ІІІ. Жаңа тақырып: Жаңа сабақта «Білімленд» сайытында видео көріп, тапсырмаларды орындайды. қ/б: «Бағалау терезесі»  «1 сурет 3 сөйлем» әдісі. 1-топ: программалық жабдықтама  Программа-нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе деректерді өңдейді. Программалық жабдықтама-компьютердің негізгі жұмыс істеуге арналған ақпараттық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды. 2- топ: қолданбалы программалық жабдықтама  Қолданбалы программалар-белгілі бір салада қолданылатын программалар жиыны. Олардың көмегімен құжаттар құруға,әртүрлі есептеулер жүргізуге, графикалық нысандар дайындауға болады.Олар белгілі бір мақсатта пайдаланатын арнайы және әмбебап болып екіге бөлінеді. Арнайы программалар нақты бір мамандық иелері пайдаланатын программалар жатады. Мс: бухгалтерлік программалар, медицина саласында және т.б. Әмбебап программалар мәтіндік және графикалық редакторлар, электронды кестелер және т.б. жатады. 3-топ: программалау жүйелері және операциялық жүйе  Программалық жүйелер дегеніміз — программалық өнімдерді дайындау жэне енгізу технологиясын қамтамасыз ететін программалар жиынтыгы. Программалық жүйелерге трансляторлар, программа дайындайтын орта, анықтамалық программалар кітапханасы, байланыс редакторлары жэне т.б. жатады. Операциялық жүйе-компьютерде жұмыс істеп тұрған ең маңызды программалық жабдықтама. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялык жүйелерге MS (PC) - DOS,WINDOWS 7,8,10, WINDOWS NT, WINDOWS HP, WINDOWS Vista OS/2, UNIX, MacOS және т.б.жатады. Драйвер-компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программа. Қызметтік программалар-әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қызметтік программалар дербес компьютерлік жүйені тексеру, баптау жэне жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту жэне кеңейту үшін қолданылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді мұрағаттау (қысу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін (диагностика) программаларды (тест программалары) айтуға болады. Интерфейс - программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны. Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы тақырыпты ашады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Дискриптор - Программалық қамтамасыз етуді түсінеді. - Жалпы сипаттамасы мен жіктелуін түйіндейді қ/б: «Смайликтер»  IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс «Адасқан құрылғылар» жұптық жұмыс Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет; 2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі; 3. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады. Дискриптор: -Мәтіндік программаны аша алады. -Адасқан сөздерді орнына қоя біледі. -Мәтіндік редакторда мәтін тере біледі. қ/б: «Жетістік баспалдағы» әдісі  V. Сабақты қорытындылау сұрақтары: Бізге программалық жабдықтар қажет пе? Өмірмен байланысы бар ма?  VI. Үйге тапсырма:Программалық қамтамасыз ету |