СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары "Сүт" 4-сынып

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мамандарына арналған сабақ жоспары 

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "Сүт" 4-сынып»

Сабақтың тақырыбы

«Сүт»

Күні: 09.11.18

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып: 4в

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

4.1.3.1 мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және түйінді тұстарын анықтау.

4.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу, сұхбаттасын түсіну және оның сөзін нақтылау, анықтау, өз сөзімен айтып беру.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап бере алады.

Көбі: Берілген суреттерге қатысты, өз ойларын ашық жеткізе алады.

Кейбірі: Суреттер арқылы, жұбымен диалог құрастыра алады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Қажетті құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, тақырыпқа қатыста суреттер, кітап, тақта, бор, стикерлер.

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, «Мақта қыз бен мысық» әдісі, «Төрт сурет, бір сөз әдісі», суреттік диктант әдісі.


Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар

Тапсырмалар


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

I.Сабақтың басы


Оқушылармен амандасады,түгендейді.

Назарларын сабаққа аудартады. Кезекшімен сұхбат жүргізеді.


Амандасады, сабақ құралдарын шығарып, кезекші өз міндетін атқарады. Назарларын сабаққа аударады.

Өткен сабақты тексеру


Үй тапсырмасы «Мақта қыз бен мысық» ертегісі арқылы сұралады. Оқушыларға екі сурет таратылады.

Мысық суреті бар топ үй тапсырмасын айтады.

Мақта қыз суреті бар топ сұрақ қояды.


Оқушыларды бағалау үшін смайликтер қолданылады. Сабақ соңында жинаған смайликтеріне байланысты бағаланады.

Үй тапсырмасына жауап береді.

Қызығушылықты ояту


«Төрт сурет, бір сөз» әдісі

Суреттен не байқадыңыздар?

Ендеше, бүгінгі жаңа материал: «Сүт»

Суреттерге қарап жауабын табады.

  • Суретте сиыр мен мысық берілген. Сиыр сүт береді, ал мысық сүтті жақсы көреді. Демек жауабы сүт болуы мүмкін.

Сабақтың ортасы


1-тапсырма. Суреттік диктант

Сүт – молоко.

Сүзбе – творог.

Айран – кефир.

Құрт

Май – масло

Қаймақ – сметана

Балмұздақ – морженое


Дескриптор:

  • Суреттерді бір минут ішінде естеріне сақтап, дәптерлеріне жаза алады.

2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Суретке қара. Сұраққа жауап бер.

Сүт қандай болады?

  • Суреттерге қарап сұраққа жауап бере алады.


3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Тыңда, оқы. «Ортадағы қалам» әдісі.

Мынау – сүт. Мен күнде сүт ішемін. Мен сүтті жақсы көремін. Сүт сұйық болады. сүттің түсі ақ болады. Сүт денсаулыққа пайдалы, себебі сүтте пайдалы дәрумендер бар.

Сұрақтар:

  • Сүт қандай болады?

  • Сүт неге пайдалы?

  • Сен сүт ішесің бе?

  • Сен сүтті жақсы көресің бе?


Дескирптор:

  • Мәтінді оқиды.

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауапбереді.


Сергіту сәті. «Қара жорға»


3-тапсырма. Диалог. Оқушылар көршілерімен берілген суреттерге қарап диалог құрастырады.












Дескриптор:

  • Берілген суреттер бойынша жұбымен диалог құрастыра алады.

  • Қажетті сөздерді пайдаланады.


4-тапсырма. Толықтырып айт.

Сүт тәтті болу үшін ... қосуға болады.

Берілген сөздер: қант, какао, бал, тосап.






Дескирптор:

  • Үлгі бойынша сөйлемдерді толықтырып айта алады.


5-тапсырма. «Стикер кімде?» әдісі. Сұрақтарға жауап бер.

Егер сүтке қант қосатын болсақ ...

Егер сүтке какао қосатын болсақ...

Егер сүтке бал қосатын болсақ ...

Егер сүтке тосап қосатын болсақ ...



Дескирптор:

  • Берілген суреттер бойынша сөйлем құрастыра алады.

Оқушылар тақтада 1 мин бойы көріп,естеріне сақтаған азық-түліктерді жазады.











Сүт сұйық болады.

Сүт ақ болады.

Сүт дәмді болады.





Оқушылар қаламдарын ортаға жинап, мұғалім кімнің қаламын суырып алса, сол мәтінді оқиды. Мәтін осылайша кезекпен-кезек оқылады.
















  • Сәлем, Лана!

  • Сәлем, Ботакөз!

  • Қарашы, менің әжем бізге құрт дайындап берді. Жеп көресің бе?

  • Ммм, қандай дәмді. Менің де анам бүгін айраннан тәтті бәліш пісірді.

  • Сен анаңа көмектестің бе?

  • Иә, әрине, көмектестім.

  • Ал әжем маған кішкене өскен соң сиыр сауып үйретемін деді.

  • Қандай керемет! Мен де анамнан сұрап көрейін






Сүт тәтті болу үшін қант қосуға болады.

Сүт тәтті болу үшін какао қосуға болады.

Сүт тәтті болу үшін бал қосуға болады.

Сүт тәтті болу үшін тосап қосуға болады.







Егер сүтке қант қосатын болсақ түсі өзгермейді, бірақ дәмі өзгереді, тәтті болады.

Егер сүтке какао қосатын болсақ түсі де, дәмі де өзгереді.

Егер сүтке бал қосатын болсақ түсі сәл өзгереді, дәмі өзгереді.

Егер сүтке тосап қосатын болсақ түсі де, дәмі де өзгереді.

III.Сабақтың соңы

Бағалау

3 мин

Сабақ барысында алған смайликтері бойынша бағаланады.

«От шашу»

Оқушылар бір-бірін бүгінгі сабаққа қатысуына байланысты бағалап, параққа жазып мұғалімге беріп, қорытынды бағаны өзі қояды.

IV. Үйге тапсырма

2 мин

Сүт – пайдалы сусын. Шағын эссе.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

V.Ойтаразы

3 мин

«Алақан жылуы» әдісі.

Ақ алақан – сабақтан алған жағымды эмоциям.

Қара алақан – сабақтан алған жағымсыз эмоциям.


Егер сабақ ұнап, жағымды әсер алған болса, ақ алақан.

Егер жағымсыз әсер болса, қара алақанға есімдерін жазып, қорапқа салады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!