Саба? та?ырыбы: Операциялы? ж?йені? параметрлерін баптау ж?не ?алпына келтіру Жалпы ма?саты Операциялы? ж?йені? параметрлерін баптау ж?не ?алпына келтіру туралы о?ып білу. Операциялы? ж?йе дегеніміз не екенін,операциялы? ж?йелерді? жіктелуі ж?не б?ліктері туралы т?сіну. АКТмен ж?мыс істеуге да?дыландырып, топпен бірлесіп ж?мыс жасау?а баулу. К?тілетін н?тиже • Операциялы? ж?йені? параметрлерін баптау ж?не ?алпына келтіру туралы о?ып біледі.
Просмотр содержимого документа
«Операциялы? ж?йе 7 сынып»
Сабақ тақырыбы: Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру.
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Информатика» оқулығы – 8-10сынып, 7-11 сыныптар оқушы анықтамасы, Интернет материалдары
Жалпы мақсаты Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру туралы оқып білу.
Операциялық жүйе дегеніміз не екенін,операциялық жүйелердің жіктелуі және бөліктері туралы түсіну.
АКТмен жұмыс істеуге дағдыландырып, топпен бірлесіп жұмыс жасауға баулу.
Күтілетін нәтиже • Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру туралы оқып біледі.
• Операциялық жүйе дегеніміз не екенін,операциялық жүйелердің жіктелуі және бөліктері туралы түсінді.
• АКТмен жұмыс істеуге дағдыландырып, топпен бірлесіп жұмыс жасай алатын болады.
Негізгі идеялар • Есте сақтау:ЭЕМ қолдана білу және ақпаратты есте сақтау.
• Білу түсіну:ОЖ туралы білім алу.•
Тапсырмалар /Wiki материалдары/ Ғаламтор, Power Point, ресурстар
1.Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,олардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру.
Оқушыларды смайликтер арқылы топқа бөлу
1.Үй тапсырмасын сұрау.
«Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.
• Ақпарат және информатика дегенімізді қалай түсінеміз?
• Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
• Компьютер қандай құрылғы бізге не үшін қажет?
• Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады?
• Қандай қосалқы құрылғыларын білесіңдер?
• Интерфейс дегеніміз не?
• Сервисттік программалар дегеніміз не?
• Файл дегеніміз не?
• Файлдық жүйе дегеніміз не?
«Мадақтау» арқылы бағаланады.мыс: (жарайсың,өте жақсы,тамаша,керемет т.б)
Қызығушылықты ояту сатысы
Оқушылардың оқығалы отырған мәтіндерін болжауға итермелеу үшін мәтіннен қандайда бір жолмен байланыстырылатын 4-5 cөз беру.Мысалы. компьютер, программа,операциялық жүйе ,байланыс,интерфейс.Өз беттерімен ойлануға уақыт беріледі,сонан соң топтар өз әңгімелерін құрап ортаға айту.
«Мағынаны тану» бөлімі
Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру.
Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды:
1. барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір – бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;
2. әрбір адамға ЭЕМ –ді жалпы басқару мүмкіндігін беру.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
• Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
• Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
ОЖ негізгі мақсаты – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттігін қамтамасыз ету, ЭЕМ –нің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әртүрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағзға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т.б. ОЖ –нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ –нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ –нің командалық тілі пайдаланады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген әртүрлі әрекеттерді орындайды.
Microsoft корпорациясының ОЖ даярлау жолындағы келесі елеуліқадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады . Осылайша Windows 95, Windows 98, және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.
Бұдан былай Windows жүйесі деген сөзді Windows 3.1х (кез-келген сан) және Windows 95 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.
Мұғаілім сөзі: «Артық болмас білгенің ,көкірекке түйгенің» операциялық жүйе туралы материалды түсіндіру.
«Топтастыру» стратегиясы». «Қара.Оқы.Жап.Жаз» әдісі арқылы постер қорғау. Бағалау: «екі жұлдыз, бір ұсыныс»
І тапсырма.
І топ. Операциялық жүйе дегеніміз не?
ІІ топ.Операциялық жүйелердің бөліктері
ІІІ топ.ОЖ жіктеу
ІІ тапсырма.
Интерактивті тақтамен жұмыс:
1. ДК құрылғыларын көрсету.
2. Әр түрлі қызмет салалары бойынша компьютерді қолдану тәсілдерін көрсету.
3. Анықтамаға сәйкес келетін құрылғыны көрсету
4. Ақпарат тасымалдаушыларды оларды пайдаланатын құрылғыға сәйкес сал.
5. Windows ОЖ бас мәзірін көрсетіңіз
6. Тінтуірмен жаттығу жасаңыз
7. Windows анықтама жүйесін іске қосыңыз
«Мадақтау» арқылы бағаланады . мыс: ( жарайсың, өте жақсы, тамаша, керемет т.б)
ІІІ тапсырмы.
Компьютермен жұмыс.Windows ЖО
І топ.Күн мен уақытты баптау.Айды,күнді,жылды өзгерту.
ІІ топ.Жұмыс үстелі фонының өрнегін баптау.
ІІІ топ. Жаңа қапшықтар құру.Атын өзгерту,жылжыту,жою қайта қалпына келтіру.
Кері байланыс:
Мен нені білемін? Мен нені білгім келеді? Мен нені білдім?
Оқушылардың білімін бағалау
Кейінгі оқу: ОЖ параметрлерін баптау және қалпына келтіру.
Шилі орта мектебі

Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру.
Информатика пәні
7 сынып
Пән мұғалімі: Тулеужанов А.М.
2014-2015 оқу жылы