Просмотр содержимого документа
«Сабақ презентациясы: "Көңілді қыс"»
Сөзжұмбақ
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
2. Тікен-тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
3. Қыстыгүнгі ауа райы
Ойлан !
Қыс туралы бейнекөрініс
«Сүйсің аяз бетіңді»
Тау – тау болып үйілген,
Аппақ қарға қарашы.
Аппақ шапан киінген,
Жер мен көктің арасы.
Аппақ қарға жарасып,
Асқақ аспан тұп – тұнық.
Жұту керек таласып,
Салқын ауа сұп суық.
Басқан ізің сықырлап,
Суық ерсе соңыңнан.
Қозғал, шапшаң қимылда,
Не келеді қолыңнан?
Сүйсін аяз бетіңді,
Шынық, шымыр боласың.
Суыққа үйрет етіңді,
Бір – ақ рет тоңасың.
Бабалардай наркескен,
Батыр болып шығасың.
Жалаң аяқ қар кешкен.
Жанын сонда ұғасың...
Қымбат Әбділдақызы
«Қар - қыста жауатын ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын-шашын».
Ғалымдар қаншама ғасыр бойы қардың құпиясын ашуға ұмтылып келеді.
Қ ардың түйіршіктерінің 5000 мыңнан астам түрі болады екен.
1 текше метр қарда 350 миллион қар түйіршігі бар деп есептейді ғалымдар.
Ақша қар — жаңа жауған таза қар.
Ала қанат қар — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай жерге ала түскен қар.
Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
Жылбысқа қар — ери жауған қар.
Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
Күпсек қар — қалың жауған ұлпа қар.
Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.
Қиыршық қар — жентектелген түйіршік қар.
Қырбық қар — жұқа жауған қар.
Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.
Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.
Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.
Сүрі қар — ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп беті күлгін тартқан нығыз қар.
Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.
Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар.
Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе үйілген қар.
Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.
Қар туралы бейнекөрініс
Сергіту сәті
«Қар кесегі»
К, Қ, С, Х, Ш
«Қалың қар» бөгеті
«Қыс»
«Қарлы бұрқасын» бөгеті
Мына әріптер ұшып барады.
Бұл әріптерден сөз құрастырып, сол сөзбен сөйлем құрауымыз керек.
Қ, р, с, а, з, ұ, б, н, ы, я, ш, л, м, о.
«Мұздақ» бөгеті
Керекті сөздерді пайдаланып өлең құрастыру.
… қар борайды,
… мамыққа орайды.
… болады қатады,
… боп жатады.
Керекті сөздер: Ақ, Мұз, Жып – жылтыр, Далада.
«Боран» бөгеті.
«Аяз» бөгеті
«Күртік қар» бөгеті.
«Жапалақ қар» бөгеті
Қар ұшқының жасау амалы