Дакей Аймерей
Ю.Гагарин атындағы орта
мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.
Павлодар облысы,
Ақсу қаласы
Сабақ тақырыбы : Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз
қазақтарының көтерілісі (1783-1797 жж)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Кіші қазақтарының соғысына қатысуының алғышартары мен себептерін қарау, соғыстың қазақтар қатысқан кезеңдеріне сипаттама беру және қазақтардың ұлт-азаттық күресіне Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі ықпалын көрсету.
Дамытушылық: Оқушының өз ойларын еркін жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойларын толықтырып, қорытындылап салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Өткен сабақтағы материалдармен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігімен айырмашылығын, ұқсастығын айырып таба білу сияқты ынтасын көтеріп,пәнге деген қызығушылығын ояту және ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Өздігінен іс-әрекетті қалыптастыра отырып, Отанын сүюге, адамгершілікке және тарих пәнінің салаларының тарихты жазудағы маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Тірек ұғым: Қазақтардың ұлт-азаттық күресіне, Кіші жүз қазақтарының
соғысының ықпалын көрсету.
Сабақтың түрі: Жаңа танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, салыстыру, талдау, венн диаграммасы,топтық,
топтастыру стратегиясы, тест
Сабақтың көрнекілігі: схема,интербелсенді тақта, үлестірме
Пән аралық байланыс: математика, әдебиет
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
а)Сәлемдесу
ә) Сабаққа даярлығын байқау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (7 мин)
А) Сұраққа жауап бер
Шаруалар соғысының басталуына не себеп болды?
Қазақтардың шаруалар соғысына қатысуын қандай кезеңдерге бөлуге болады?
Орта жүз қазақтары Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қалай қатысты, оның ерекшелігі неде?
Кіші жүз феодалдарының қолдауына соншама үміттенген Пугачев кімге үндеу жолдады ? Оның үндеу жолдаудағы мақсаты қандай еді?
Пугачев көтерілісінің жеңілу себебі неде?
Ә) “Тапқыр болсаң тауып көр”
Өрнектің мәнін табу арқылы 1774 - 1775 жж үкімет қолдаған Сібір шебінде орналасқан барлық әскер санын білеміз.
(70х50) + (6260: 10) + (418 - 9) = ?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (15 мин)
Негізгі мазмұны:
Көтерілістің алғышарттары мен себептері.
Көтерілістің басталуына түрткі болған жағдай.
Көтерілістің мақсаты.
Сипаттамасы
Қозғаушы күштері
Көтерілістің басшылары
Көтеріліс барысы мен кезеңдері
Нәтижесі мен жеңілу себептері
Тарихи маңызы
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: (8 мин)
А) “Ел қорғаған – ер бабаң”









Ә) Венн диаграммасын толтыр
Е. Пугачев бастаған көтеріліс
Ортақ
С.Датұлы бастаған көтеріліс
Б) Көтерілістің барысына диаграмманы жалғастыр





1783 жылы
басталды
В) Сызбаны толтырыңдар.








Сипаты
Қозғаушы күші
Себебі
Сырым Датұлы бастаған
көтерлісітің
Сергіту сәті
Г) Сергіту сәті
( Сырым Датұлының шешендік сөзінің мағанасын ашу)
Бірде Сырым Нұралы ханнан:
Тағы бір рет келгенде Сырым Нұралы ханға:
Сен аз бен көпті, ақ пен қараны, әлсіз бен мықтыны теңгере алмадың.Біреуді біреу талап жатыр, сен халықты басқара алмадың, - депті.
Хан оған қарсылық білдіріп:
Батырым, тасып жүрсің –ау, - депті Сонда Сырым іркілместен:
Тақсыр, тасып жүргенім жоқ, қайта қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін, - деп жауап қайтарыпты.
Д) Артық болмас білгенің
№ | Сұрақтар | Жауаптар |
А | В | С | Д | Е |
1 | Сырым тұтқыннан қашан босатылды? | 1783 | 1784 | 1785 | 1786 | 1787 |
2 | Сырым тобы қай тауға қарай ойысты? | Мұғалжар | Қаратау | Алтай | Тарба- ғатай | Сары-арқа |
3 | Нұралы ұлдарының бірі Есімнің хан болып сайлануы | 1791 ж | 1794 ж | 1795 ж | 1788 ж | 1787ж |
4 | Көтерілістің сипаты | Отарлауға қасы, ұлт-азаттық, антифеоделдық | Монорхия-лық, Отарлауға қасы, ұл-азаттық | Феодал-дық, анти-феодел-дық | Азат-тық феодел-дық | Монор-хиялық отарлау. |
5 | Көтерілістің қозғаушы күші | феодалдар | Ұлттар | Қазақ шаруалары | Казак-тар | орыстар |
6 | Сырымның өлімі | 1806 ж | 1805 ж | 1804 ж | 1803 ж | 1802ж |
Е) Сұрақтарға жауап бер
Көтерілістің басты себебі неде?
Көтеріліс қалай басталды?
Барон О. Игельстром қандай өзгерістер енгізбекші болды?
Сырым батырдың Орынбор билеушілерімен арақатынастары қандай болды?
Көтерілістің жеңілу, себеп-салдарын түсіндір.
Ү. Қорытындылау: (8 мин)
Рефлекция
Бұрыннан білемін “Ү” | Мен үшін жаңалық “+” | Кездескен қиыншылық “-” | Тереңірек білгім келеді “?” | Қызықты болған не? “!” |
| | | | |
ҮІ. Үй тапсырмасын беру және бағалау (5 мин): 6- тақырыпты оқу түсінгенін айтып, сұрақтарға жауап беру
ҮІІ. Бағалау: Лидер парағы
Топтың аты | Тапсырмалар |
Үй тапсырмасы | Модуль жасау | Диаграм -ма толтыру | Сызбаны толтыру | Сергіту сәті | Тест шешу | Рефлексия | Лидер парағы (бағалау) | Бекіту сөзі |
| | | | | | | | | |