Сабақтың тақырыбы: Ғарыш
Мектеп:М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы
Күні: 15/02/17
Мұғалімнің аты-жөні: Назарова Ляззат
Сынып: 1в
Қатысқандар саны:20
Қатыспағандар саны: 0
Сабақтың тақырыбы
3A бөлім: Ғарыш Жер атмосферасы Бүгінгі ауа райы қандай?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.6.1.3 Жердің атмосфера қабаты бар екендігін білу.
1.1.1.2.Бейне клиптер мен Жердің ғарыштан түсірілген көріністері мен кітаптар негізінде Жер туралы сұрақтарға жауап табу.
Сабақтың мақсаттары
Табиғи құбылыстар атмосфера қабатында қалыптасатынын түсіну
ауа райын өлшеуді түсіну
Жетістік критерийлері
Ауа-райының температурасын анықтайтын құралдармен танысады.
Оқушылар ауа-райын анықтап үйренеді.
Оқушылар ауа райына әр түрлі сипаттама беріп үйренеді
Сөздік қор
ауа райы табиғат құбылыстары, ауа райының болжамы
Құндылықтарды дарыту
Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану ауа райның құбылыстары
АКТ ауа райын қалай анықтауға болады?
Математика температураны өлшеу
Өнер Бақылау жұмысын суреттеу
Алдыңғы меңгерілген білім
Ауа райы қандай болады?
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
3минут
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған жер Ана
Сәлем саған нұрлы күн!
ОМ анықтап алу
Бүгін ауа температурасын қалай өлшеуге болатынын ,ауа райын қандай құралмен өлшейтінін білетін боласың.
термометр
барометр
флюгер
сурет салатын құрал жабдық
бақылау жұмысы дәптері
30 минут
(Ұ.Т.МК)
Адамдар далаға шығар кезінде неліктен терезеге қарайды?
Адамдар ауа райы суық, жылы немесе ыстық деп нені айтқысы келеді?
Ауа райының болжамы дегеніміз не?
Ауа райын өлшеу үшін қандай құралдар керек?
Ауа райы температурасын термометр, барометр және флюгермен өлшеуге болады.
Табиғи құбылыстар қандай шартты белгілермен белгіленеді?
Температура
12 С
Жел
Бұлттылық
Жауын-шашын
Зерттейік!
Бүгінгі ауа райы қандай?
Ауа райын өлшеу жұмыстарын жүргізу.
Термометр арқылы ауа температурасын анықта.
Күні бойы ауа райының өзгеруіне не себеп болды?
Бүгін жел бар ма?
Оны қалай анықтадыңдар?
Флюгер арқылы желді анықтау
Желдің бағытын қалай анықтауға болады?
Барометрдің көмегімен күннің бұлттылығын (жауын-шашынды) анықтайды
Компастың көмегімен желдің бағытын анықтау.
Анықтау нәтижелерін бақылау жұмысы дәптеріне белгілеу.
Мультфильм Ауа райы.
Ойлан!
Қосымша тапсырма
Ауа райы әрқашан қалыпты бола ма?
Ол неге өзгереді?
Ауа райына байланысты қандай ырым-тыйымдарды білесіңдер?
Сен білесің бе?
Ырымдар мен тыйымдар
Мысық пешке тығылса,аяз болады.
Қой тісін қайрасы, боран не дауыл болады.
Көктемде күн көп күркіресе,егін, шөп мол болып шығады.
Ит аунаса, жаңбыр жақын деген сөз.
Диалог құрастыру.
Бүгінгі ауа райы қандай?
Ауа температурасы қандай?
http://imektep.kz/tabigat
Сабақтың соңы
5 минут
Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер?
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Ауа райын анықтауда қиналған оқушыларға жеке көмек көрсету
Бақылау жұмысын жүргізіп үйренеді
Сергіту сәті