СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары "Қажымұқан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күнделікті сабақ жоспары мұнда арнайы мектепке арналған сабақ жоспары. 

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "Қажымұқан"»

Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»

Мақсаты:1. Дүниежүзілік спорт аренасына шығып,шетелдердегі жарыстарда атақ,даңққа ие болған тұңғыш қазақ Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолымен, бейнесімен,ерен еңбегімен таныстыру.
2. Оқушылардың тіл мәдениетіне,ойын толық,дәлелді жеткізе білуіне жетелеу,көркем шығарманы талдай білу дағдысын дамыту.
3. Спортты сүюге,елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі,география

Әдістері: болжау, талдау, жинақтау

Көрнекіліктері: Қажымұқан Мұңайтпасұлының бейне суреті

Барысы:

І.Үй тапсырмасын тексеру

• И.Байзақов «Жазғы кеш» өлеңін жатқа оқу.

• Туған жерлеріңнің табиғатын суреттеу, әңгімелеу.

— Балалар, сіздердің әңгімелеріңнен .туған жерлеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіздің шексіз екенін аңғардым.

— Туған жерлеріңізге болашақта қалай еңбек сіңіремін, мәртебесін асырамын деп ойлайсыздар?

— Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де туған халқына адал еңбегімен қызмет атқарып, даңқын асқақтатты, әлемге танытты. ( Портреті көрсету арқылы кейіпкердің есімін анықтау, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.)

ІІ. Жаңа сабақты түсі\ндіру

1.— Балалар ,бүгін біз сіздермен Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» атты әңгімесімен танысамыз.

Қ.Әбдіқадыров 1903 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Қызылорда облысы,Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» кеңшарында зәулім мектепті өз қаржысына салдырған.Өз балалық шағында жоқшылық тақсыретін көп тартқан Қалқаман «Кеңес заманында туған жас ұрпақ білім нәрімен еркін сусындасын» деп мектепті салдырған екен. Қалқаман — ақын,жазушы,аудармашы.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.


«Қар күреген бала» , «Жаяу сүйреген шана» бөлімдері бойынша Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы мен Орли Масликовтың оны қандай қасиетіне қызығып жұмысқа алғаны ,шөп тиелген шананы жаяу сүйретіп әкелуі туралы қызықты жайттарды мұғалімнің қысқаша баяндауы .

1. «Қар күреген бала» , «Жаяу сүйреген шана»бөлімдері бойынша сұрақтар арқылы жұмыс жүргізу.

1-сұрақ. Жас бала сарайға не себепті қайта-қайта қарай берді деп ойлайсыз? Бұл кім болуы мүмкін?
2-сұрақ.Шын мәнінде не болды?
3-сұрақ. Бала Орлий Масликовқа жұмысқа жалданады деп ойлайсыз ба?
4-сұра. Мұқан қандай әрекет жасайды деп ойлайсыз?
5-сұрақ. Әңгіме әрі қарай қалай өрбиді деп ойлайсыздар?
6-сұрақ. Мұқан шанаға жеккен ат өліп қалып, оны шананың үстіне салып жаяу сүйретіп әкелуіне тура келді.Бұл жағдайға бай қандай көзқарас танытады деп ойлайсыз?

ІІІ.Дәптермен жұмыс: әңгімеден теңеулерді теріп жазу.

ІV. Толғаныс:«Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы.

Балалар, Қазақстанда 2011 жылы Азиялық қысқы олимпиада өткенін білеміз. Сол олимпиадаға біздер де үлес қосайық. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріп олимпиаданың символын жасайық. (Мына сақиналардың артында сұрақтар жасырылады)

1.Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті? (көк)
2.Отыз пұт май қатырған кеспекті, бала шанаға қалай салды? (қара)
3.Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді? Бай Қажымұқанның ісіне қалай қарады ?(қызыл)
4.Городовой және Полицмейстр дегендер кімдер? (сары)
5.Қажымұқан жайында не білеміз? (жасыл)

V. Қорытынды:Бүгінгі сабақтан әлемдік аренаға шығып халық мәртебесін асырған Қажымұқанның қиын тағдырына ортақтастық. «Көп бейнеттің зейнеті болады» деуші еді ғой халық.Мұқан да қиындықтардан шыңдалып, жақсылыққа жеткен екен.

— Балалар,сендер күрес дегенді қалай түсінесіңдер?

— Күресе білу үшін нені білу керек?

Ал Қажымұқан «Күрестің мәні жеңіс пен жеңіліс емес.Оның мәні алақандай аренаға шығып,көрерменнің алдында өз бақытың үшін күресуде.Қимыл-күрестің бейнесі.Ал ең бастысы күрес адамды табандылыққа тәрбиелеп,оны қиындыққа мойымауға үйретеді.Күресті түсіне білудің өзі-күресе білуде» деген екен.

— Сонымен,балалар,Қажымұқан аталарыңдай палуан болғыларың келсе,палуандар тілі-спорт.Денсаулықтарың шымыр болсын десеңдер-спортты сүюлерің керек.

«Қаласын кездім талай дүниенің,
Таныттым мен туған қазақ елін.
Үстімнен жүк автобус жүрген уақытта,
Сонда да қайыспаған қайран белім» дегендей,өмірде белдерің қайыспайтын батыл,шымыр,еліміздің ертеңінің тірегі болыңдар.
Келесі сабақта оның күрес алаңына шығуымен танысатын боламыз.

Үйге тапсырма: «Қар күреген бала», «Жаяу сүйреген шана» бөлімдерін мазмұндау.

VІ. Бағалау.