Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасындағы қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: Білімділік: оқушыларды қарым-қатынас мәдениеті туралы білім бере отырып, әдептілік қасиеті туралы түсінік беру; Дамытушылық: оқушыларды отбасы мүшелері арасындағы дұрыс қарым-қатынасқа үйрету арқылы сыпайылық қасиетіне баулу; Тәрбиелік. Оқушыларды сыйластыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: Үшінші сынып өзін-өзі тану оқулығы, дәптер, 5 «Т» ережесі, тыныштық сәтіне арналған әуен, А4 ақ қағаздары |
Әңгімелесейік «Әке мен бала» Бір адам он бір жасар баласын ертіп, егістіктен жаяу келе жатса, жолда жатқан аттың ескі тағасын көріп баласына: Баласы әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алап неғылайын –дейді. Әкесі үндемей тағаны өзі иіліп алды да,жүре берді. Қаланың шетіне келгенде темірші ұсталар бар екен,соған жеткен соң, әкесі қайырылып, жанағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады.Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір –бірден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді.Біраз жер өткен соң. әкесінің қолынан бір шие жерге түседі.Артында келе жатқан баласы тым –ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма –жан жерден алып,аузына салды.Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді.Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып баласына: иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: Аз жұмысты қиынсынсаң –көп жұмысқа тап боласың. «Азға қанағат ете білмесең- көптен құр қаласың»-дейді әкесі. Осы әңгімеден не түсіндіңдер? Әкесінің өнегесі баласына дұрыс әрекетке жол аштыма? Әкенің, ананның отбасындағы орыны қандай? | Ы. Алтынсарин |
Сабақтың қорытынды сәті Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» | |