Жаңартылған бағдарлама бойынша тыңдалым мен айтылымды тиімді ұйымдастыру жолдары
Сабақ: Тақырыбы: | Қазақ тілі «Уақыт - ұлы күш». |
Уақыты: | Мектеп: Рудный қаласы әкімдігінің «№2 гимназиясы» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Мунтаева Алия Саиновна |
Сыныбы: 7 «а» | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т5. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау. А6. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды, тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады. Оқушылардың басым бөлігі: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы тыңдалған орта көлемді шығарманы түсінеді,негізгі ойды анықтайды, мысалдар келтіре алады. Кейбір оқушылар: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы тыңдалған орта көлемді шығарманы түсінеді,негізгі ойды анықтайды, мысалдар келтіріп, дәлелдей алады. |
Жетістік критерийлері | -Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды. - Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады. |
Тілдік міндеттер | Негізгі сөздер мен тіркестер: электронды пошта, әлуметтік желі, хат, кері әсер, бейнелі ақпарат, аурады, хабарласу, достасу, ғаламтор, әңгімелесу, сақтау, басып шығару. |
Алдыңғы білім | Оқушылар компьютер, электронды пошта туралы сөздер біледі, бұл сөздермен сөз тіркестер құрай алады, бұл тақырып төңірегінде сөйлемдер құрастыра алады. |
Жоспар |
Уақытты жоспарлау | Сабақ барысы | Көзделетін нәжите |
Басы 5 минут | Қызығушылықты ояту сатысы Оқушылар шеңберге тұрып қимылмен амандасады. Мынау - менің жүрегім Бәрі осыдан басталған. Мынау – басым ақылды. Барлық – істі басқарған. Мынау - менің он қолым, Мынау – менің сол қолым Барлық істі басқарған. Оқушыларға үш түрлі смайлик суреттері үйлестіріледі.Суреттердің артында мынадай сөздер жазылады (1 сөз): пошта-posta, желі-network, хат-letter, кері әсер-the negative impact, бейнелі ақпарат-shaped information, аурады-hurts, хабарласу-chat, достасу-friends, ғаламтор-Internet, әңгімелесу-to talk, сақтау-store, басып шығару-to print. Оқушылар сөздерді мұғаліммен бірге дауыстап айтады, осы сөздермен үш тілде сөйлемдер мысалға келтіреді. Смайлик суреттері бойынша топтасады, «Қалай ойлайсыздар,бүгінгі сабақ не туралы болмақ?» сұрағына жауап бере отырып, сабаққа болжам жасайды, сабақ тақырыбын анықтайды, топ басшысын анықтайды. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын,оқыту мақсаты, жетістік критерийлерін белгілеп алады. Тақтаға жазып қояды. Тақырып: «Уақыт – ұлы күш» Мақсаты: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтаймыз, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырамыз. Критериалды бағалау: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады. | Шеберде сәлемдесу арқылы жағымды психологиялық жағдай және коллаборативтік орта қалыптасады. сағат суреті бойынша топтасу, оқушылар арасында дау туғызбайды, себебі мұғалім суреттерді үйлестіргенде оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріп, топтастырады. Топ көшбасшысы сайланады, оның жұмысы нақтыланады, себебі топ көшбасшысы үдерісті өзбетінше реттеп қана қоймайды, сонымен қатар топ ішіндегі жұмысты басқарады. Сағат суреттеріне жазылған сөздерімен жұмыс жасау оқу үдерісіне бірден барлық оқушылардың қатысуын қамтамассыз етеді және үш тілділік идеясын дамытады. Оқушылармен бірге мақсат пен бағалауды белгілеу, оның жауапкершілігін арттыру деген сөз. Әр оқушы өз алдына айқын мақсат пен бағалау критерийлерін көріп отырады, жағымды нәтижеге жетуге тырысады. |
Ортасы Тыңдалым15 минут Сергіту сәті 1 минут Айтылым 15 минут | Мақсат: Т.6. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау. Критериалды бағалау: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды. Дескриптор: Білім алушы: -тірек сөздерді біледі, қолданады; Тыңдалым алдыңдағы жұмыс. Уақыт – ұлы күш Тыңдар алдыңда | Тыңдау кезінде | Тыңдағаннан кейін | Бес сөзді жазыңыз | Тірек сөз тіркестер | Мәтін туралы сенің пікірің қандай болды? | Тыңдар алдыңда мен мынадай бес сөз жаздым: | Тыңдау кезіңде мен мынадай сөз тіркестер жаздым: | «Жетекші сұрақтар» стратегиясы . Кім?- ........................................................... Не? - ............................................................ Қандай?-...................................................... Не істейді?.................................................. Не үшін? ..................................................... | Мұғалім оқушыларға мынадай кестені үйлестіреді, оқушылар бір минут ойланып бірінші бағанды толтырады. «Неге мен осы сөздерді жаздым?» - деп, топта талқылайды. Тыңдалым кезіндегі жұмыс ( мұғалім мәтінді екі рет қосады https://youtu.be/mBw2j_rb784). 1.Оқушылар мәтінді тыңдап, түртіп жазып отырады. 2 Кері байланыс «Бағдаршам» суреті арқылы (әр топта бағдаршам суреті жатады, оқушылар сол суретке стикерлерді жабыстырады). «Қызыл» - мәтінді түсінген жоқпын «Сары» - орташа түсіндім «Жасыл» - бәрін түсіндім. .  3.Жазған сөз тіркестерін талқылайды. Тыңдалым кейін кезеңі Оқушылар үшінші бағанды толтырып, талқылайды. Мәтіннің негізгі ойын анықтайды. Оқушылар, қазір біз компьютер, гаджеттер алдына көп отырамыз, көзіміз шаршайды, сондықтан көзге мынадай жаттығу жасауға болады (мұғалім көзге арналған жаттығуды көрсетеді, оқушылар қайталайды) Мақсат: А6. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру. Критериалды бағалау:Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады. Дескриптор: Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыра алады. Оқушылар, келесі тапсырма «Жекпе- жек» деп аталады. Әр топ білім «жекпе-жегіне» 1 оқушыны дайындайсыз. Ол үшін тыңдалым бойынша толтырған кестедегі тірек сөздер мен мынадай сюжетті суреттер көмектеседі. Жауаптар мынадай критериймен өлшенеді: Критеррий | Болды (5 ұпай) | Жартылай болды (3 ұпай) | Болған жоқ (1 ұпай) | Сөйлемдері толық | | | | Тән дыбыстарды | ұрыс айтады | | | Сөйлемде сөздердің орын тәр | ібі сақталған | | | Жауабы әсерлі, ерекше, креативті | | | | Тақырыпқа сай | | | | Уақытқа сай | | | | Барлық топ мүшелері қатысты | | | | | Модуль бойынша жинақталған білімді тексеру үшін аудиомәтінді ұсынамын. Себебі АКТ-ны қалай пайдалануға болатындығының үлгілерінің бірі - модельдеу. Яғни түрлі эмоциялар мен сезімдерді модельдеу үшін дыбыс пен бейнені пайдалану. Оқушылар, аудиомәтінді тыңдаған кезде тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйренеді, мәтіндегі кейіпкердің эмоция, сезімдері арқылы ұсынылған мәтіннің негізгі идея мен тұжырымдамасын көре алады.
Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының мәтінді түсінгегін, қай оқушыға көмек керек екенін көре алады.
Сұрақтар нақты мәтін мазмұнына сәйкес құрастырылған, сондықтан оқушыға негізгі идеяны ашуға көмектеседі. Балалардың денсаулығына назар аударды, жауапкершіліктерін арттыру. Тыңдалған мәтіннен не түсінгендерін жеткізу үшін топтан бір оқушыны барлық топ мүшелері дайындайды. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топта жұмыс істейді, оларда ортақ проблема болады, оқушылар ойланады, өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып, талқылайды, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдістерді өздігінен таңдайды. . Яғни өз тобынан «жекпе-жекке» шығатын оқушы (орташа оқитын оқушыны дайындау маңызды болар еді) қай түрде жауап беретінін өздері шешіп, оны жан-жақты дайындайды.
Топтық жұмысты бағалауда оқушылар үшін нақты критерий мен өлшемдер белгілеу, олар үшін жұмысты жеңілдету. Олар анық бағалауды көріп, соған сай жұмысты орындауға тырысады. Бағалау арқылы балалар оқу үдерісінің қандай кезенінде екені, мықты және әлсіз жақтарын көре алады.
|
Қорытынды 7 минут Үй тапсырмасы 1 минут | Балалар, келесі тапсырма «Сұрағым келеді» деп аталады. Ол үшін жұптасасыз. 1 оқушы «Сұрағым келеді....» деп басталатын сұрақ қояды, алған жауапқа өзінің қатынасын эмоциональды түрде « Мен жауапқа қабылдаймын, себебі...» , «Мен жауапты қабылдамаймын, себебі............» деп делелдеп береді. Оқушылар, сіздердің алдыңызда сұрақтар шаблоны жатыр, сүйініп сұрақтар қоясыз, өз сұрақтарыңызды да қосасыз. -Сабақта қандай тақырыпта мәтін тыңдадық? -Тыңдаған мәтіннің басында не туралы айтылды? -Мәтіннің ортасында не туралы айтылды? -Қорытынды бөлігінде не туралы баяндалады? -Мәтін идеясы неде? Балалар, үй тапсырмасын жазып аламыз: «5» - эссе «Уақытты бағалау – заман талабы» 7-8 сөйлем. «4» - сөйлесу «Уақытты бағалау – заман талабы» 5-6 сөйлем. «3» - 8-10 сөз тіркестер білу. | Бұл әдіс жұптық жұмысты тиімді ұйымдастыруға, білім алушылардың тақырып бойынша бар білімдерін белсендіруге және тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға мүмкіндік берді. Қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды, айтқандарын дәлелдейді, келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы - келісімге ұмтылу). Оқушылар мүмкіндігінше тапсырмаларды таңдап, орындайды. Бұл оқушы үшін өз біліміне жауапкершіліктерін арттырады. |
Рефлексия 2 минут | Оқушылар, бүгінгі сабақ бойынша сіздердің пікірлеріңізді білу үшін, келесі рефлексия парағын толтыруды сұраймын. Өзіңізді баспалдақтың қай сатысында тұрғанын дөңгелекке қоршаңыз. 2-3 оқушы өз ойын білдіреді. Оқушылардың рефлексиясы Оқушы ____________ Бүгінгі сабақ мен үшін ........ Қиын қиын, тапсырмаларды қиын, бірақ бәрін қиын емес, жартылай орындадым орындадым қызықты | Бұл әдіс мұғалім үшін қандай оқушыға көмек керек екенін көре алады және тапсырмаларды таңдаған кезде барлық оқушылардың ерекшеліктерін ескеруге түрткі болады. Оқушы үшін үдерістің қандай кезенінде екені, әсіресе өзінің мықты және әлсіз жақтарын көре алады. Қандай бағытта даму керек және өзінің оқуын жақсартуға не істеу керектігі туралы ойландырады, ойын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Себебі әр сабақ сайын оқушы өзінің баспалдақтан көтерілуін, көтерілмеуін байқап бір шешімге келеді. |
Қосымша ақпарат |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
|