Пәні: әдебиет
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: С.Мәуленов «Менің Республикам»
Сабақтың мақсаты: 1. С.Мәуленов шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мазмұнын ашуға үйрету, өлеңге тоериялық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.
2.Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу, теориялық талдау , мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
3.Отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі:бейнефильм «Менің Отаным», слайдтар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Сабаққа қатысуын түгендеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Топ ережесі.
Оқушы дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан.
Амансыз ба, қонақтар.
Амансыз ба, мұғалім!
Сәлем көрші,
Сәлемімді қабыл алшы,
Жабырқамай күлімдеші,
Тамаша күн бүгін деші.
Оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй жұмысын тексеру:
«Серпінді сұрақ» әдісі арқылы Ж.Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
Жұбан Молдағалиев кім?
Қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
Қандай оқу орнында оқыған?
Қандай қызметтер атқарған?
Ең танымал қандай поэмасын білесіңдер?
«Ар-қят туралы» өлеңінің тақырыбы не?
Идеясы қалай?
«Ұят –зор парыз, зор сүндет» эссе тексеру.
Өлеңнен үзінді жатқа сұрау.
ІІІ.Жаңа сабақ
Мағынаны тану: «Мозайка» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын табу.
Бүгінгі оқитын өлеңіміздің авторы: С.Мәуленовтың өмірі туралы таныстыру.
Әдебиет теориясы: Пафос –өлеңнің жоғары өршіл рухы. Автор ойының аса қуаттылығы, көңіл-күйінің көтеріңкі берілуі.
Аудиокітап тыңдату.
Оқулықпен жұмыс.
1.Өлеңді 3 оқушы оқиды.
«Менің Республикам» видеофильм көрсетіледі.
«Дана үкі әдісі» арқылы талдау.
І топ
Мақал-мәтел, қанатты сөздер арқылы өлеңнің мазмұнына талдау жасау.
ІІ топ
Тірек сызба арқылы арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығына талдау жасау.
ІІІ топ
Өлеңді теориялық тұрғыдан талдау.
Өлеңді теориялық тұрғыдан талдау тапсырмасы:
Өлеңнің тақырыбы: «Менің Республикам»
Өлеңнің авторы:С.Мәуленов
Өлеңнің идеясы: туған жерді мақтан ету
Жанры: лирика
Өлеңдегі тірек сөздер: республика, таулар, дала, аспан, көлдер,гүлдер, алтын күн.
Өлеңнің ұйқасы: қара өлең ұйқасы: а а б а
Өлеңдегі буын саны: 11
Өлеңдегі айшықты сөздер: эпитет- мөлдіреген аспан, ашық күн, ұлан-байтақ жер
Теңеу: қызыл бұлттай (гүл)
Метафора: көгім-аспан
Кейіптеу: теңізбен қол ұстасқан, гүл мен күн бір жүзген
Сергіту сәті.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
Қазақстанның астанасы
Қазақтың ең бірінші ғарышкері
Қазақстандағы тілдер күні
Қазақстанның мемлекеттік тілі
Үш бәйтерек
Бес арс
Қазақтың ұлы ақыны
ҚР Гимнінің авторы
Тудың авторы
Елтаңбаның авторы
Астықты аймақ
Астана қайда орналасқан?
Ой толғаныс.
Топпен жұмыс.
І топ: «Неткен байтақ, неткен ұлы ел едің!» эссе жазу.
ІІ топ: «Менің елім» бес жолды өлең құрастыру.
ІІІ топ: туған жер, Отан туралы мақал-мәтел айту.
Сабақты қорыту:.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен, Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Үйге тапсырма: өлеңді жаттау; шығармашылық тапсырма (оқушы бейіміне орай сурет салу, өлең шығару, сөзжұмбақ құрау, эссе жазу, т.б.)
Оқушыларды бағалау