Физикада шамалардың екі түрі бар.Вектор және скаляр шамалардың анықтамаларын жазу, мысал келтіру. Қалай ойлайсыңдар: скаляр және вектор шамаларды қалай ажыратуға болады? Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар немесе векторлар деп аталады. Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар скалярлық шамалар немесе скалярлар деп аталады. Мысалы, уақыт, заттың тығыздығы, дененің көлемі, температура, арақашықтығын (орын ауыстыру емес), сынып бөлмесінің ұзындығы, ені және биіктігі, т.с.с. скалярлық шамаларға жатады. Кез келген вектордың сандық мәні оның модулі деп аталады. Модуль — скалярлық шама. Коллинеар векторлар - өзара параллель сызықтың бойында немесе бір сызықтың бойында жатқан векторлар. Колленеар векторлар бағыты бірдей болуы мүмкін (бағыттас), немесе бағыттары әртүрлі (қарама-қарсы). Егер a және b векторларының модульдері мен бағыттары бірдей болса, онда олар тең болады а = b. Ал векторлардың модульдері тең болып, бірақ бағыттары қарама-қарсы болса, онда а = - b болады. Бір түзудің бойында жатқан немесе бір-біріне параллель векторлар бір жаққа қарай не қарама-қарсы бағытталуы мүмкін. Мұндай векторлар оңай қосылады, яғни бірінші вектордың ұшы екінші вектордың басымен қосылады. Қорытқы вектор модулі бойынша қосылатын векторлар модульдерінің арифметикалық қосындысына немесе арифметикалық айырымына тең. Қорытқы вектор қосылатын векторлармен бағыттас модулі үлкен вектор жаққа қарай бағытталады. Бұл векторларды қосуға немесе азайтуға болады. a⃗ және b⃗ (сурет 6, а) және a⃗ және d⃗ (сурет 7, а). Бұл векторлардың қосындысы, c⃗ =a⃗ +b⃗ және f⃗ =a⃗ +d⃗ сурет 6, б және 7, б. Векторлардың модулі c=a+b и f=|a−d|. а б сурет 6. а б |