

Отырғандай ұл жұмсап.



Ойыншығым –қуыршақ,

Не берсем де жемейді.

Еркелігі соншама,

Көтермесем жүрмейді.



Ойыншығым-қонжығым,

Анасын да білмейді.

Қорбаңдаған аюды,

Түсінде де көрмейді.



Ұшағым бар ойыншық,

Ұшырмасам ұшпайды.

Айналам деп аспанды,

Шаршағанға ұқсайды.



Ойыншығым-роботтың,

Тілін өзім білемін.

Жасанды темір адамның,

Басқарамын жүрегін.



Ойын: Буындар сыйлығы

Осы ойыншық аттарын буынға бөлу

2.Тіл жаттықтыру:

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін бірдей көремін.

Жуындырып,тазалап,

Күтіп ұстап жүремін.





III. Қортындылау:

Сызба бойынша сөйлем құра:



-Балалар, бүгін не туралы айттық?

-Қандай ойыншықтармен таныстық?

-Ойыншықтарды неден жасайды?

-Ұл балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?

-Қыз балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?



Сахналау:Ойыншықтар айтысы



Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін бірдей көремін.

Жуындырып,тазалап,

Күтіп ұстап жүремін










Тақырыбы:

«Біздің ойыншықтарымыз». Ойыншықтардың айтысы.

Мақсаты:

  1. Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.

  2. Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.

  3. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: жұмсақ, резина, компьютер.

Көрнекіліктер: Әр түрлі ойыншықтар, көліктің түрлері, резиналы ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ертеңгілік жүздесу.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күшіміз,

Жарқырайды даламыз!

Сәлематсыздар ма? Апайлар,

Сәлем, жарқын жүзді достарым!

Балалар дөңгелене отырады.

Мотивациялық қозғаушы кезең.

Тәрбиеші:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі туралы кім маған айтып береді?

  • Балалар күз туралы тақпақтар айтып және сұрақтарға жауап береді.

Ғажайып сәт

Әр-түрлі ойыншықтар орналасқан бұрыш, мерекелі безендірілген.

Балалар ойыншықтарды көріп таң қалады.

Ұйымдастыру, іздену кезеңі.

Тәрбиеші:

  • Балалар мына әдемі ойыншықтарды қараңыздаршы!

Көңіл күйді көтеру.

Ойыншықтарды шашамыз, шашамызда жинаймыз.

Бөлмемізді өрнектеп, мерекеге біз дайын.

Барлық балалар ойыншықтарды аралап, көріп шығады. Қолдарына алған ойыншығына байланысты тақпақтарын айтады.

  • Балалардың біреуі өзінің сүйікті ойыншығын сипаттап айтады, бірі ойыншықтар туралы өлеңдерін оқыды.





Арай:

Үлкен болдым десем де, Үлкенмін ғой, міне, мен.

Ешкім маған сенбейді. Ойыншықтарды жинаймын.

«Жалғыз жүрме көшеде, Машинаға мінер ем,

Кішкентайсың сен» — дейді. Кабинасына сыймаймын.



Жаннур:

Бар ғой менің краным, Неменені көтерем?

Кранымды бұраймын. Көтеремін тауықты,

Ілгегіне іліп ап, Көтеремін балықты.

Жүк көтеріп тұрамын. Мен көтере алмакған,

Терезені көтерем, Бір-ақ ойыншық қалыпты.

Керегені көтерем. Краныма тек қана

Үй тұрғызып болған соң, Ілінбеген доп қана.


Тәрбиеші:

  • Балалар «Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастырыңдар

Балалар құрастырған сөйлемін айтады.

Тәрбиеші:Ал, енді ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.

Дыбыстық талдау жасалады балалармен бірлесіп.


«Ойыншықтар айтысы»әңгімесін балалар сахналап көрсетеді.

Әмина – қуыршақ.

Айдар – қоян.

Ұлмекен – көгершін.

Жансая – кішкентай қыз.


Ойын: «Ақ қоян»

Ойыннан соң сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекеті балалардың алған білімдері пысықталады.


Ән: «Ойыншықтар»

Қорытындылау.

Балаарды сабаққа жақсы ұйымшылдықпен қатысып, өздеріне берілген тапсырмаларды орындағандықтары туралы айтып пысықтау.












Сараптама:

Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.

Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.

Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу мақсатында өтті.

Сабақ бір-біріне жылулық сезімін сыйлаудан басталды. Ойыншықтар туралы суреттер мен ойыншықтарына қарап әңгіме құрастырды.

Ойыншықтарының атын атап неден және қалай жасалатындары туралы білді.


Балалармен бірге ойыншықтарын қалай күту және оларды қалай жыйнау керектігі туралы айтылды. Ойыншықтар айтысын сахналап, ойыншықтар туралы тақпақтарын айтты. Балалар қойылған сұрақтарға жауап беріп, әңгімеледі.

Ойыншық сөзіне дыбыстық талдау жасады.

Ойыншықтар туралы балалар өз білімдерін көрсете білді. Балалар өздерінің күнде ойнап жүрген ойыншықтарын оданда жақсы көретіндерін айтты.

Өз ойыншықтарын әдемелеп жинап ойыншықтар көрмесін ұйымдастырды.































Жамбыл бастауыш мектебі



Тәрбие сағаты.

















Орындаған: ҚаржаубаеваА:Ж



2017 оқу жылы.



Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!



Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.


Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.



Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.



Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.



Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.



Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.



Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр



Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын



Аяз ата келіп тұр,

Бизге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзыны-ай

Кесіп алсам шіркін-ай!!!



Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, әке - шеше

Құтты болсын Жаңа жыл



Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.



Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.



Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.



Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.



Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.



Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп



Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы Жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Қайда қызық болса думан, 

Аяз ата сонда болды. 

Күндіз үйде ойнап бізбен, 

Балалармен бірге болды.











Жамбыл бастауыш мектебі











Жаңа жылға арналған

тақпақтар









Орындаған: Қаржаубаева А.Ж

2017 оқу жылы.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!