Сабақтың тақырыбы : Кім жылдам ?
Мақсаты 1. Оқушыларды тез ойлауға , жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға,
топ алдында еркін сөйлеуге баулу.
2. оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мәнерлеп оқу дағдысын
қалыптастыру;
3.Ана тілін аялап құрметтеуге баулу.
Барысы:
1. Мұғалім .: Құрметті оқушылар ! Тіл мерекесіне орай мектебімізде «Тіл ұлт жаны» тақырыбында апталық өтуде . Апталық аясында өткелі отырған «Кім жылдам?» атты сайысымызды бастаймыз.
Сайыс 8-9 сыныптар арасында өтеді.Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1- кезең Топ атымен, ұранымен таныстыру
1-топ: «Қырандар»
Ұраны: Қыран құстай самғаймыз
Білім шыңын шарлаймыз
2- топ: «Тұлпарлар»
Ұраны: Білім шыңына өрлейміз,
Бөгеліс жоқ , ер қанаты «Тұлпарға»
2- кезең «Бір сөзбен айтқанда қалай дейді ?»
1.Қиыстырып тауып сөйлейтін сөзге шешен адамды?
2.Айтқанға сене салатын ,еш нәрсені байыптап байқамайтын адамды?
3. Жан аямай жұмысты жақсы, сапалы істейтін адамды?
4. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адамды?
5. Ешкімге еш нәрсесін бермейтін , біреуге қимайтын адамды?
6.Ата-анасының бірінші баласын, бірінші туған баланы?
7. Керексіз көп сөйлейтін адамды ?
8. Бір сыныпта , бір мектепте оқыған балаларды?
9 Біреуге жамандық, пәле ойлап жүретін жаман мінезді адамды?
10. Тез ашуланатын адамды?
3- кезең «Жұмбағын өзің айт»
Үй тапсырмасы . Сурет көрсетіледі ,суреттегі затқа байланысты жаттап келген жұмбақтарын айтулары керек. Қай топ жұмбақты мүдірмей ,жатқа айтса сол тспқа
10 ұпай қосылады.
Тілі жоқ Аяғы жоқ ,қолы жоқ, Білегіңнің күшімен
Ақыл кеңесі көп, Шиыр-шиыр ,жолы көп, Басым болса білімің
Үндемес серік, Өзі сөйлей білмейді, Бұ л найзаның ұшымен
Ақылы берік / кітап/ Салған ізі сөйлейді /қалам/ Шешесің ой түйінін /қалам/
Қабат- қабат қаптама
Ақылң болса аттама /Кітап/
Үй үстінде ұсақ тас /Жұлдыз/ Күндіз бәрі қашады
Түнде аспанды басады /жұлдыз/
Ақ сандығым ашылды Жұрттың бәрі соны сүйеді
Ішінен жібек шашылды /күн/ Бірақ қарағысы келмейді /Күн/
4-кезең « Жалғастыр»
Ойынның шарты: Бір сөз көрсетіледі. Сол сөзден басталатын мақалды жалғастырып айту керек. Қай топ көп мақал айтса, сол топқа ұпай беріледі
Батыр майданда шынығады Батыр туса ел ырысы,
Болат қайнауда шынығады Жаңбыр жауса жер ырысы
Тіл- тиексіз. Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады
Қыз өссе елдің көркі, Қызға қырық үйден тыю
Гүл өссе жердің көркі.
5-кезең «Кім тапқыр»
Төле би шешен мен Сырым шешеннің шешендік сөздерін тауып айту.
Сырым Үргніштің ханына барып жүз көріс қылған . Хан сырымның атағына сырттай қанық: «Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі», -деп естиді екен . Хан Үргеніш шешенімен Сырымды айтыстырыпты:
Үргеніш шешені:
-Сөз анасы не?
Су анасыс не?
Жол анасы не ?-деп сұрайды.
Сырым батыр не деп жауап берген .?Сырымның жауабы:
Атақты билер Арқаға жиналыпты. Айтқан мезгілден Төле би кешігіп келеді. Оған
шамданған қарт билер :
- Төле би келсе, орнымыздан тұрмайық ,- деп уәделеседі. Бірақ Төле би келгенде орындарынан тұрып кетеді. Тек екі- үш би ғана тұрмайды. Төле би көпшіліктен
кешіккені үшін кешірім сұрайды. Әлгі тұрмай қалған билердің бірі сөзден ұту үшін
-Бақыт дегеніміз не?
-Байлық дегеніміз не?
-Бала дегеніміз не? –деп сынай сұрақ қояды. Сонда Төле би не деп жауап берген ? .Төле бидің жауабы :
6-кезең «Қортынды» Сөз әділқазылар алқасына беріледі .