| Басталуы | Оқушылармен амандасу. Мектеп құндылықтары мен ереже-тәртіпті еске түсіру. 3-сабақ: көзге арналған жаттығу; 7-сабақ: дене жаттығуларын орындау. | Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді. | Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау. | Оқулықтағы суреттер |
| Ортасы | Оқушылардың ойына шабуыл жасау мақсатында олар үшін таныс емес видеобейне көрсетіледі. Видеобейне көрсетіліп болған соң, бүгінгі өтілетін тақырыппен оқу мақсатының қандай екендігін біліп алу үшін «Бояуды қуып жет» деген белсенді оқыту әдісін қолданып,сабақтың тақырыбымен мақсатын ашып аламыз. Ойында екі түрлі түстегі бояу беріледі.Бірі сары түс, екіншісі қызыл түс. С ары гуашь видеобейне туралы сұрақ қойса, екінші бояу яғни қызыл гуашь жауап береді. Осы сынды сұрақтарға жауаптар да айтылып, соңғы нәтиже біз сабақтың тақырыбымен сабаққа қойылған мақсаттарға оқушылармен бірге келеміз:: Сабақ тақырыбы: Ою-өрнектің қысқаша тарихы мен түрлері.Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері). Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін зерттейді (ою-өрнек түрлері, мотивтері, қазақ халқының шығармашылығындағы ою-өрнек композициясының ерекшеліктері). Оқушылар қазақ және ҚР басқа халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі түрлерімен танысады. «Сұрақ –жауап» арқылы бағалау критерийлерін қоямыз Оқушылар төрт топта зерттеу жұмысын жүргізеді. Постерге топпен зерттеулері бойынша әдемі етіп, безендіріп шығады. Тапсырмаға берілген критерийлер бойынша, постерлерге мәліметті әдемі етіп безендіріп, таныстырып шығады. Қалған топтар таныстырылымды жапсырма қағаздарға бағалап шығады. З ерттеу бойынша, балалар ою түрлерін зерттеп, сол ою-өрнектің бір түрін сурет дәптердің бетіне түсіруі керек, жасалынған нобай бойынша қыздар тәжірибелік іске кірісулері қажет: Қазақтың ұлттық ою-өрегінің бір түрін қағаз бетіне түсіру; Симметрия заңдылығын ұстанады; Фетр материалын пайдаланып, өрнекті қырқып алады; Кесіп алынған өрнекті мата бетіне түсіріп, жастықша дайындайды; Қауіпсіздік ережесін ұстанады; Оқушылар тәжірибелік жұмысты аяқтап болған соң, қалыптастырушы бағалауға сәйкес өздерін-өздері бағалайды. | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі. Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, төмендегі сұрақтарға жауап береді. .Презентация: Оқушылар өздерінің зерттеу жұмысын таныстырады. Оқушылар әрбір таныстырылымнан кейін сұрақтар қоя алады | Дескриптор Қазақтың ұлттық ою-өрегінің бір түрін қағаз бетіне түсіреді; Симметрия заңдылығын ұстанады; Фетр материалын пайдаланып, өрнекті қырқып алады; Кесіп алынған өрнекті мата бетіне түсіріп, жастықша дайындайды; | Үлестірме материалдар https://www.youtube.com/watch?v=-NNx3CS0UYU - Қазақтың ұлттық ою-өрнегі Иллюстрациялық материалдар: ою-өрнектердің орындалу сызбасы, сандық фотосуреттері. |
| Аяқталуы | Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмыстарын әрқайсысына сұрақтар арқылы бағалау. Бейнелеу өнерінің түрлері қандай? Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрының айырмашылығы? (Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді. | Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады | Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру. | |