Тақырыбы:
Көпмүшелерді көбейту
Күні айы: 17.10.2019 ж
Мұғалімнің аты-жөні: Шаяхметова Айзада
7 «ә» сынып
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.2.1.9 көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау;
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:Көпмүшелерді көпмүшеге көбейтуді біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлейді, өз ойларын ортаға салау арқылы тапсырмаларды топпен жұмыс істеуге пайдаланады. Көпмүшенің дәрежесін анықтауй алады
Кейбір оқушылар: Алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, қорытындылап, көпмүшелердің анықтамалары мен қасиеттерін қолданып есептер шығарады.
Бағалау критерийлері
Оқушы: - Көпмүшенің анықтамасын біледі;
Көпмүшені көпмүшеге көбейте алады;
Ұқсас мүшелерді біріктіре алады;
Көпмүшені стандарт түрде жаза алады
Тілдік мақсат | Оқушылар: Көмүше және оның стандарт түрін математикалық тілде оқи алады |
Негізгі сөздер мен тіркестер: көпмүше, ұқсас мүшелер, көпмүше дәрежесі, |
Сыныптағы диалог: «Қайталау оқу анасы», «Математикалық теңеу » «Білегіңе сенбе, біліміңе сен», «Бәріміз біріміз үшін», «Жұптас, ойлан, бөліс» әдістерінде оқушылар бір – бірімен диалогтық оқыту жүргізеді |
Талқылауға арналған тармақтар: 1. Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз? 2. Есеп шығару барысында ұқсас мүшелерді біріктіруді қолдана аласыз ба? |
Сіз неліктен тақырып көпмүшелерді көбейту екенін айта алсыз ба? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: Есептер шығару |
Алдыңғы тақырып: Бірмүшемен көпмүшені көбейту
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері, жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы
3 минут
3 минут
І Ұйымдастыру
а) Сергіту сәті «Математикалық теңеу » (Оқушылар өз есімдерінің бас әрпінен басталатын математикалық сөз айту. Мысалы, Молдір медиана )
ә) Сыныпты топқа бөлу (Бірмүше,көпмүше, дәреже, үшмүше деп жазылған сөздерді таңдау арқылы оқушылар бір топ болады)
б) «Алтын ереже» мен «қауіпсіздік ережесін» таныстырып кету
ІІ Үй тапсырмасын тексеру (интерактивті тақта арқылы өз – өздерін тексереді)
№ 2.103 Өрнекті ықшамдаңдар
(2
x+
1)(x+4)=2x2+9x+4
2) (2x+3)(5x-4)=10x2+7x-12
3)(3x-2)(2x-1)=6x2-7x+2
4) (5a-3b)(4a-b)=20a2-17ab+3b2
«Қайталау оқу анасы»
(Сұрақ – жауап арқылы алдыңғы сабақты қорытындылау)
- Қандай өрнекті көпмүше деп атайды?
- Көпмүшенің дәрежесі дегеніміз не?
-Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
- Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
Стикерлер
Ережелер жазылған плакаттар
Интерактивті тақта
Сабақтың ортасы
1 минут
4 минут
3+3 минут
1 минут
1минут
3+3 минут
1минут
1 минут
2 минут
4 минут
1 минут
1минут
ІІІ Жаңа сабақ. Көпмүшелерді көбейту.
Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін мынадай ережені қолданамыз.Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірінші көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу қажет.
Өткен сабақты қайталап еске түсіру үшін интерактивті тақтадан көрсетілген мысалдарға назар аударайық.
ІҮ Жаңа сабақты бекіту
«Бәріміз біріміз үшін» топпен тапсырма орындау (топпен орындап, бір оқушы жұмыстарын қорғайды. )
I топ:Көбейтуді орындап жауабын сәйкестендіру:
2)
3)2ху² - 6х²у + 4ух 3ав(а-2в+3)
4)3а²в - 6ав² + 9ав 2ху(у-3х+2)
II топ:Көбейтуді орындап жауабын сәйкестендіру:
1) (5х-6)(6х+5) 48х
2) 3(15х+1)+(3х-3) 30х²-11х-30
III топ: Көбейтуді орында:
1. 2а(х+у)
А. 2ах-у В. 2ах+у. С. 2ах+2ау
2. (а+в)(х+у)
А. ах+ау+вх+ву В. ах+ау-вх-ву С. ах+ву
3.(5- а)(4+а)
А. 20-а В. 20+а- а2 С.20+ а2 -2а
IV топ: Көбейтуді орында:
1. 2а(х+у)
А. (х+у)(2а+1) В.(х-у)(2а-1) С. 2ах+2ау
2. 9 (а3 + 3а2 +3)
А. (а+3)(а2 +3) В.9а3+27а2+27 С.(а+3)(а2 -3)
3. 2(х+4)+у-3
А. 2x+8 В. 2х С. 2х+5+у
Кері байланыс:
Топ мүшелері есеп шығаруға толық араласты ма? | |
Барлық есеп шығарылды ма? | |
Топ ішінде белсенділік танытып отырған кім? Оқушы атын жазыңыз. | |
Кімге топ мүшелері көбірек есептің шығарылуын түсіндірді? Оқушы атын жазыңыз | |
Бағалау: Шапшаңдық пен есептің дұрыстығы ескеріліп белсенділік таңытқан топ мүшелеріне бес жұлдыз беру.
Сынып оқушыларын көршілерімен жұптастырып оқулықпен жұмыс жасау
«Жұптас, ойлан, бөліс» №2.105 есепті жұптарға бөліп беріп, бірінші болған жұптар тақтаға шығарды, қалған жұптар өздерін тексереді.
(6а2+5b2)(2a2 -4b2)=12a4-14a2b2-20b4
(-7m2-8n2)(-m2+3n2)=7m4-13m2n2-24n4
(4х2-1)(х2+5)=4х4-19х2-5
(8х2-3ху)(3х3-ху)=24х5 -8х3у-9х 4 у+3х2у2
Бағалау: алғашқы дұрыс есеп шығарып болған 6 жұпқа смайликтер беру
Кері байланыс:
Сергіту сәті:«Мен қандаймын» (Бірінші оң қолдарыңызбен содан кейін сол қолдарыңызбен 1 ден 9-ға дейінгі сандарды жазып шығыңыздар. Жазып болғаннан кейін екі қолдарыңызбен жазған сандардың ұқсастарын табыңыздар)
Егер де:
1 - саны бір-бірімен ұқсас болса эгоист
2 – қатал адам
3 - кекшіл
4 - талапшыл
5 – ұқсас адамдар көп
6 – ішкі жан дүниесі көркем
7 – сәнқой
8 – адамдармен тез араласып кетеді
9 – кез-келген уақытта шын көңілімен жұмыс істейді
«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» (жеке жұмыс, қалыптастырушы тапсырма)
Көпмүшені көбейтуді орында: (х-1)(х2+1)= х3-х2+x-1
Кері байланыс:
Бағалау критерийлері | Дескриптор | Балл |
Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындайды | Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланды | 1 |
Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындады | 1 |
Көпмүшені стандарт түрде жазды | 1 |
Барлығы: | 3 |
Бағалау: Дұрыс жауап тапқан оқушының мұғалім қолын алып марапаттау, сынып шапалақ соғу.
bilimland.kz
сайтынан алынған слайдтар
Тапсырма жазылған парақшалар
Кері байланыс парақшасы
Бес жұлдыз
Оқулық
Смайликтер
бағдаршам түстері
Тапсырма жазылған карточкалар
Дискриптор
Сабақтың соңы
5 минут
V Үйге тапсырма беру №2.107 есеп (түсінік беру)
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» (екі жұлдыз- екі ұнаған нәрсе, бір тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе)
Қорытындылау
Кері байланыс кестесі