«Х.Шаяхметов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Өткізген: Каиргельдинова А.К.
2016- 2017 оқу жылы
Жұлдызды сәт (интеллектуалды ойыны)
Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің
жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге
жұмылдыру, Жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін,
дүниетанымын арттыру.
«Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.
Ал, қанекей, келіндер,
Бір-біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін. Ойынға қатысу үшін қойылған сұрақтарға жауап беру қажет. Ойынға 12 ойыншы қатысады.
«Табалдырық»
♦ Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қай жылы алды?
♦ Мемлекеттік рәміздерге биыл қанша жыл толды?
♦ Алтын адам қайдан табылды?
♦ Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата?
♦ Қазақстанның өзен көлдерін ата.
- Абай айтып кеткен 5дұшпан?
-Абайдың азаң шақырып қойған аты кім?
- Ыдысқа құймай суды қалай тасуға болады?/мұз/
- Аяғы жоқ, алыстан келеді, өзіңе сәлем береді. (хат)
-Тырна 1 аяғымен тұрғанда 3 кг, 2 аяғымен тұрғанда неше кг болады? (3 кг)
-Есік алдында мысық, ит, қаз жүр. Оларда барлығы неше аяқ пен құлақтары бар? (4 құлақ, 10 аяқ)
- Суда қандай тас болмайды? (құрғақ)
- Судан туады, судан өледі. (тұз)
• Жеребье тастау арқылы оқушылардың тұру ретін анықтау.
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- демекші, әділ қазыларды сайлап алайық.
___________________________
___________________________
Жүргізуші: Ойыншылар, сәт сапар!
Бөлімдер:
І. «Әудем жер»
ІІ. «Байқағыштық» бөлімі
ІІІ. «Жолайрық» бөлімі.
ІV. «Алтын көмбе» бөлімі.
V. «Ойшылдар» бөлімі
VІ. «Бәйге» бөлімі
• Сайыстың шарты:
1. Ойыншылар жауапты параққа жазу керек.
2. Әр тапсырманы дұрыс орындаған ойыншыға жұлдыз беріледі.
3. Әр бөлім соңында ойыншылар жұлдызы саналып, аз жұлдыз жинаған ойыншы шығарылып отырады.
4. Жеңімпаз жұлдыз анықталып, марапатталады.
І бөлім «Әудем жер»
Бұл бөлімде сайыскерлер қағазда жазылған мақалды оқып, оның жалғасын тауып айту керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1жұлдыз беріледі. Туған елдей ел болмас, ...... туған жердей жер болмас.
Ата көрген оқ жонар, ... ана көрген тон пішер.
Жаңбырменен жер көгереді, ... Батаменен ел көгереді.
Кітап білім бұлағы, .... білім өмір шырағы.
Ақыл азбайды.... білім тозбайды.
Оқу инемен құдық.... қазғандай.
Еңбек ширатады, ...өмір үйретеді.
Еңбек етсең ерінбей, ... тояды қарның тіленбей.
Отан оттан да .... ыстық.
Отан үшін отқа түс күймейсің, .... арың үшін алыссаң өлмейсің.
Туған жердің күні де ыстық, ... түні де ыстық.
Өнер ағып жатқан бұлақ, ... білім жанып жатқан шырақ.
Аз сөз алтын - көп сөз көмір.
Ас жүрген жер- береке.
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Күлме досыңа, келер басыңа.
Ауру қалса да, әдет қалмайды.
Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Отан отбасынан басталады.
Тәрбие басы – отбасы.
Ел болам десең, бесігіңді түзе.
Малы бардың жаны бар.
Ат- адамның қанаты.
ІІ. «Байқағыштық» бөлімі
Ойыншылардың тез және бірінші жауап беруі ескеріледі. Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншымен қоштасамыз.
1. Суретте неше үшбұрыш бар? (11)
2. Алғашқы сабақ: қазақ тілі, математика және ана тілі болды. Математика бірінші емес, ана тілі бірінші де, үшінші де емес. Қай пән нешінші болды?
ІІІ бөлім «Жолайрық»
Әрбір дұрыс жауап 1жұлдыз. Ойын нәтижесі бойынша аз ұпай жинаған 3ойыншымен қоштасамыз.
Шарты: оңнан да, солдан да оқысаң бірдей оқылатын сөздерді табу қажет. Жауаптары: қазақ, қалақ, кесек, надан, керек, қырық, қызық.
Қ..... қ, Қ..... қ, К..... к, Н..... н, К.... к, Қ.... қ, Қ.... қ
Кідіріс
Көрермендерге сұрақтан шашу шашайық.
Құрманғазы шәкірті кім?
Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады? /карта/
1 жұмыртқа 3 мин піссе, 5 жұмыртқа қанша уақытта піседі?
6 м бөренені 1 метрден неше жерден кесу керек? /5/
Бастауыштың қимылын білдіретін сөйлем мүшесі? /баяндауыш/
- Жазда 6 бала сырғанақ тепті. Олардың 4 - еуі қайтып кетті. Неше бала қалды? (жазда сырғанақ теппейді)
- Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, үш аяқты велосипед) дөңгелектерінің саны - 10 болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?
- Жиырма төрт батыр бірін - бірі жеп жатыр. (Дойбы)
Берілген мақалдардың баламасын тап
1.Түйе бойына сеніп,жылдан құр қалыпты .(сенгіштік)
2.Көрмес –түйені де көрмес (аңғармаушылық)
1.Әрі зат атауы,әрі қимыл атауы ,әрі сан атауы (жүз)
2.Етікші құралының бірімен аттас есімдік (біз)
3.Бір баланың туған күні төрт жылда бір-ақ рет тойланады .Ол қай айдың қай күні туылған? (29 ақпан)
ІV бөлім. «Алтын көмбе»
І- кезең. Сөзден бірнеше сөз шығару. Ойын нәтижесі бойынша аз ұпай жинаған 3 ойыншымен қоштасамыз. Әрбір дұрыс сөзге бір ұпай.
1. Қазақстан
2. Кемпірқосақ .
ІІ- Кезең. Берілген сөздерден басқа сөз құрастыру.
Дала-адал тақыр-артық
Мақал- арпа-
Марат- тақсыр-
Озық- қатар-
V. «Ойшылдар» бөлімі. 2 ойыншымен қоштасамыз.
1. Екі стаканға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкаға төңкердік. Қай ыдыста су көп? /бірдей /
2. 1, 2, 3 цифрларын пайдаланып, неше екі таңбалы сан жазуға болады? (9)
3. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
4. Егер 1 килограмм алманың бағасы 100 теңге болса, жарты килограмм алманың бағасы қанша болады? (50теңге)
VІ. «Бәйге» бөлімі. Қойылған 10 сұраққтың әр дұрыс жауабы 1жұлдыз.
1. Ең кіші екі таңбалы санды ата (11)
2. Балдан тәтті не? (бала)
3. Қыс пен көктемде неше ай бар? (6)
4. Әкеден балаға қалдырылатын не? (мұра)
5. Сенің жасың 8 - де, бауырың сенен 3 жас кіші. Бауырың нешеде? (5)
6. Үйдегі алтын адам кім? (ана)
7. Ағаштың басында 2 торғай отыр. Оған 2 ұшақ келіп қонды. Олар нешеу болды? (2)
8. Бес дұшпанды ата. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
9. 2 аптада неше тәулік бар?(14)
10. Қарындаш 20 теңге, дәптер 5 теңге қымбат. Дәптер неше теңге тұрады? (25)
1. Ең үлкен екі таңбалы санды ата (99)
2. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
3. Жаз бен күзде неше ай бар?(6)
4. Бес асылды ата. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
5. Сенің жасың 8 - де, ағаң 3 жас үлкен. Ағаң нешеде? (11)
6. Мемлекеттік рәміздерді ата. (елтаңба, ту, әнұран)
7. Ағашта 6 балық қонып отырды, оның 3 - еуі ұшып кетті. Ағашта неше балық қалды? (балық ағашта отырмайды)
8. Қара шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
9. 1 аптада неше тәулік бар? (7)
10. Дәптер 20 теңге, қарындаш 10 теңге арзан. Қарындаш неше теңге тұрады? (10)
Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Қорытынды:
-Бүгінгі «Жұлдызды сәт ойыны» сендерге ұнады ма? Осы Жұлдызды сәтте жұлдызы жанған оқушыға қошемет көрсетіп алғысымызды білдірейік.
Әр оқушы өз ойын ортаға салады.