СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: Біз не үйрендік?

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Біз не үйрендік?

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Біз не үйрендік?»

Ашық сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Біз не үйрендік?


Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне - өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық - гигиеналық талаптарын орындату.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Cабақтың әдісі: Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде өтеді, топтық жұмыс әдісі

Материалды-техникалық жабдық: презентация слайдтарын қолдану, компьютер, нұсқау парақтары, карточкалық тапсырмалар.

Пән аралық байланыс: информатика, физика.



САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру;

  2. Сабақтың өту барысын түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Сабақты қорытындылау.

  5. Бағалау


Ұйымдастыру;

1.Амандасу

2.Сабаққа дайындықтарын тексеру

3.Қауіпсіздік техникасын қайталау


Сабақтың өту барысын түсіндіру

1.Сабағымызды шаттық шеңберін құру арқылы бастаймыз. /Ортаға студенттермен бірге шаттық шеңберін құрып бір-бірімізге алғыс білдіреміз./

2.Студенттерді топқа бөлу. Топқа бөлу әдісі. /алма ағашынан қалаған алмаларын таңдау арқылы топқа бөлу /

Бүгінгі сабақты «Адам ойлану керек, ал компьютер жұмыс істеу керек» деген IBM компаниясының ұранынан бастағым келеді. Бүгінгі сабағымыз қайталау түрінде өтеді.

Бүгінгі сабақ сайыс түрінде өтеді.

Сайыс келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Сен білесіңбе?

  2. Адасқан әріптер

  3. Көрінбейтін сөздер

  4. Анаграмма

  5. Сәйкесін тап

  6. Ой толғаныс практикалық тапсырма


  1. Сен білесіңбе?

(Білім алушылардың топтасып жұмыс істеуі. Берілген тақырыпқа байланысты білгендерін жазып, плакат бетіне түсіреді, анықтама береді)

1-топ операциялық жүйенің нысандары

2-топ операциялық жүйенің жіктелуі

3-топ операциялық жүйенің түрлері


  1. Адасқан әріптер

Ойын технологиясының элементтері. Техникалық жаттығу ойыны

  1. ........... ақпараттарды өңдеуге арналған құрылғы. Ол жүйелік блокта орналасқан. Компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”.

  2. ............................. бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы

  3. ............................компьютердің мониторына келіп тұрған бейнесигналды үлкейтіп ақ экранға көрсетіп туратын құрылғы.

  4. ............................компьютерге ақпарат енгізу ж/е оның жұмысы басқару үшін пайдаланылады.

  5. ...................ақпаратты тұрақты есте сақтайтын құрылғы


1.Тұрақты есте сақтау құрылғысы 2.Компьютер 3.Бейнепроектор 4.Процессор 5.Пернетақта

Дұрыс жауаптары:

  1. Процессор

  2. Компьютер

  3. Бейнепроектор

  4. Пернетақта

  5. Тұрақты есте сақтау құрылғысы


  1. Көрінбейтін сөздер

(Үш топқа конверттер таратылады. Конверт ішіндегі сөздерді берілген тақырыпқа байланысты сәйкестерін тауып, жинау)

  1. 1-топ компьютер құрылғылары

  2. 2-топ амалдық жүйелердің даму тарихы

3-топ терезе элементтері

компьютер құрылғылары

амалдық жүйелердің даму тарихы

Терезе түрлері және элементтері

Аналық тақша

Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж.

Шекара

Процессор

50ж. ортасынан мониторлық жүйелер

Тақырып қатары

Тышқан

1965-1975ж. интегральным микросхемаларға

Есептер тақтасы

Пернетақта

60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісі

Жұмыс аумағы

Оперативті жады

70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер

Басқару қатары

Қатқыл диск

70-ж. ортасынан бастап UNIX 

Қапшық (папка) терезелері;

Салқындатқыш жүйе

80ж. басы дербес компьютерлер

Қолданбалар терезелері;

Принтер


диалог (сұхбат) терезелері;

Сканер


Анықтама терезелері.


  1. Анаграмма

Сұрақтар презентация арқылы (үш топқа кезекпен сұрақтар қойылады)

  1. Қай жылы IBM РС дербес компьютерлері мен MS-DOS операциялық жүйесі бір мезгілде пайда болды? 1981

  2. Microsoft фирмасының дисктік операциялық жүйесі? MS-DOS

  3. 1985ж. бірнеше амалдарды орындайтын Windows 1.0 графикалық ортасы пайда болды.

  4. Қай жылы Intel фирмасының 80386 сериялы микропроцессорларының шығуына байланысты графиктік мүмкіндігі мол Windows 3.1 ортасы пайда болып, олар MS-DOS-пен бірге ДК-ге орнатыла бастады? 1985

  5. Windows-тың тарихы  қалай басталды?1985 жылы оның алғашқы версиясы Windows 1.0  шыққаннан басталады.

  6. Терезе дегеніміз не? Windows жүйесiндегi ең негiзгi ұғым болып саналады, Windows сөзiнiң нақты аудармасы терезең екенi осыны бiлдiредi.

  7. Жарлық (shortcut) дегеніміз не? бұл белгiлi бiр объектiмен тiкелей қатынас жасауды iске асыратын командалық файл.

  8. Файлдық менеджерлер (файлдар диспечері) ге анықтама? - дискідегі файлдар мен каталогтарды (бумаларды) басқаруға арналған программалық жасақтама.

  9. Total Commander  қай жылы Windows Commander деген атпен жарыққа шықты? 1993 жылы

  10. Бума құру жолдары? Терезеде жаңа бума құру:
    Буманы Файл - Создать - Папка командасын құрады. Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу - контексті меню пайда болады.
    Создать - Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады.

  11. Файлды сақтаудың тәсілдері? Сохранить және сохранит как командаларын орындау арқылы

  12. Жұмыс үстелі дегеніміз не? құжаттарды және олармен жұмыс істеуге арналған негізгі құралдарды қамтитын Windows-тың негізгі элементі.

  13. Windows жүйесінде жұмысты аяқтау? Ал Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді орындау қажет.жұмыс істеп тұрған программаларды жабу (аяқтау);Windows шығып жұмысты аяқтау ісін орындау..


  1. Сәйкесін тап

Интерактивті тақтада пернетақта қызметтерін сәйкестендіру


Орындалатын іс әрекет

Пернелер

Құжатты түгелдей ерекшелеу

CTRL+ A

Бір қатар төмен

Shift + 

Бір қатар жоғары

Shift + 

Келесі сөзді өшіру

Ctrl+Delete

үлкен әріптер енгізіледі

Сарs Lоск

меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

Dеlеtе

енгізу пернесі

Еntег

символдарды бір - бірінен ажыратады

Бос орын

алдыңғы символды өшіреді

ВаскSрасе

Бағдарламаны аяқтау пернесі, операцияны болдырмау

Esc

меңзерді жол басына жылжытады

Home

меңзерді жол соңына жылжытады

End


  1. Ой толғаныс

Практикалық тапсырма

Тапсырма №1

  1. Жұмыс үстелінде бума құр.

  2. Атын өз атыңмен өзгерт.

  3. Өз атыңмен құрылған буманың ішіне мәтіндік файл құр.

  4. Оны өз фамилмяңмен өзгерт

  5. Құрған мәтіндік файлдың ішіне мына үлгіге сәйкес жұмысты орында

  6. Ол үшін экранда құжатты беттік режимге келтіріңіз (Вид-Разметка страницы). Осы жерден құжатты қоршауға алыңыз

  7. Разметка страницы бөлімінен құжаттың түсін өзгертіңіз

  8. Берілген мәтінді теріп, туралаңыз және шрифттің түрін, өлшемін орнатыңыз.


УВАЖАЕМЫЕ ГОСПАДА!

Приглашаем вас на юбилейную презентацию

компьютерной фирмы «МАКУЛШИРС».

Мы работаем на российском рынке много лет. Информационные продукты нашей фирмы знают и любят многие пользователи страны.

Наши компьютеры работают без рекламаций!

Б у д е м р а д ы в и д е т ь в а с.

Запомните адрес и время нашей презентации –

Компьютерная улица, д. 5, 18-00.

Справки по телефону 123-45-67




























Сергіту сәті

Тапсырма №2

Жұмыс столын безендіру:

А) фонын өзгертіңдер; ә) заставка қойыңдар

б)безендіріңдер (оформление) 1) дайын формаларды пайдаланып, 2) жекелеген эленттердің түсін өзгерту арқылы

в) Темы рабочего стола терезесін пайдаланып әртүрлі тақырыптағы суреттерді қойыңдар.

г) Эффекты, Параметры командаларымен жұмыс істеп көріңдер.

2. Жұмыс столының түрін қайтадан бұрынғы қалпына келтіріңдер.


Тапсырма№ 3

1.«Менің компьютерім» терезесінің биіктігін, енін өзгертіңдер, экран бойымен
жылжытыңдар.
2. Экранда бірнеше терезе ашыңдар, оларды қатар орналастырыңдар, жималаңдар
3. Жұмыс үстелінің суретін және уақытты өзгертіңдер



  1. Сабақты бекіту

(Тест тапсырмалары)

1 – нұсқа

1 Word-та барлық құжаттар автоматты түрде келесі кеңейтуді алады:

A) .doc;

B) .txt;

C) .html;

D) .rtf;

E) .jpg.

2 Ақпарат тасығыш деп нені түсінеміз?

А) байланыс сымдары;

В) ақпараттық процестің параметрлері;

С) ДК мәліметтерді сақтау құрылғысы;

D) компьютер;

Е) ақпаратты жазу, сақтау және тасымалдау үшін қолдануға болатын материалдық субстанция.

3 1 байтты неше бит құрайды?

A) 2

B) 4

C) 8

D) 16

E) 32

4 Курсордың оң жағында тұрған символдарды өшіру үшін қандай батырманы(ларды) басу керек:

A) Insert;

B) Delete (Del);

C)  (стрелка оң жаққа);

D) Shift+Back Space;

E) Back Space.

5 Insert клавишаның қызметi төмендегiдей:

A) бас әрiптер мен арнайы символдарды енгiзу;

B) бас әрiптер режимiне көшу;

C) ауыстыра енгізу режимінен кірістіру режиміне көшу;

D) соңғы әрекеттi өзгерту (отмена);

E) орыс алфавитiнен латын алфавитiне көшу.

6 Бума дегеніміз -

A) басқа файлдар мен бумалар тіркелген арнайы бағдарлама;

B) бумалар тіркелген арнайы утилиттер;

C) басқа файлдар мен бумалар тіркелген арнайы файл;

D) басқа файлдар мен бумалар тіркелген арнайы операциялық жүйе;

E) басқа файлдар мен бумалар тіркелген арнайы қосымша.

7 Файлдың негізгі параметрлерін көрсетіңіз:

A) файлдың толық аты, құрылу мерзімі, уақыты, файлға ену дәрежесін анықтайтын атрибуттары;

B) файлдың құрылу мерзімі, уақыты, файлға ену дәрежесін анықтайтын атрибуттары ;

C) файлдың толық аты, құрылу мерзімі, уақыты;

D) файлға ену дәрежесін анықтайтын атрибуттары;

E) файлдың құрылу мерзімі, уақыты, файлдың аты.

8 Жүйелік блок құрамына қандай құрылғылар кіреді?

A) процессор, оперативті жад, қатқыл диск;

B) процессор, монитор, пернетақта;

C) процессор, оперативті жад, иілгіш диск;

D) процессор, оперативті жад, дискжетек, принтер;

E) модем, процессор, оперативті жад, дискжетек, принтер.

9 Қандай құрылғы дербес компьютердiң қосымша құрылғыларына жатады?

A) сканер;

B) қоректендiру блогы;

C) жүйелiк тақша;

D) бейнетақша;

E) электрондық схемалар.

10 батырма орындайтын әрекетi қандай?

A) терезенi есеп панелiне ықшамдау (свернуть);

B) терезенi экран бойынша кеңейту (развернуть);

C) терезенi жабу;

D) терезе өлшемiн қалпына келтiру (восстановить):

E) терезенi жылжыту.

11 батырма орындайтын әрекетi қандай?

A) терезенi есеп панелiне ықшамдау (свернуть);

B) терезенi экран бойынша кеңейту (развернуть);

C) терезенi жабу;

D) терезе өлшемiн қалпына келтiру (восстановить):

E) терезенi жылжыту.

12 батырма орындайтын әрекетi қандай ?

A) терезенi есеп панелiне ықшамдау (свернуть);

B) терезенi экран бойынша кеңейту (развернуть);

C) терезенi жабу;

D) терезе өлшемiн қалпына келтiру (восстановить):

E) терезенi жылжыту.

13 Дербес компьютердiң жүйелiк блогында қандай құрылғы орналасқан?

A) плоттер;

B) монитор;

C) стриммер;

D) сканер;

E) жүйелiк тақша.

14 Процессор дегеніміз не?

A) компьютердің ең басты микросхемасы, бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды;

B) ондық сандармен есептеулерді орындауға арналған құрылғы;

C) аналық тақша мен оперативті жад арасындағы байланысты ұйымдастыратын микросхема;

D) чипсет пен тұрақты есте сақтау құрылғысы арасындағы байланысты ұйымдастыратын микросхема;

E) пайдаланушы интерфейсті қамтамасыз ететін құрылғы.

15 Енгізу құрылғысы не үшін арналған?

A) адамнан машинаға ақпаратты беру үшін;

B) енгізілген мәліметтерді өңдеу үшін;

C) ақпаратты өңдеу, жинақтау және тасымалдау алгоритмдерін жүзеге асыру үшін;

D) машинадан адамға ақпаратты тасымалдау үшін;

E) ақпарат алмасу үшін.


2- НҰСҚА


1 Дискжетек — дегеніміз бұл:

А) орындалатын бағдарламаның командаларын өңдеу;

В) сыртқы тасуыштардан деректерді оқу/жазу;

С) орындалатын бағдарламаның командаларын сақтау;

D) ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау;

E) ақпаратты қағаз бетіне шығару.

2 Дербес компьютердің негізгі құрылғыларын көрсетіңіз:

А) микропроцессор, сопроцессор, монитор;

В) орталық процессор, оперативті жад, енгізу-шығару құрылғысы;

С) монитор, винчестер, принтер;

D) АЛҚ, БҚ, сопроцессор;

E) сканер, тышқан монитор, принтер.

3 Компьютердің негізгі тақшасы қалай аталады?

A) микропроцессор;

B) аналық тақша;

C) желілік тақша;

D) басқарушы тақша;

E) арифметикалы-логикалық құрылғы.

4 Windows NT – бұл

A) желілік операциялық жүйе;

B) операциялық қабықша;

C) сервистік бағдарлама;

D) электронды кесте;

E) бағдарламалау тілі.

5 Norton Commander дегеніміз не?

A) операциялық қабықша;

B) операциялық жүйе;

C) операциялық бағдарлама;

D) компьютер қосылғаннан кейін жүктелетін бағдарлама;

E) операциялық файл.


6 Norton Commander нені білдіреді:

А) операциялық жүйені;

В) MS DOS бағдарламалық қабықшасын;

С) Windows баңдарламалық қабықшасын;

D) спрайт редакторы;

E) бағдарламалау тілінің интерпретаторы.


7 Файл дегеніміз -

A) белгілі бір атпен дискіге жазылып сақталынып қойылған бағдарлама немесе құжат;

B) дискіге жазылып сақталынатын біртектес мәліметтер жиыны;

C) белгілі бір атау беріліп, мәліметтер жазылатын диск бетіндегі орын;

D) магниттік мәлімет жинақтауышқа жазылған өзіндік айрықша аты бар ақпарат бөлігі;

E) компьютер жедел жадында тізбектеле қатар орналасқан ұяшықтар тобы.

8 Терезе дегеніміз -

A) экран аумағындағы кез келген жиектелген тіктөртбұрышты аймақ;

B) экран аумағындағы қосымша, құжат, хабарлама бейнеленген жиектелген тіктөртбұрышты аймақ;

C) экран аумағындағы қосымша жиектелген тіктөртбұрышты аймақ;

D) хабарлама бейнеленген жиектелген тіктөртбұрышты аймақ;

E) жиектелген тіктөртбұрышты аймақ.

9 Курсор алдындағы символды өшіру үшін қандай пернені басамыз?

A) Scroll Lock;

B) Back Space;

C) Num Lock;

D) Caps Lock;

E) Shift.

10 Windows ОЖ-нде қатар орналаспаған бірнеше файлдарды белгілеу үшін қандай перне қолданылады?

A) Ctrl;

B) Alt;

C) Caps Lock;

D) Num Lock;

E) Shift.

11 Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі неге тең?

A) Гбайт;

B) байт;

C) Мбайт;

D) кбайт;

E) бит.

12 Home пернесінің тағайындалуы:

A) курсорды жолдың соңына орнату;

B) курсорды жолдың басына орнату;

C) курсорды файлдың басына орнату;

D) курсорды файлдың соңына орнату;

E) курсорды келесі беттің басына орнату.

13 Windows операциялық жүйеде элементтi қоржынға апармай-ақ жою:

A) Alt +Tab;

B) Shift +Tab;

C) Alt + PgUp;

D) Delete;

E) Shift +Delete.

14 Операциялық жүйе дегеніміз не?

А) компьютердің анықталған бөлік жиыны;

В) мәліметтер қорын өңдеу бағдарламалары;

С) компьютер жұмысын басқаратын бағдараламалар жиыны;

D) кестелік процессорлар жиыны;

Е) мәтін өңдеу, жинақтау құрылғыларының бағдарламалары;

15 батырма орындайтын әрекетi қандай ?

A) терезенi есеп панелiне ықшамдау (свернуть);

B) терезенi экран бойынша кеңейту (развернуть);

C) терезенi жабу;

D) терезе өлшемiн қалпына келтiру (восстановить):

E) терезенi жылжыту.



  1. Қорытынды

Рефлексия-кері байланыс (сабақтың басында алған алма қағаздарын толтыру).

  • Сабақ ұнады ма?

  • Топтасқан жақсыма немесе жұптасқан жақсыма?

  • Болашақта тағы не үйренгілеріңіз келеді?

  1. Бағалау

Әділ қазы алқаларының қорытынды бағасы

  1. Студенттердің оқу орындарын жинауы.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Ермеков «Ақпараттық технология»,

2. Е.Балапанов, Б.Бөрібаев, Г.Мальдиярова, М.Балабекова «Windows операциялық жүйесі»,

3. Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева «Информатика 8 сынып».

4. Н.Т.Ермеков «Информатика элементтері»,

5. Асаев Б.И. «Ашық сабақ және сабақтан тыс жұмыстар жинағы»



Тест жауаптары:

1-НҰСҚА

  1. А

  2. Е

  3. С

  4. В

  5. С

  6. С

  7. А

  8. А

  9. А

  10. А

  11. Д

  12. С

  13. Е

  14. А

  15. А


2-НҰСҚА

  1. В

  2. В

  3. В

  4. А

  5. А

  6. В

  7. Д

  8. А

  9. В

  10. А

  11. Е

  12. В

  13. Е

  14. С

  15. В


Оқытушы: Орғара Т.М



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!