Басы 2 минут 1минут 10 минут Білу | І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Техникалық қауіпсіздік ережесін қысқаша еске түсіру, қол қою. Бағалау парақтары: Оқушылар өз-өзін бағалайды. Критерийге сай бағалануы тиіс  ІІ.Үй жұмысы. 1.« Кубик лақтыру» әдісі бойынша. Кубикте сұрақтар жазылған, сол кубикті оқушылар бір-біріне лақтыра отырып, сұрақтарға жауап береді. Кубиктегі сұрақтар: 1-сурак Деректер қоры- қандай да бір ақпарат тасымалдауышта, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығы. 2-суракДеректер қорын басқару жүйесі – дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы программалар 3-сурак Сақталатын ақпараттың сипатына қарай Факто-графиялық , Құжаттық 4-сурак Ақпаратты сақтау әдісі бойынша Орталықтандырылған, Бөліктелінген 5-сурак Ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша Реляциялық, Иерархиялық, Желілік 6-сұрақ Қанша деректер типі бар және оларды ата:8, мәтіндік, сандық, логикалық, ақшалық, счетчик, Memo өрісі, Дата/уақыт, OLE объектісі.  2. « Сөздік диктант » көп нүктенің орнына тиісті сөзді тап. Оқушыларға жеке карточкалар таратылады, ол карточкада көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазу керек. Кестелер – деректер қорының негізгі объектілері. Онда деректер сақталады. Сұраныстар – бұл деректерді өңдеу үшін арналған арнайы құрылымдар. Олардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүхгілеуге, өзгертуге, біріктіруге, яғни өңдеуге болады. Формалар (Қалыптар) – объектісінің көмегімен қорға жаңадан деректерді қосуға немесе бар деректерді көруге болады. Макростар – бұл қайталанатын операцияларды орындайтын ең қарапайым автоматтандыру құралдары. | парақ Бағалау парақтары Интерактивті тақта музыка карточкалар |
Ортасы Түсіну 25 минут Қолдану | Практикалық жұмыс 1.Оқушыларға әртүрлі тақырыпта деректер қорында кесте құру тапсырмасы беріледі. №1. «Мұғалім» деректер қоры мынандай өрістерден тұрады: Аты-жөні, туған күні, жынысы, білімі, пәні, Әр өрістің типін анықтай отырып 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр. №2. «Пациент» деректер қоры мынадай өрістерден тұрады: Фамилиясы, туған күні, мекен-жайы, дәрігерге көрінген күні. Әр өрістің типін анықтай отырып, 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр. №3. «Ауа-райы» мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Күні, айы, температурасы,, желдің жылдамдығы. Әр өрістің типін анықтай отырып, 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр. №4. «Оқушы» ДҚ кестесінің құрылымын жаса. Мынадай өрістерден тұрады: фамилиясы, аты, мектебі, сыныбы, туған күні. «Туған күні» өрісінен кейін «бойы» өрісін енгіз. №5. «Кітапхана» ДҚ кестесінің құрылымын жаса.Мынадай өрістерден тұрады: инвентарлық нөмірі, авторы, кітаптің аты, баспахана аты, бет саны. «баспахана аты" өрісінен кейін «шығарған жылы» өрісін енгіз. №6. «Сабақ кестесі» ДҚ құр. Мынадай өрістерден тұрады: сабақтың реттік нөмірі, сабақтың басталу уақыты, сабақтың аяқталу уақыты, сабақтың аты, мұғалімнің аты-жөні. «Сабақтың аты» өрісінен кейін «кабинеттің нөмірі» өрісін енгіз.  2.Шығармашылық тапсырма: Құрған кестелеріне форма арқылы түрлі-түсті түстерге безендіреді, ерекшелейді. 3. Құрылған кестелерге сұраныс жасау. | Компьютер, Электронды оқулық Кеспе қағаздар Жұмыс дәптері Интерактивті тақта Мәліметтер қоры бағдарламасы |
Соңы 5 минут Талдау Жинақтау 3минут | «Глоссарий» бүгінгі сабақ бойынша: Оқушыларға тақырыпқа байланысты сөздер беріледі, сол сөздердің орысша және ағылшынша сөздерін тауып жазу керек.  Қазақша | Орысша | Ағылшынша | Деректер қоры | База данных | Database | Мәтіндік | Текстовый | text | Сұраныс | Запрос | inquiry | Сандық | Числовой | numerical | Рефлексия. Үйге: Қала бойынша жүретін автобустардың кестесін құрып келу. Мынадай өрістерден тұру керек. Автобус номері, жүретін уақыты, әр аялдамаға келіп тоқтайтын уақыты. | Кеспе қағаздар Стикер |