Ақтөбе қаласы К.Нокин ауылы
Благодар орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Сейтенова Майра Сапарқызы
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы:
Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік:
Жануарлар тіршілігі туралы түсінік беру. Жануарлар туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, меңгерту.
Ә) Дамытушылық:
Сабақта ойын арқылы оқушының тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Б) Тәрбиелілік:
Мейірімді болуға, қоршаған орта мен табиғатты қорғай білуге, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, бүктемелер, тірек – сызбалар, ойындаСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Амансыз ба, алтын күн!
Амансыз ба, көк аспан!
Амансыз ба, ұстаздарым!
Амансыз ба достарым!
ІІ. Үй тапсырмасы сұрақ – жауап арқылы пысықталады.
Карточкамен жұмыс. – Балалар, біздер «Өсімдік тіршілігі» атты тарауды аяқтадық. Әр топқа ат қойылады:
1 – топ. Дақылдар. 2 – топ. Жемістер. 3 – топ. Гүлдер.
Осы жануарлардың суреттерінің артында сұрақтар жазылған, оқушылар сұрақты оқып жауап береді. Сұрақтар: Өсімдіктің суреті:
-Өсімдікке жапырақ не үшін қажет топтарын ата?
-Өсімдік мүшелерін ата және оның пайдасы?
-Сабақтың қызметі қандай?
-Тамырдың маңызы қандай?
-Жеміс деген не?
-Құрғақ жемістерді ата?
-Шырынды жемістерді ата?
-Бұталарды ата?
-Шөптекті өсімдіктерді ата?
-Өсімдік өсуіне қажетті жағдайларды ата?
-Өсімдіктер қалай көбейеді?
-Өсімдіктің жапырағы неге жасыл?
-Күзде неге жапырақ сарғаяды?
-Өсімдіктің бізге қандай пайдасы бар?
-Құстардың өсімдікке пайдасы?
-Жануарлардың өсімдікке тигізер әсері?
-Өсімдіктің жер беті мүшелері арқылы көбеюі?
-Өсімдік жапырағы неге аспазшы?
Сергіту сәті: «Сұр қоян».
ІІІ. Негізгі бөлім Жаңа сабақ.
Ой ашар: Сөзжұмбақ шешу.
| м | е | к | т | е | п |
а | н | а | |
қ | о | р | қ | а | қ | |
| а | т | а |
| а | с |
Алтын ұя - ........ 4. Әкемнің әкесі .........
Ең жақын кім адамға? 5. ...... адамның арқауы.
Батыр сөзіне қарама – қарсы мағыналы сөзді тап.
Мұғалім түсініктемесі:
Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарындағы далалардың топырағы ылғалды әрі құнарлы келеді. Сондықтан арнайы суармай-ақ ондай жерлерден бидай, сұлы, арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады. Әрине, мүмкіндігінше, жауын-шашын аз жылдарда суаратын арнайы қондырғылар да қойылады. Арамшөбі тазартылып, белгілі деңгейде егістік күтіледі.
Қуаң далалар мен шөлдердің арнайы қазылған арық-тоғандар арқылы суландырылатын алқаптар кезігеді. Оларда әр түрлі дақылдар, бау-бақшалар егіледі.
Суармалы жерлерде күріш, мақта, жүгері, жүзім, қауын, қарбыз өсіріледі. Бұлар – күннің көзін және суды көп керек ететін өсімдіктер.
Күріш Қызылорда облысында, Талдықорған өңірінде өсіріледі. Кейінірек Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Іле атырабында суармалы жерде күріш шаруашылықтары ұйымдастырылды.
Күріш арнайы жасалған атыздардағы көлдетілген суда жаз бойы тұрып өседі. Атыздағы суды ауыстырып отырады. Егін пісуге таянғанда суды ағызып жібереді. Күріштің пісіп-жетілуі құрғақта аяқталады.
Мақта Оңтүстік Қазақстанда егіледі. Онда мақта өсіретін шаруашылықтар бар. Мақтаға да ұзақ жаз, ыссы күн мол су керек.
Жүгері Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлерде көп өсіріледі. Бұл – бағалы дақыл. Жүгері майының шипалық қасиеті бар. Жүгерінің көк балауса сабақтарын машинамен жинап, сүрлем жасайды. Оны мал сүйсініп жейді. Сүрлем жеген сиырдың сүті молаяды.
Жүгерінің шыққан жері – Оңтүстік, Орталық Америка. Жүгері өсірумен үндістер өте ерте заманнан бастап айналысқан.
Жүзім – көпжылдық бұта.
Еділбай қойы – қазақтың құйрықты қойларының етті, етті-жүнді өсімтал тұқымының бірі. Ауа райы құрғақ және шөлейт жерге өсіруге бейім, көнбіс келеді.
Түсі көбіне қара болады: бозғылт, қызыл қоңыр түстілері де кездеседі. Дене тұрқы ұзын, кеудесі кең, құйрықты. Сойыс салмағы шамамен 40-50 кг, жылына екі рет қырқылады, 3-5 кг-дай жүн алынады.
Еділбай қойы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарына тараған.
Қазақтың арқар-мериносы – етті-жүнді қой тұқымы. Дене тұрқы орташа, бітімі шымыр. Жүні ақ, сарғыш, салалы ұзын.
Мериностан шамамен 3-тен 9 кг-ға дейін жүн қырқылады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Қазақтың ақбас сиыры – етті тұқым. Денелі, шоқтығы жалпақ, кеуделі, түсі қызыл, басы, бауыры, сирағы және құйрығының ұшы ақ болады. Орташа 400-500 кг таза ет береді. Сиырдың бұл тұқымын Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облыстарында өсіретін арнайы шаруашылықтар бар.Ал ол жеке шаруашылықтардың
көпшілігінде таралған.
Жылқы өсіру – Қазақстан мал шаруашылығының маңызды саласының бірі. Жылқы етінің сапасы сиыр етінен кем емес. Біздің халық жылқы етінің сіңімділігіне байланысты, оны жоғары бағалайды. Жылқы сүтінен қоректік қуаты күшті және емдік қасиеті бар қымыз дайындалады.
Түйе өсіру – мал шаруашылығының табиғаты қатаң, шөлейт және шөл аймақтарында дамыған бір саласы. Түйені ертеректе көлік ретінде пайдалану үшін өсіретін. Әрине, сонымен қатар оның еті, жүні, сүті де пайдаланылады. Соңғы жылдары көліктен гөрі түйені еті, сүті, жүні үшін өсіреді.
Еліміздің оңтүстігі мен батыс аймақтарында қазақы түйе тұқымын өсіретін шаруашылықтар бар.
Түйе – жайылым малы. Қолайсыз жыл мезгілдерінде оған пішен береді. Қыста түйені қорада ұстайды. Қора таза болуы және төсеніші алмастырылып отыруы керек. Түйе – шөлге өте төзімді жануар, әрине , оны да мезгілімен суарып отырады.
«Зымыран» ойыны арқылы жұмбақ есептер шешу.
1 – топ. Дақылдар.
Қандай жануар түрегеп ұйықтайды? (керік, жираф)
Сауыттан мықты шапаны, құм ішінде жатады? (тасбақа)
Адамға серік, күзетке берік. (ит)
2 – топ. Жемістер.
Қандай құс түнде ұйықтамайды? (үкі)
Қыс бойы ұйқыдан тұрмайды, жазда ән сап шулайды. (шыбын)
Үстінде екі тауы бар, қызық бір жануар? (түйе)
3 – топ. Гүлдер.
Жыланның уы қай жерінде? (тісінде)
Жылан да емес, балық та емес, бұл қай жануар? (ұлу)
Екі айнасы бар, екі найзасы бар. (сиыр)
Логикалық есептер.
1 – топ.
Аулада 6 үйрек, қорада 3 үйрек.
1-еуі тығылды.
1-еуі жығылды.
Қалғаны қанша үйрек? (6+3)-2=7.
2 – топ.
Ағаштың ұшында,
Отыр еді 5 балық,
Ұшып келді тағы да,
Ағайынды төрт балық,
Барлық балық санын,
Ойланайық, табайық? (балық ұшпайды)
3 – топ.
Аулаға кеп күн ара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін 9 туысын,
Ертіп келді бұл ара.
Сонда бүгін гүлге,
Келіп қонды қанша ара? (10 ара)
ІҮ.Сабақты қорытындылау:
Ү. Оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге: Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы.
Әдебиеттік оқу
Сабақтын тақырыбы: Ш. Мұртаза «Бала Тұрар»
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың Тұрар Рысқұлов туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.Автор туралы мәлімет беру.Сөздік қорларын жана сөздермен байыту,шығармашылық қабылетін дамыту.
Оқушыларды өз халқына ,ұлтына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түрі: Жана сабақ
Әдісі: түсіндіру,әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтастыру, Венн диаграммасы
Көрнекілігі: автор суреті, шығармалар көрмесі, Т.Рысқұловтың суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып,зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық даярлық. «Шаттық шеңбері».
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
Бәлел Тұрсынбаев «Алғашқы көмек»
Оқушылардың түсінгендерін сұрау, бағалау
Өткен сабақты пысықтау.
- Жазушы қай кезді еске алады?
- Әңгімеде ел басынан өткен қандай кезең суреттеледі?
- Аштық жылдары туралы өзің тағы не білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ
1 Автор туралы қысқаша мәлімет.
Ш. Мұртаза Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Талапты ауылында туған. Әкесі Мұртаза 1937 жылы «халық жауы» болап ұсталып кеткендіктерден жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татып өскен. Ауылда мектептен соң Жамбылдағы интернатта оқыған. Ш. Мұртаза – Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қоғам қайраткері.
Топтастыру.

1932 жылы Шығармалары
Жамбыл облысы «Қызыл жебе»
Жуалы ауданы «Қара маржан»
Қазақтың белгілі жазушысы
2.Кіріспе әңгіме.
Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылады. Он жасар Тұрар да Верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болады.Жастайынан Тұрар жалшылықта жүріп,байлардың малын бақты. 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауылшаруашылық мектебінде оқиды.
1916 жылы Ташкенттегі мұғалімдер иниститутына қабылданады. Бірақ оны аяқтай алмайды. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете қалып,Т.Рысқұлов соған белсене атқалысады.
Топтастыру.
1894 жылы «Еңбекші қазақ»
Талғар облысы газетінің редакторы
Қоғам қайраткері
3.Мәтінмен жұмыс
А)мұғалімнің оқуы
Ә)оқушының тізбектеп оқуы
В)тұтастай оқыту
Г)сұрақтармен жұмыс.
1 Шығармада Тұрар қай қырынан танылған?
2.Тұрар не туралы ойлап отыр екен.?
3.Тергеушінің Тұрар оқитын сыныпқа келуі не себепті?
4.Ол неліктен Атамырзаны емес ,Тұрарды таңдап алды?
4.Сөздік жұмыс
Саусақпен санарлық- өте аз.
Қылкөпір-ақыр заман,қиямет-қайым.
Тұяқ серіппеді - қыбыр етуге шамасы келмеді.
5. Топпен жұмыс.
1-топ.Мәтінді бөліктерге бөліп оқу.
2-топ. Осы мәтінге қысқаша түсінік беру.
3-топ.Мәтіндегі түсініксіз сөздерге сөйлем құрап айту.
IV.Сабақты бекіту.
1.Венн диаграммасы
Тұрар Атамырза
Еріншек
Сауатсыз
Тәртіпсіз
Білімді
Ақылды
Сабырлы
2.
Не білгіміз келеді? | Не білдік? | Нені үйрендік? |
Шерхан Мұртаза кім? Тұрар Рысқұлов кім,қандай адам? | жазушы сабырлы ақылды білімді | Жазушылардың шығармасын өз бетімізбен оқуды үйрендік |
V Білімді тиянақтау
VI. Үй тапсырмасы «Бала Тұрар» әңгімесінің мазмұнын айту.
1-топ.Шерхан Мұртаза
2- топ. Тұрар Рысқұлов туралы қосымша мәліметтер іздеп, мәнжазба жазу.
3-топ. Сөздіктегі жана сөздерді қатыстырып, қысқа әңгіме жазып келу.