СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары 4-сынып

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары

4-сынып

"Денсаулық-өмір негізі"

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары 4-сынып»

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:

Мұғалімі:

Сыныбы: 4

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Денсаулық - өмір негізі

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Денсаулық пен тазалық, жауапкершілік


Мақсаты: Денсаулықтың адам өмірінің негізі екенін дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға денсаулық пен тазалықты сақтаудың маңыздыдығын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын күту қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілкке тәрбиелеу.

Ресурстар:


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №32 – сабақ. Табиғат туралы мақал – мәтелдер жазу.

2. Келесі сабақ. №33, «Аппақ бала» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Анасы Асанға тазалықты қалай түсіндірді?

2. «Тазалық – денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?


3. Сабақтың дәйексөзі.

Күн тәртібі мен еңбек – денсаулық кепілі

Сұрақтар:

1. Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Халық даналығы

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Байлық

Бір жарлы жігіт жас күнінде оқыған ұстазымен жолығып, өзінің бұл күнде кедей болғандығын шақты. Онымен бірге оқыған серіктерінің көбі бай болып, кейбіреулері жұртқа қадірлі кісі болып кеткен. Өзінің әрқашан көрген күні жоқшылық екенін сөйледі. «Қалайша сен өзің айтқандай кедейсің? – деді ұстазы. Сенің денің сау, қол-аяғың аман, жұмысқа жарарлықсың». Және шәкіртінің оң қолын көрсетіп сұрады: «Сен мына қолыңды мың сомға кестіруге рұқсат етер ме едің?». «Құдай сақтасын! Он мың сомға да кестірмеспін», – деді жігіт. «Қаншаға берер едің жарық дүниені көретұғын қырағы көздеріңді, сақ құлақтарыңды, мықты аяқтарыңды?» – деді ұстаз. «Мен бұларды дүниенің малына да айырбастамас едім», –деді шәкірт. Сонда ұстаз шәкіртке: «Қалайша енді осынша байлыққа ие бола тұрып, жарлымын дейсің?» – деді.

Сұрақтар:

1. Жарлы жігіт ұстазына не туралы айтты?

2. Ұстазының жауабынан нені байқадыңдар?

3. Адамның саулығы басты байлығы дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Ішкі жан дүниенің тазалығы адамның денінің сау болуына қалай көмектесетінін айтып беріңдер.

М. Дулатов

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1 – топ: «Денсаулық»

2 – топ. «Тазалық»

3 – топ: «Дұрыс әрекет»

Тапсырма: «Денсаулық – өмір негізі» тақырыбында жоба қорғау.


6. Топпен ән айту.

«Әрқашан күн сөнбесін!»

Күн әдемі, көк әлемі,

Бұл –суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған ізі,

Қалдырған бұл сөз.

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұл төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын менде аман

Сөзі:Л. Ошанин

Әні: І. Мәмбетов, Қ. Ыдырысов

7. Үйге тапсырма.

1. №33 – сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №34,сұрақтарға жауап беру.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!