СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы "Қазақтың салт-дәстүрлері .Қыз ұзату"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

конспект урока по казахской литературе в 10 классе

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы "Қазақтың салт-дәстүрлері .Қыз ұзату"»

Қысқа мерзімді жоспар.

Сабақ тақырыбы:

Қазақтың салт дәстүрлері. Қыз ұзату


Күні

Мұғалімнің аты-жөні Каиспаева К.К.


Сынып 10

Қатысып отырғандары



Келмегендер саны


Осы сабақта қол жеткізілуге тиіс мақсаттар

10. 1.2.1 Сөздер мен терминдердің мағынасын түсіну

10. 2.4.1 Сенімді және еркін жауап беру/ сөйлеу

10. 4.3.1 Аудиовизуалды материалдар бойынша сеніммен жауап беру және қысқаша мазмұндау


Сабақтың мақсаттары



Т2

Мәтіндерден (мақала, сұхбат, аудиовизуалды материал) үзінді тыңдайды, сөз тіркестері мен терминдердің мағынасын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды

А4

Кез келген тақырыпқа сөйлеседі және өз ойын жеткізеді

Ж3 Медиақұралдарындағы оқиға мазмұнын қазіргі өмірмен байланыстырып, әңгіме, мәтін, мақала, эссе жазады

Барлық оқушылар көрсетілген видеороликтердегі сөйлемдерді түсінеді, сол мәліметтер бойынша өз ойларын ортаға сала алады,өз ойларын жаза алады


Оқушылардың көпшілігі өз ойларымен бөлісе алады, тақырып бойынша жазба жұмыстарын жаза алады




Кейбір оқушылар көрсетілген видеороликтерден негізгі ақпаратты анықтап, өз ойын еркін, сауатты жеткізе алады.Қазіргі өмірмен байланыстыра отырып өз ойларын ортаға салып, мақала жаза алады













Тілдік мақсат

Оқушылар сөз тіркестері мен сөйлемнің мағыналарын түсінеді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қыз ұзатуға байланысты әндердің атаулары, киім ,бұйым атаулары

Диалог құруға шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Сыңсу айту,оң жақ босағасы ,қызды үкілеу ,қыздың қалыңмалы

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Қызды өрісім » дегенді қалай түсінесің?

«Қыздың жолы жіңішке » деген ұғымды қалай түсінеміз?

Қыз ұзату.Бүгіні мен ертеңі

Ишара мақұлдау, келісу, құптап отыру





Осының алдындағы оқу


1.Байырғы салт дәстүрлер жайында білді

2.Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін түсінді

3.Заманның өзгеруі салт-дәстүрге тигізген ықпалы жайында білді


Күтілетін нәтиже

1.Қыз ұзату салты ұғымымен танысады;

2.Қазақ халқы үшін қыз баланың отбасындағы орны жайында түсінеді;

3.Қыз ұзату салтының ерекшеліктеріне көз жеткізеді;

4.Қыз ұзатудың кешегісі мен бүгінгісін салыстыра отырып ,өздеріне ой түйіндейді;

5.Қазіргі кездегі Қыз ұзатудың өзгеріске ұшырағандығын талдап,өз ойларын жазбаша білдіре алады


Жоспар


Жоспарлана

тын уақыт

Жоспарланатын жұмыс

(өз тапсырмаларыңызды жазыңыз)

Ресурстар


Басы

( 5-7 минут )

1.Үй тапсырмасын сұраймын.

Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызамын, қолымдағы таяқшаларға оқушылардың атын жазып қоямын, сол таяқшадан кімнің есімі шықса сол оқушы қазақтың салт -дәстүрлері жайында берілген мәтін бойынша өз есінде қалғанын әңгімелейді

1. Топқа бөлу.

Оқушыларды сол шеңберде тұрған жерінде гүлдердің аттарын құлақтарына сыбырлау арқылы топқа бөлем."Қызғалдақ", "Раушан" ,"Лала " гүлдер деп үш топқа бөлінеді.

Сосын слайдтан "Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі" деген мақалды ортаңғы топқа беріп мағынасын түсіндіруді сұраймын. Қыз бен гүлдің байланысын сұраймын.Қалған екі топқа гүлдің суретін салғызамын да ,кімге сыйлайтындарын бақылаймын.

"Кофе таяқшалары" стратегиясы










"Гүлдер " стратегиясы




Ортасы

( 25минут )



































Cоңы

( 8 минут )






Оқушыларға видеоролик көрсетемін.





Әр топ көрген ролик бойынша бір-біріне 3 түрлі сұрақ қояды, пікір айтып талқылайды.

Негізгі ақпаратты анықтайды.



Әр топқа "Сыңсу" "Сәукеле", "Қыз жабдығы " , "Қалыңмал" , "Отқа май құю"жайында ақпаратты алдарына беремін.

















Осы тақырыпты өздері толық меңгеріп, келесі топқа түсіндіреді.Осылайша Қыз ұзату салтының терминдерін жан-жақты түсініп қалады.






Видеороликтен қазіргі кездегі

Қыз ұзатудың көрінісі жайында ой қозғау


Пайдалану мақсаты :

Осы әдіс арқылы оқушылар көрген видеороликте көтерілген мәселені, себеп-салдарын, шешімін айтып ,ортаға салып,өз ойларымен бөліседі.




Оқушылар бұл стратегия арқылы

ата-анаға, жастарға,салт-дәстүрдің жақсы жақтарының қорғалуы керектігіне хат жазады.





Видеоролик

http://www.bilimland.kz/index.php/kz/



"Үш қадамды сұхбат" стратегиясы

Шапалақ арқылы бағалау






"Джигсо" әдісі

Қолдау арқылы бағалау





Видеоролик

www.youtube.kz



« Фишбоун» стратегиясы








"Ашық хат" стратегиясы

Постермен жұмыс



Сабақты қорыту

(5 минут )


Рефлексия.

Оқушылар тақырыпты 80%-100% аралығында түсінсе, қызыл жолақтың бойына; 60%-70% аралығында түсінсе, жасыл жолақтың бойына; 40%-50% аралығында түсінсе сары жолақтың бойына барып тұрады.Оқушылардың шоғырлануына қарап, тақырыптың қаншалықты меңгерілгені туралы қорытынды шығарамын


«Бағалау спекторы»

(өзін- өзі бағалау)


Қосымша ақпарат


Пәнаралық байланыстар, денсаулық және қауіпсіздік, АКТ қолдау. Құндылықтар.

Саралау – сіз көбірек қолдауды қалай көрсететін боласыз? Барынша қабілетті оқушыларға сіз қандай тапсырма беретін боласыз?

Бағалау – сіз ілгері басуды/ оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пән-аралық байланыс


Үлгерімі төмен оқушы құрдастары жазып берген постердегі ақпаратты сызба бойынша баяндатамын.

Жақсы оқитын оқушыларға тың ойларды ойлап, түсіндіру әдісін ұсынуға жағдай жасаймын

Қабілеті жоғары оқушылар «Ашық хат» жазу барысында оқушылар қоғамда болып жаткан жағдайларға өздерінің де көмектерінің керектігін түсінеді


«Кофе таяқшалары», «Үш қадамды сұхбат», «Фишбоун»,

«Ашық хат» стратегиялары мен жетістік критерийлері, «Бағалау спекторы» формативті бағалау түрлерін қолданамын.

Тарих, АКТ, әдебиет










Рефлексия


Сабаққа қатысу барысында өз байқағандарыңызды жазу үшін пайдаланасыз. Сабағыңыз туралы берілген сұрақтарға жауап беріңіз


- Оқу/сабақ мақсаттарына қол жеткізілді ме?

- Оқушылар бүгін не үйренді?

- Оқу ахуалдары қандай болды?

- Оқушылар арасындағы айырмашылықты анықтау бойынша іс-әрекеттер сәтті болды ма?

- Мен уақытттық графикті дұрыс ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқуларға жол бердім және неліктен?

Оқу,сабақ мақсаттарына қол жеткіздім деп ойлаймын.

Оқушылар сабақ бойында өздерін еркін сезінді, ойларын ортаға салып,топтың жұмылдырылған түрдегі жұмысын көрсетті. Сыйласымдылық, ынтымақтастық , тапсырманы орындау барысындағы жұмысты өзара тең дәрежеде бөліп алу, жауапкершілікпен орындау сияқты әрекеттер көңілімнен шықты Тапсырманы орындауға берілген уақыт сақталынды, бірақ оқушылар жауап беруде уақыт тапшылығын сезінді.


Қорытынды бағалау