СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ-ойын Конспект урока "Мамандықтар әлемінде"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок для 10 класса.Тема урока "Мамандықтар әлемінде"№ Цель урока: развитие диалогической и монологической речи, воспитание трудолюбия, чувство ответственности

Просмотр содержимого документа
«Сабақ-ойын Конспект урока "Мамандықтар әлемінде"»


Сынып:10 сынып Сабақтың тақырыбы:

«Мамандықтар әлемі»

Сабақтың мақсаты:



Сабақтың типі:

Сабақтың түрі:

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың әдістері:


Көрнекiлiктер, техникалық құралдары:

1.Білімділік: мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, өткен тақырыптарды қайталау арқылы білімдерін толықтыру, практикалық жолдармен меңгерту.
2.Дамытушылық: білім,білік дағдыларын,ойлау қабілетін, сауатты жазу, диалогтік, монологтік сөйлеу тілін дамыту.

3.Тәрбиелік: балаларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

бекіту сабағы


Орыс тілі, тарих,

талдау,тұжырымдау, салыстыру,баяндау, топтық, жеке жұмыс, аударма,сұрақ- жауап.



Суреттер, слайдтар, кеспелер, жетондар.


І.Ұйымдастыру кезеңi


Психологиялық ахуал






Тындалым





ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:












Суретпен жұмыс

Айтылым.







ІІІ.Жаңа тақырыпты меңгеру:

Мәтінмен жұмыс














Тындалым.


Жазылым




Сергіту сәті





Жазылым


































ІҮ.Бекіту кезеңі










Ү.Қорытынды, бағалау:



Үй тапсырмасы: Қоштасу


Сабақтың барысы:

Армысыздар құрметті қонақтар, әріптестер, оқушылар. Бүгінгі ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

«Мен қандай адам боламын?

  • Мен жақсы адам боламын!

  • Әдептілікке, сыйластыққа ұмтыламын!

  • Маған қажет білім!

  • Өмірдегі өз орнымды табамын!


Енді, балалар, ТОПҚа бөлінейік: Пазлдар арқылы.

І топ «Еңбеккор» тобы

ІІ топ «Еңбек сүйгіштер» тобы.

-Балалар, бүгін біз сендермен өткен «Мен мамандық таңдаймын» модулін қорытындылап, тілімізді дамыту мақсатында жарыс –сабағын өткіземіз.

Ал, балалар «Мамандықтар әлемі » студиясына қош келдіңіздер!

Тақтаға назар аударайық!

АССОЦИАЦИЯ стратагиясы:

«Мамандық» деп бір сөзбен айтқанда, сендердің ойларына не келеді?


Білімдерімізді жүйелеп, сарапқа салу үшін, біз топ бойынша жұмыс істейміз. Бүгінгі студиямызда «Білімді жастар » дипломы жақсы жұмыс істеген топқа беріледі. Топ әрбір дұрыс жауабы үшін жетондар алады. Көп жетон жинаған топ жеңіске жетеді. 10 балл, 7 балл, 5 балл және 3 балл.

1 тур: «Кім тез?» деп аталады. «Крестик пен нольдіктер» стратегиясы бойынша өтеді.

Әр командаға 5 сұрақтан қойылады. 1 топ – нольдіктер, 2 топ-крестиктер

1.Мамандық сөзі қалай аударылады? (профессия)

2. Мақалдың жалғасын табыңдар «Жақсы жұмыс- ............ .............» ( жанға тыныс)
3. Мамандық иесі болу үшін не істеу керек ? ( оқып, білім алу керек)

4. Әр түрлі тағамдар дайындайды ? ( аспаз)

5. Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.  (Шаштараз)

2 топ-крестиктер

1.Ол сендерді тәрбиелейді, оқытады, қоғамның саналы құрылысшысы болуға баулиды (мұғалім)

2. Мақалдың жалғасын табыңдар «Жаман іс жоқ, жаман ......... ..........» (ісші бар)

3.Мектеп бітірген соң, оқушылар не таңдайды? (мамандық таңдайды). ? 4. Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.  (аспаз)

5 «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында......». Кімнің сөзі? (Н.А.Назарбаевтің сөзі)

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз
. (Әл-Фараби)

2 тур: «Мамандықтың жақсы, жаманы болмайды». Осы турды «Кір жаю » стратегиясы бойынша өткіземіз.

1.Елбасы Н.А. Назарбаев

2. Мұғалім

3. Журналист

4.Дәрігер

5.Актер

6. Аспаз

( суреттерді ілу үшін 3-4 сөйлем айтуы керек )

Мамандық таңдау үшін қандай талаптар болу керек?

(Веремко К.)

1. Мамандық таңдау барысында талапкер де, ата-ана да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» дұрыс.

2.Жауапты шешім қабылдау алдында әбден толғанып, жан-жақты ойластырып барын таңдау жасау керек.

3. Мамандықтың жақсы, жаманы болмайды.

4. Таңдаған мамандық халыққа, елге, ең бастысы, өзіңе пайдалы болуы керек.


3 тур «» Мәтінге байланысты сұрақтар құрастыру


І топқа

Адам баласы дүниеге келген сәтінен бастап өмірінің соңғы сәттеріне дейін ғұмырын сәнді  де мәнді, қызықты да пайдалы өткізгенді қалайды. Дегенмен де, өмірде барлығы өзіміздің қалағанымыздай бола бермейді. Өмір-тіршілік үшін күрес. Адамның тағдыры оның қандай мамандықты таңдауына байланысты. Менің ойымша, жарқын болашақтың кілті – мамандықты дұрыс таңдаудан бастау алады. Себебі, біз бүкіл ғұмырымыздың тең жартысын осы жұмыс орнымызда өткіземіз. Мамандық таңдау жас өспірім кезеңдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Әр адам ерте ме, кешпе өз өмірінде “Мен қандай мамандық иесі боламын?” деген сұраққа жауап іздейді. Қазіргі кезде заман талабына бір немесе бірнеше мамандықты  игерген қызметкер жақсы бағаланады, олар жұмыстың жаңа түрін оңай меңгереді.

ІІ топқа

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар. Жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде, мамандық таңдау мәселесі,әсіресе, біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.

4 тур. Тапсырма. Естіген мамандықтарды дәптерлеріңе жазып алыңдар

Еңбек нарығындағы өзгерістерге байланысты мамандыққа сұраныс өзгеріп отырады.Бір жылдары жұмыс берушілер менеджерлерді іздесе, келесі жылдары экономистерге сұраныс береді. Осыған байланысты социологтер зерттеу жасап, жақын болашақта сұраныс арттыратын мамандар тізімін анықтады. (самые востребованные профессии)

Инженер, инженер-технолог, технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер, маркетинг, сауда менеджерлер, логистер, азпазшы, тігінші, автомеханик, құрылысшы- сылақшы, ұста, техник-сантехник, токарь, медбике.

5 тур: «Мамандық мінездемелері» « Сөздер қос» стратегиясы бойынша өткіземіз.
1. Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
2. Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
3. Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.

4. Ақшамен байланысты - бухгалтер, экономист.
5.Ең жауапты - сот, бухгалтер.
6.Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
7.Ең қарым - қатынасы күшті – бизнесмен

8.Бөбектерді тәрбиелеуші- тәрбиеші

9. Ең қауіпті- альпенист, өрт сөндіруші

10. Ең биікте- ұшқыш, ғарышкер, стюардесса

6 тур «Грамматика әлемінде » Сендерге үйге тапсырма берілді, ережелерді қайталап келуге, бүгін біз құрмалас сөйлемдердің түрлерін қайталаймыз. Ал екі топ бір-бірлеріне сұрақтар қойындар.

«Еңбекқорлар» тобы бастайды.

Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

Құрмалас сөйлемнің түрлері қандай?

Салалас сөйлем деген не?

«Еңбек сүйгіштер» тобы

Сабақтас сөйлем деген не?

Тапсырма: Құрмалас сөйлемдердің түрін анықтау.

І топқа.

  1. Әр түрлі мамандықтармен таныстым және өзіме ұнағанын таңдап алдым.

/Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем./

  1. Заңгермен сағат тоғызда жолығам деп ойладым, бірақ ол бір сағатқа кешігіп келді.

/Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем./

3.Биыл оқушылар емтиханды жақсы тапсырады, өйткені олар жақсы дайындалды.

/Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем./

4. Ол оқымақшы болып, қалаға келді.

/Мақсат бағыныңқылы сабақтас /


ІІ топқа

5.Түскі асқа аспаз кейде қазақша ет пісіреді, кейде балық дайындайды.

/ Кезектес салалас құрмалас сөйлем./

6.Келешекте өзіме ұнайтын маман таңдау керек немесе сұранысқа сай маман таңдау керек.

/Талғаулы салалас құрмалас сөйлем./

7.Жақсы оқысаң, қалаған оқу орнына түсесің.

/Шартты бағыныңқылы сабақтас/

8. Тұла бойы дірілдеп, Оспан емтихан тапсыруға кірді.

/Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас/


7 тур «Сәйкестіру»

Мамандық түрлері


Жалпы сипаттамасы

Эколог

Сататын тауар туралы бәрін біледі, сыпайы сөйлесе алады, дұрыс есептейді

психолог

Қаржы, статистикалық ұйымдарда жұмыс істейді, ұйымдастырудың әрекетін талдайды, жоспарлауға қатысты есеп шығарады.

Сатушы

Адамдардың әр түрлі психикалық әрекетіне байланысты өз білімін іс жүзінде қолдана біледі


Экономист

Адамдар денсаулығын, жануарлар, өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны ғылым мен техниканың жетістіктерін бақылаусыз қолданудан сақтау жұмыстарын ұйымдастырады



Балалар, әр сабағымызда мемлекеттік емтиханға, Оқу жетістіктерінің сырттай бағалауына, Ұлтық Бірынғай Тестіне дайындық жүріп жатыр, сондықтан бүгінгі 8 турымыз: «ТЕСТ» тапсырмалары.


1. Әлемде мамандықтың қанша түрі бар?

А) 30 мыңға жуық В) 50 мыңға жуық С) 70 мыңға жуық D) 45 мыңға жуық Е) 60 мың

2. Мен оқу бітірген соң мамандық таңдай .... – керекті жалғауды жалғаңыз.

А) -мін В) -міз С) мын D) - сің Е) –мыз

3. Кім сахнада өнер көрсетеді?

А) аспаз В) мұғалім С) заңгер Д) актер Е) құрылысшы

4. «Ол эколог мамандығын игерді » - деген сөйлемдегі есімдік түрін анықтаңыз

А) сілтеу В) өздік С) сұрау Д) жіктеу Е) белгісіздік

5. Жіңішке дауысты дыбыстары бар сөзді табыңыз.                         

 А) пісірді В) оқытты С) жазды Д) турады Е) құрды

6. Заттың қимылын білдіретін сөз табын табыңыз

А) зат есім В) сын есім С) есімдік Д) етістік Е) сан есім

7. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз

А) мам-ан-дық В) ма-ман-дық С) ма-ма-н-дық

Д) мам-анд-ық Е) ма-ман-ды-қ

8. Құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтаңыз

А) аралас, құрмалас В) бастауыш, баяндауыш С) хабарлы, сұраулы D)анықтауыш, толықтауыш Е) салалас, сабақтас

9.Сын есімнің салыстырмалы шырайында тұрған сөзді табыңыз

А) жақсы В) биік С) ақшыл D) ең әдемі Е) сап-сары

10. «Әдемі», «сұлу», «көркем», «көрікті» деген сөздер қандай сөздер

А) синоним В) антоним С) омоним D) көп мағыналы Е) сөз құрамы



Рефлексия : Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алғандарынды стикер арқылы мына жерге жапсырасыңдар.
Қай топ «» атағын алды екенін білу үшін, жетондарымызды санайық. «Білімді жастар» дипломын ...... командасы алды. Марапаттау. (Грамоты)

Балалар, бүгін жақсы жұмыс жасадындар , сондықтан бәріне де жақсы баға қойылады.

Эссе «Менің болашақ мамандығым»

Балалар, келешекте алға ұмтылып, армандарына жетіп, жақсы мамандық иесі болыңдар..Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектеспін.

Ал, ашық сабақты мынау өлең жолымен аяқтайық!



























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!