СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары: Менің отбасым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы туралы түсінік беру, балалардың тілін дамыту

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: Менің отбасым»

Білім беру саласы: Коммуникация 
Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: Менің отбасым 
Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру. Өзі жанұясы туралы әңгімелесуге үйрету; үйдегі қауіпсіздік режелерінің негіздерімен таныстыру. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру

2. Отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үйдің макеті, отбасы мүшелерінің суреті.


Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу. 
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер. 


Балалар, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ – отбасының белгісі.. Барлығымыз бірге қайталайық. 
Отбасы – ол бақыт, 
Отбасы – ол ата-ана, 
Отбасы – туыстарымыз, 
Отбасы – ол шаңырақ. 


Ұйымдастырушылық кезеңі : Ғажайып сәт.(Үйдің макеті жасырынып қойылады, беті жабық)

- Балалар, мына жасырынып тұрған не? (Балалар әр түрлі жауаптар айтады.)

- Кәнеки, олай болса ашып көрейік. Ия, ол үй екен, не үшін керек?

- Онда адамдар тұрады.

Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы –дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана ана және олардың балалары. Отбасының болуы – үлкен бақыт.
-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады. 
Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б. 
Балалар осы сөздерді кім ойлап тапты деп ойлайсыңдар?

«Ана» деген сөзді де

«Әке»деген сөзді де

«Аға» деген сөзді де

«Тәте» деген сөзді де

«Ата» деген сөзді де

«Әже» деген сөзді де

Ойлап тапқан балалар!

«Жаным-күнім» дегенді

«Құлыншағым» дегенді

«Ботақаным» дегенді

«Толған айым» дегенді

Ойлап тапқан аналар!

Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу. (Ағылшынша-қазақша)



- Тақтаға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші жағына биік таудың, бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреті ілінеді.

Тәрбиешінің көмегімен мақал құрастырылады:

Әке- асқар тау,

Ата – етегіндегі бұлақ

Бала – жағасындағы құрақ.

Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру.

Мысалы: ардақты әке, аяулы ана, ақылды бала т.б.



Сергіту сәті:

Атам жылқы бағады / Бір орнында тұрып, шабу /

Ағам пішен шабады. /Шөп шаққандай қимыл жасау/

Жеңгем сиыр сауады. / Отырып қолдарын қимылдатады/

Әжем киіз қағады. /Қолдарын алға жайып, қимыл жасау/

«Кім жоқ?» дидактикалық ойыны Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін айтады

- Саусақ жаттығулары арқылы санамақ айтады.

Бас бармағым- әкем,

Балаң үйрек – апам.

Ортан терек- ағам,

Шылдыр шүмек- мен.

Титтей бөбек– сен









Ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.

Балалар, кім бізге өзінің отбасы туралы айтқысы келеді? (Әр баланың қолында отбасының суреті болады)
1 - бала. Менің отбасымда 4 адам бар бұл әжем, атам, шешем, әкем. Менің әжем – зейнеткер. Шешем - әкем жұмыс істейді. Анам - мектепте мұғалім. Әкем – жүргізуші. Менің ағам оқушы. Ал мен балабақшаға барамын.
2 - бала. Менің отбасымда әжем, әкем, шешем бар. Мен әкемнің анамның жалғыз қызымын. Кішкентай інім немесе сіңлім болса ғой деп ойлаймын. Мынау менің мейірімді әжем. Ал мынау тәтем, ол ауылда тұрады.
3 - бала. Мынау менің отбасым. Әкем, анам және мен. Менің екі әжем бар: (екі әжесінің атын айтады), олар мені жақсы көреді. Мынау екі атам. Олар мені еркелетеді. Бұл ағам ол Арменияда тұрады. Бұл тәтем, менімен ойнайды. Біз тату тұрамыз.

Әр халықтың өзінің отбасыға байланысты салт-дәстүрлері болады. Ал ол туралы бізге балалар айтып береді



Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.

Африка балалары (Масай тайпасы). Масайлықтардың өздерінше өмір сүру кестесі жасалып қойылған. Он бес жасында ұлдар «маран» атанады. Бұл - әскери шен. Яғни, ол - осы жасынан тайпаны қорғаушы ержүрек азамат. Отыз жасында отбасын құрады және бала-шағасын асырау үшін, өз алдына табын-табын мал бағады. Қырық бес жасында жастарды тәрбиелеумен айналысады, сонымен бірге тайпа халқы үшін жауапты шешімдер қабылдайды. Ал, алпыс жасында тайпаның «рухани көсемі» болады.

АҚШ балалары. Жергілікті педагогика «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымды қолданады. Сондықтан, американдық ата-аналар балаларының қалауына қарсы шыға алмайды. Олар мейрамханаға, коктейльге, тіпті түнгі клубқа барамын, десе де, ата-аналар ертіп апарады.

Румын балалары. «Үлкендерге құрмет көрсету керек», «ата-ананы жақсы көріп, сыйлай білу керек», сонымен бірге «әрқашан әділ болу» керек. Мұндай өнегелі сөздерді румындықтар балаларына үнемі үйретіп отырады. Ата-әжелері немерелеріне ата-бабаларының тарихын баяндап, румын халқына тән салт-дәстүрлердің берік сақталуына, бағалануына және мұның бәрі тәрбие арқылы іске асуына күшін салады.

Бразилия балалары. Бразилияда баланы ұл немесе қыз бала деп бөле-жармай, бірге тәрбиелегенді жөн санайды. Сол себепті, бес жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар бірге асыр салып ойнайды. Ал, бес жастан кейін ғана олар қыз бала мен қыз баланың, ұл бала мен ұл баланың достасуына мүмкіндік жасайды.

Франция балалары. Француздардың ежелгі дәстүрі бойынша бала дүниеге келмей тұрып, оның тәрбиесімен айналысуды қолға алу керек. Көбінесе, сәби өмірге келген соң, ол ата-анасымен ауылда болады. Балақай екі-үш жасқа дейін өзінің ата-бабасы қоныс тепкен ауылда болып, сол жердің суын ішіп, ауасын жұтып өседі.

Қытайдың балалары. Дао уағызшыларының бала туралы өсиеті әрбір қытай бүлдіршініне аңыз болып айтылады. «Балаға тәтті жеуді ұсынғанда, ол барлығын алудан ақылдылықпен бас тартады. Неге деген сұраққа: «Мен әлі кішкентаймын, сондықтан маған аз ғана бөлігі жетеді», деп түсіндіреді. Баланың осы қылығын барлық қытай перзентіне үлгі етеді, баламыз қанағатшыл, мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өссін, дегені

















































МКҚК «Ақ бота» бөбекжай-бақшасы»













Естияр тобына арналған оқу қызметі

Тақырыбы: «Мен және менің тату отбасым»









Тәрбиеші: Секен А.Қ















Петропавл қаласы 2017 жыл