СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 15.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары "Шоқан Уәлиханов"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күнделікті сабақ жоспары. Арнай мектеп оқушыларына арналған.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "Шоқан Уәлиханов"»

Сабақтың тақырыбы Шоқан Уәлиханов

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ш.Уәлиханов туралы кеңінен мағлұмат алады, алған білімін практикалық жолмен көрсетеді. Тақырып аясында сөйлеу, талдау, сәйкестендіруге дағдыланады

Түзеу мақсаты: оқушылардың ойлау, оқу материалын іріктеу, тұжырымдау, алған білімін пайдалана білу дағды мен біліктерін дамыту

Тәрбиелік: қазақ халқының атақты адамдары, тарихи тұлғаларын мақтан етіп, Отанына келешекте адал кызмет етуге, білімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы,

Сабақтың әдісі: тыңдалым, оқылым, айтылым, сұрақ- жауап, жартылай ізденіс, талдау

Сабақтың көрнекілігі: Қазақтың үш шоқ жұлдызы бүктеме буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрау
ә) Оқушыларды түгелдеу

Сабақ айдары:

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына із қалдырған?

Пікір алмасу.

— Қандай адамдардан із, іс, сөз қалады?

— Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер? ( тақтада ұлы тұлғалардың портреттері)

— Кез келген қарапайым адам артына із қалдыруы мүмкін бе?

ІІ. Ой қозғау

— Бейнесюжет тамашалау / Сабақты бастамай тұрып, бейнесюжет көрсетіледі Оқушылар көрсеткен бейнесюжет негізінде сабақ кім туралы екенін, сабақтың тақырыбын анықтайды. Тақырып арқылы сабақтың мақсатын айқындау.

— Бүгін сабақ кім туралы болмақ?

— Артына өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бірі — Шоқан Уәлиханов. Бүгінгі сабақта біз Ш. Уәлихановтың өмірі, ғылыми қызметі туралы қосымша жаңа мәлімет аламыз.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

1.  Мәтінмен жұмыс

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.  Арғы атасы - қазақтың ұлы ханы — Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген.

Шоқанның азан шақырып қойған есімі – Мұхамедханафия. Алайда жастайынан бала болып ойнағаннан гөрі, әжесі Айғанымның қасында шоқиып отырып, әңгіме, қиссаларды тыңдағанды ұнатқан. Бес жасынан хат таныған. Содан әжесі Айғаным сүйікті немересін Шоқан деп атап кеткен.

Шоқанның жастайынан білім, ғылымға жақын болуына әкесі Шыңғыстың да әсері тиді. Шыңғыс көптеген орыс зиялыларымен таныс еді. Олардың көпшілігі бірнеше рет Шыңғыстың аулына қонаққа келген. Жеті жұрттың тілін білуге тиісті" хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мұнда «екі-үш жылдан кейін-ақ өз кластастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да басып озып шығады» (Г. Н. Потанин)

1853 жылы Шоқан Кадет корпусын бітіріп шығады.
1856 жылы Ыстықкөлге, 1857 жылы Алатау қырғыздарына, 1858- 1859 жылдары Қашқарияға сапар шекті.

2.Тапсырмалар:

 Әр оқушы мәтінмен танысып, мәтінді оқу барысында олар жазады.


I. Берілген материалдар бойынша төмендегі кестені толтырыңдар (І-ІІ деңгейдегі оқушыларға кесте таратылады)

Аты –жөні,

ғылыми қызметі

Өмір жылдары, туған жері

Орыс ғалымдары-мен -байланысы

Алған білімі

Қызметі

Зерттеу саласы

Еңбек

тері

ІІІ- ІV деңгей.Шоқан жүрген жерлер» деп алып, карта бойынша саяхат жасау,кестені толтыру

Жылдары Қайда болды? Не істеді?

1854-1857

1857-1859


VІІ.Тексеру, түзету, толықтыру жұмысы.

1. Кестенің әр бөлігі бойынша оқушылар жазған мәліметтерін оқиды.

2.Тақтада сол бөлікте жазылуы тиіс мәлімет рет-ретімен  ашылады.

1.Толтырылған кестелеріңді салыстырып, толықтырыңдар

Аты –жөні,

ғылыми қызметі

Өмір жылда-ры, туған жері

Орыс ғалымда-рымен байланы-сы

Алған білімі

Қызметі

Зерттеу саласы

Еңбектері

Шоқан

(Мұха-мед-Хана-фия)

Уәлихан-ов.

Зерттеуші ғалым, этно-граф, географ, тарихшы, саяхат-шы,

Ағарту-шы демо-крат,

суретші

1835 -1865

Қоста-най облысы

Құсмұ-рын бекеті.

 

 

 

П.П. Семенов-Тян-Шанский-мен,

Ф. Достое вскиймен

дос болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Омбыдағы кадет корпу-сы.

Араб, шаға-тай, түркі ,орыс тілде-рін меңгер-ген.

1957жылы 22 жасын

да орыс география қоға - мына мүше болып сайлан-ды.

19 жасын-да Батыс Сібір мен Қазақс-танның солтүстік –шығыс аудандарын басқар-ды

Генерал-губернатор Г.Х. Гасфорттың адьютанты болды.

Аңыз, әңгімелер, халық ауыз әдебиеті, Қазақ тарихы,

Түркістан тарихы, шығыста-ну,

география,қазақ, ұйғыр, қырғыз, дүңген, қытай халықтары-ның тарихы мен этнографиясы,

фольклор, сәулет өнері.

«Алты шаһардың жайы туралы»,

«Іле өлкесінің географиялық очеркі» ,

«Жоңғария очерктері»,

 «Ыстықкөл

сапарының күнделік тері»,

«Қырғыздар туралы жазбалар»,

«Манас» жырын алғаш қағаз бетіне түсірді.

VІІІ.  Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді анықтап қойып, сөйлемді толықтыр.

1).Шоқан ...  бір ауыз сөз білмеді Екі – үш жылдың ішінде ... оқушылардың қатарына қосылды.

2)Шоқан ... ... оқыды. Мұғалімдер Шоқанды ...-... жасында болашақ ғалым , зерттеуші деп атады

3) Шоқан ...-ақ жыл өмір сүрді

VІІІ. Сабақты қорытындылау:

Ә. Тест

  1. Шоқанның арғы атасы кім?

А) Құнанбай

Ә) Тәуке

Б)  Абылай

  1. Шоқанның атақты саяхаты.

А) Ресейге саяхаты.

Ә) Америкаға саяхаты

Б) Қашқарияға саяхаты

3.Шоқанның орыс досы кім?

А) Ломоносов

Ә) Потанин

Б)  Суриков

4.Шоқан қандай қырғыз жырын  зерттеген?

А) «Еламан»

Ә) «Манас»

Б)  «Алпамыс»

 

5.Шоқанның азан шақырып қойған аты кім?

А) Ибраһим

Ә) Мұхаммедханафия

Б)  Шоқан 

6.  Шоқан жайлы пікір айтқан орыс ғалымы кім?

А) Павлов

Ә) Потанин

Б) Пирогов

 

7.Шоқан қандай қоғамға мүше болып сайланды?

А)  Орыс қоғамына

Ә) Орыс географиялық қоғамына

Б) Қазақ  ұлттық қоғамына

8.Шоқанның әкесінің аты кім?

А) Уәли

Ә)  Тахауи

Б)  Шыңғыс

 

9. Шоқан қайда білім алған?

А) Санкт-Петербургте

Ә)  Мәскеуде

Б) Омбыда

 (Мұғалімнің қорытынды сөзі)

VIII. Үйге тапсырма:

Шоқан Уәлиханов туралы реферат жазу.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!