Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: ЕXPO 2017»
EXPO 2017
- Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме .
- Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy ( Болашақ қуаты) болып табылады.
Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ -ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.
Астана 2017
2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінішін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі өтініш құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.
Астана 2017
Экспо 2017 — 2017 жыл (ненің) 10 шілдесі (қайдан) бастап 10 қыркүйегі (неге) дейін Қазақстан (ненің) елордасы Астана қаласы (қайда) Халықаралық көрмелер бюросы (немен) (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Ұйымдастырушылар (кіммен) таңдалған тақырып Future Energy ( Болашақ қуаты) болып табылады.
Экспо 2017 иесі 2012 жыл (ненің) 22 қарашасы (қайда) Францияның астанасы Париж қаласы (қайда) ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы (ненің) 152-ші сессиясы барысы (қайда) белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ –(ненің) 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.
Сөйтіп 10 маусым (қайда) Қазақстан Астана (қайда) ЕХРО-2017 көрмесі (нені) өткізу бойынша сайлау науқаны (неге) кірісті. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізу (неге) белгіленген үш ай іші (қайда) Астана қаласысы әлем (ненің) 100 мемлекеті (қайдан) 3-4 млн адам (кімді) қабылдайтындай шамасы болу керек.
Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.
2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.
Дүниежүзілік көрмелер
1851 (Лондон) · 1855 (Париж) · 1862 (Лондон) ·1867 (Париж) · 1873 (Вена) · 1876 (Филадельфия) · 1878 (Париж) · 1886 (Мельбурн) · 1888 (Барселона) · 1889 (Париж) · 1893 (Чикаго) · 1897 (Брюссель) · 1900 (Париж) · 1904 (Сент-Луис) · 1905 (Льеж) · 1906 (Милан) · 1909 (Сиэтл) · 1910 (Брюссель) · 1913 (Гент) · 1915 (Сан-Франциско) · 1925 (Париж) · 1929 (Барселона) · 1933 (Чикаго) ·1935 (Брюссель) · 1937 (Париж) · 1939 (Нью-Йорк) · 1958 (Брюссель) · 1962 (Сиэтл) · 1964 (Нью-Йорк) · 1967 (Монреаль) · 1968 (Сан-Антонио) · 1970 (Осака) · 1974 (Спокан) · 1975 (Окинава) · 1982 (Ноксвиль) · 1984 (Жаңа Орлеан) · 1985 (Цукуба) · 1986 (Ванкувер) · 1988 (Брисбен) · 1992 (Севилья) · 1992 (Генуя) · 1993 (Тэджон) · 1998 (Лиссабон) · 2000 (Ганновер) · 2005 (Нагакуте) · 2008 (Сарагоса) · 2010 (Шанхай) · 2012 (Йосу) · 2015 (Милан) · 2017 (Астана)
Астана
Мемлекет
ЭКСПО бізге не береді :
- Жаңаша ойлауға жетелейді;
- Ғылым мен техниканың дамуына серпін береді;
- Елдің, қаланың аты өркениет тарихында қалады;
- Мемлекеттің мерейін асырады;
- Елдің дамуына қуатты қозғау болады т.б.