Сәлемдесу. «Қызығушылықты ояту» Ребус шешу. (жаңа тақырыпқа жол ашу)  Оқушыларды дәрілік өсімдіктер бойынша 4 топқа бөлу Жазушы С.Мұратбеков туралы мәлімет слайдтан көрсетіледі Болжау әдісі.Жусан деген қандай шөп? Қалай ойлайсыңдар?Әңгіме неге «Жусан иісі» деп аталған? Оқушылар ойын білемін.  Жусан өсімдігі туралы шағын слайд көрсетіледі. Мұғалім сөзі: «Алыста қалған балалық шағым...деп басталады әңгіме. «Біздің ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді.Ұзыннан –ұзақ бір көше боп жоғарыдан төмен қарай созылып жататын» деп жалғасады.Демек әңгіменің авторға қатысы бар деп ойлайсыңдар ма? «Ойымнан жарғақ сары тоны қаудыраған,тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін,шілбиген арық,ақсақ қара бала бір кетпейді» Әңгіме кім туралы деп ойлайсыңдар? «Жигсо» әдісі. 4 топқа мәтін мазмұнын бөліп беремін.Әр топ оқыған мәтін бөлігі бойынша тақырыпшалар қояды. 1-топ.І бөлім. Бейтаныс бала.Достасу.Сабаққа бару.Хат жазу.Тобығын тайдыру. 2-топ.ІІ бөлім.Қыс мезгілі.Әжесінен айрылған Аян.Ертегі айту. 3-топ.ІІІ бөлім.Жетім бала ертегісі.Бапай үйі.Қорлық. 4-топ.ІV бөлім.Шынай достық.Шыдамдылық.Егін басында.Интернатқа кеткен Аян Оқушыларға оқуға уақыт беремін.Уақыт біткен соң, сұрақтар беру арқылы мәтінді құрастырамыз. 1-топ.Сонымен әңгіме кім туралы? Оқиға қай кезеңді қамтиды? Қайда өтті? Әңгіме оқиғасының соғыс жылдары өткенін немен дәлелдейсіңдер? Ауылға жаңада көшіп келген бейтаныс бала ауыл баларына қандай әсер қалдырды? Аян не үшін бұл ауылға келген? Аян тобығын қалай тайдырды? 2-топ.Ешкіөлмес аулында қыстың жайма-шуақ кешінде қандай оқиға болды? Аян қандай күйде еді?Аянның жыламай, балаларға түннің бір уағына дейін ертегі айтуын қалай түсіндіңдер?Аян неге ертегіні күн ұясына қонған шақта ғана айтады? 3-топ.Әңгіменің «Жусан иісі»атануы шығарманың қай жерінде баяндалған?Аян неге науқастанып қалды? 4-топ.Бапай үйіндегі Аянның жағдайы қандай еді? Аян неге ызаланды, Асылбек шалға аяғын салдыруға не себепті келісті? Соғыс жылдарындағы әйелдер мен балалар тағдырының ауыр болғаны қандай оқиғалардан байқалады? Аянның тобығының қайта шығып кетуіне не себеп болды?Аян неге балалар үйіне аттанды? «Пирамида» әдісі (шарты) оқиғадағы әрекеттерді пирамида түрінде жазып шығу керек. 1.Негізгі кейіпкер,тақырып. 1 сөз не сөз тіркесі 2.Тақырыпты ашу (жасы,мінезі,сапасы,сырт тұлғасы) 2 сөз не сөз тіркесі 3.Оқиға орны (қоғамдық ортасы,оқиғалар қайда өтеді?) 4.Мәселе тарихы (мысалы: қаржы, жоқшылық, кездейсоқтық) 5.Бірінші оқиға.(көтерілген мәселелер) 6.Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? Қоршаған орта ықпалы) 7.Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер туралы) 8.Шешімі 1.Аян 2.Қиялшыл,төзімді 3.Ауылда, Бапай үйі, жұмыс басында 4.Соғыс зардабы,жетімдік, аяныш,мейірімділік 5.Ауылға келді, достасты, оқуға барды, жазу үйретті,тобығын тайдырды. 6.Әжесінен айрылды, ертегі айтты, қорлық көрді, науқастанды,әкесін сағынды, ашықты. 7. Достық көмек,шебер ертекші, намыстанды, шыдамдылық,тобығын салдырды,ауыр жұмыс, жазым болу. 8.Кемтарлық, қаралы қағаз, көз жасы, аяныш, балалар үйіне аттану,қош тасу,қимастық, Аянды сағыну Жазушы Аянды қалай есіне алады? Жусан иісі арқылы сендерге қандай ой тастайды? Аянның кейінгі тағдыры қалай болды деп ойлайсыңдар? Ол туралы білгілерің келе ме? Аянның жетім қалуына қандай жағдай себеп болды? Аян тағдырлас жетім балалар қазір өмірде бар ма?Бар болса олар қалай жетім қалып жатыр? Қандай фильмдер көрдіңдер? ( оқушылар пікірі тыңдалады) Топтық ортақ тапсырма. Жазушы Аянды қалай есіне алады? Жусан иісі арқылы сендерге қандай ой тастайды? Аянның кейінгі тағдыры қалай болды деп ойлайсыңдар? Ол туралы білгілерің келе ме? Аянның жетім қалуына қандай жағдай себеп болды? Аян тағдырлас жетім балалар қазір өмірде бар ма?Бар болса олар қалай жетім қалып жатыр? Қандай фильмдер көрдіңдер? Е.Рақышевтің «Жетімдер» фильмінен үзінді.( Жетім балалардың анасының зиратының басына кеп, «жағдайымыз жақсы» деп ата-анасының рухымен сөйлескен жерінен үзінді көрсетілді.) Фильм туралы оқушылардан қысқа мәлімет сұралады. Топтық тапсырма ауызша сұралады:Екі шығармадағы жетімдер бейнесін салыстыру. Сол кездегі жетім балалар | Қазіргі кездегі жетім балалар | | |
Рефлексия. Сабақтан алған әсерім... Бүгінгі сабақтан не білдім? Келесі сабақта нені білгім келеді? |