СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ №6 Этиленді алу және оның қасиеттері

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бекіту сабағы.Оқушылардың зертханалық жұмыстарға , пәнге деген  қызығушылығын арттыруға, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ №6 Этиленді алу және оның қасиеттері»


Тақырыбы: Этилен алу және оның қасиеттері


Түрі: Бекіту сабағы



Пайдаланған технологиялар:

  1. Сыни тұрғыда

  2. Ұжымдық оқыту

  3. ақпараттық





Cабақтың тақырыбы: Этиленді алу және оның қисиеттері

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға алкендердің қасиеттерін қайталау,бекіту.Қанықпаған көмірсутектеріне сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау және оны түсіндіру.

2.Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру, ойлау қабілетін, ізденуін, өз тәжірибелерін сипаттап, қорытынды жасау біліктіліктерін дамыту.

3. Оқушылардың зертханалық жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығың арттыруға, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, қышқылдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың жоспары:

1.Тәжірибе №1 Этиленді алу

2.Тәжірибе №2 Этиленге йод суының әсері

3.Тәжірибе №3 Калий перманганат ерітіндісінің этиленге әсері

4.Тәжірибе №4 Этиленнің жануы


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

Бақылау сұрақтар қою.

1.Қанықпаған көмірсутектердің қандай ерекше белгілері бар және олар қалай жіктеледі?

2.Алкендер деп қандай көмірсутектерді айтады?

3.Алкандар мен алкендердің айырмашылығы неде?

4.Алкендердің физикалық қасиеттерін сипаттап беріңдер.

5. Алкендерді өнеркәсіпте, зертханада қалай алуға болады?

6. Алкендердің химиялық қасиеттері қандай?

7.Алкендер мен олардың туындылары өнеркәсіп пен тұрмыста қайда қолданылады?



III. Жаңа сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс №2 Этиленді алу және оның қасиеттері

Жұмыстың мақсаты: этиленді зертханалық тәсілмен алуды игеру және оның қасиеттерін зерттеу, метанның қасиеттерімен салыстыру


Реактивтер мен жабдықтар:

Этил спирті (С2Н5ОН), концентрлі күкірт қышқылы (Н24), күйдірген құм, йод суы (I2 ), калий перманганаты ерітіндісі (КMnО4), пробиркалар-сынауықтар, газ жұретін түтікшелі тығын, фарфорлы кесе, спирт шамы, штатив.


Тәжірибе №1 Этиленді алу


Жұмыс барысы: 1- суретте көрсетілген құралды жинаңдар. Сынауыққа 0,5 мл этил спиртін құйыңдар және оған абайлап 2 мл концентрлі күкірт қышқылын қосыңдар. Алдын ала қоспаға ол бірқалыпты қайнауы үшін күйдірген құмнан кішкене салыңдар.Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, штативке бекітіңдер.Газ бір қалыпты бөліне бастағанда сынауықты ақырын, баяу қыздырыңдар.


Бақылау: Түссіз газ бөліне бастады

Қорытынды:


Тәжірибе №2 Этиленге йод суының әсері

Жұмыс барысы: бөлінген этиленді 3-4 мл йод суы құйылған сынауыққа жіберіңдер.Йод суы қандай өзгеріске ұшырайды? Йод суы тез түссіздене ме? Бром суымен реакция теңдеуін жазыңдар.


Бақылау: Йод суы тез түссіздене бастады

Қорытынды:


Тәжірибе №3 Калий перманганат ерітіндісінің этиленге әсері

Жұмыс барысы: этиленді қышқылданған калий перманганатының ерітіндісі бар сынауыққа жіберіңдер.Не байқадыңдар? Реакция теңдеуін жазыңдар.


Бақылау: Калий перманганатының ерітіндісі түссізденді

Қорытынды:


Тәжірибе №4 Этиленнің жануы

Жұмыс барысы: газ өткізгіш түтікті сынауыққа шығарып алып, аузын жоғары қаратып қойып, бөлініп жатқан газды жағыңдар. Этиленнің жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.


Бақылау: этилен жарқырап жанады

Қорытынды:


IV. Бекіту.

Қорытынды:

Алкендердің ең қарапайым өкілі –этилен.

Құрамында еселі байланысы болғандықтан , алкендер алкандарға қарағанда реакцияға түскіш қосылыстар.Алкендер қосылу, полимерлеу және тотығу реакцияларына түседі. Алкендердің қос байланысын йодты су мен перманганат ерітіндісінің түссізденуі арқылы анықтауға болады.Алкендерден күнделікті тұрмыс мен техникаға аса қажетті көптеген заттар (этил спирті, хлорэтан, дихлорэтан, глицерин, полиэтилен, полипропилен, каучук, резенке т.б.) алынады.

Жаттығулар мен есептер шығару

Жаттығу №1

Төмендегі қосылыстарды атаңыздар:

а) СН3─СН═СН─СН2─ СН3

ә) СН3─ СН2─ СН═СН─СН2─ СН3

б) СН═ С─ СН2─СН2─СН2─ СН3

СН3

Жаттығу №2

Мынадай сызбанұска бойынша берілген айналуларды орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазып, заттарды атаңдар:


a) С2Н 4→ С2Н6 → С2Н5CI → C4H10

ә) CH3-COONa → CH4 → CH3NO2

б) C2H5OH → C2H4 → (-СН2-СН2-)n

Жаттығу №3

Циклогексанның жану реакциясының термохимиялық теңдеуі:

С6Н12 + 9О2 →6 СО2 +6Н2О + 3924 кДж

105 г көмірсутек жанғанда қандай мөлшерде жылу бөлінеді?

V. Химиялық диктант

Бутан; циклопропан ; этилциклопропан; 2- метил 3,4 диэтилпентан; бутилен; хлорэтан; этилен; 1,5дихлорпентан; октан, 3- метил-4-этилгексен-1

VI. Үй тапсырма Химия Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов,т.б §4.5; №24 Жаттығу; 92-100беттер.