1.Жаңа сабақ. Турбо Паскальда графикамен жұмыс істеу үшін графиктік операторларды (Uses), драйверлерді (GraphDrіver), модульдерді (Crt, Graph), режимдерді (GraphMode, CloseGraph) қосуымызқажет. Арнайы графиктік оператор Uses болып табылады. Турбо Паскальда графикалық бейнелерді салу үшін стандартты кітапханалық Graph модулі арналған. Ол әр түрлі адаптерлі дисплейлерде графикалық режимдерді толығымен басқарудықамтамасыз ететін программалардың кітапханасы. Ал Crt модулі экранға ақпарттарды шығаруды, пернетақтадан берілгендерді енгізуді, сол сияқты терезелермен жұмыс істеуді, дыбыстықсигналдар мен түрлі-түсті текстік жолдарды экранға шығаруды қамтамасыз етеді. Координаттар жазықтығы Турбо Паскальдағы графикалық режимде төмендегі координаттар жазықтығы пайдаланылады. Графикалық режимдегі координаталар жазықтығындағы бірінші Х координатасы көлденеңінен солдан оңға, ал екінші У координатасы тігінен жоғарыдан төмен қарай өзгеріп отырады. Координатаның басы сол жақ жоғарғы бұрыштағы (0,0) координатасы болып табылады. Х координатасында 640, ал У координатасында 480 нүктесі бар, яғни координатаның оң жақ төменгі бұрыштағы нүкте (640,480)  PutPixel процедурасы – берілген орынға берілген түс бойынша нүкте бейнелейді. Жазылуы: Procedure PutPixel (X, Y: Integer; Color: Word); Мұндағы X, Y – координаталар, Color – түсі. GetPixel функциясы – X және Y координаталары бойынша орналасқан нүкте түсінің кодын анықтайды. Жазылуы: Function GetPixel (X, Y: Integer) :Word; Line процедурасы – берілген координаталар бойынша 2 нүкте аралығындағы түзуді бейнелеу процедурасы. Жазылуы: Procedure Line (X1, Y1, X2, Y2: Integer); Түзудің қалыңдығы мен бейнелеу түрін SetLineStyle процедурасының көмегімен анықтаймыз. Ал түзудің түсін SetColor процедурасымен анықтаймыз. LineTo процедурасы – ағымдағы орнынан бастап, берілген координатаға дейін түзу жүргізу процедурасы. Жазылуы: Procedure LineTo (X, Y: Integer); GetLineSettings процедурасы – түзудің ағымдық стилін қайтарады. Жазылуы: Procedure GetLineSettings (Var StyleInfo: LineSettingsType); SetlineStyle процедурасы – сызылатын түзудің стилін құрады. Жазылуы: Procedure SetLinestyle (Type, Pattern, Thick: Word); Rectangle процедурасы – ағымдағы түсі және түрі бойынша төртбұрыш бейнелейді. Жазылуы: Procedure Rectangle (X1, Y1, X2, Y2: Integer); Мұндағы X1,Y1 – төртбұрыштың сол жақ жоғарғы нүктесінің координатас Мысал Сары түсті экранға қызыл түзу, жасыл үшбұрыш, көк тіктөртбұрыш және қоңыр шеңбер салу программасын жаз.  Program Сурет-1; Uses Graph, Crt; Var GraphDrіver, Graphmode: іnteger; Begіn Clrscr; GraphDrіver := 0; ІnіtGraph (GraphDrіver, GraphMode, ‘ ‘); Іf GraphResult 0 then Begіn Wrіteln; Wrіteln; Halt; End; SetBkColor(14){Экранды сары түспен бояу} SetColor(4); {Жиегі қызыл болатын Lіne(40, 180, 240, 100); түзу салу} SetColor(1); {Жиегі көк болатын Rectangle(80, 260, 320, 360); тіктөртбұрыш салу} SetColor(2); {Жиегі жасыл болатын Lіne(380, 100, 380, 220); Lіne(380, 100, 600, 220); үшбұрыш салу} Lіne(380, 220, 600, 220); SetColor(6); {Жиегі қоңыр болатын Cіrcle(480, 280, 40); шеңбер салу} Readln; CloseGraph; End. 2.Практикалық жұмыс.   Сергіту сәті: “ Информатика” сөзінен сөздер құрастыру. |