Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "Толық тізбек үшін Ом заңы"»
10-сынып
Сабақ тақырыбы: Толық тізбек үшін Ом заңы.
Сабақ мақсаты:
Толық тізбек туралы, толық тізбек үшін Ом заңы, қысқа тұйықталу туралы түсінік беру.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: көрсетілімдер арқылы баяндау, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеомагнитофон, электронды оқулық, видеопроектор.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымдаңдар.
Электр кедергісі деп нені түсінеміз?
Металл өткізгіштің кедергісі оның өлшемдеріне қалай тәуелді?
Меншікті кедергінің физикалық мағынасы қандай?
Кедергінің температуралық коэффициенті дер нені айтады?
Өткізгіштерді тізбектей жалғау дегеніміз не?
Өткізгішті тізбектей жалғау белгілерін айтыңдар.
Өткізгішті параллель жалғау дегеніміз не?
Өткізгішті параллель жалғау белгілерін айтыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Видеокөрсетілім арқылы түсіндіріледі.

Ток көзінде Аб=qε бөгде күштердің жұмысы есебінен электр өрісі пайда болады. Бұл өріс сыртқы тізбекте де (тұтынушы) Aэл1=UR∙q, ішкі тізбекте де (ток көзінің ішінде) Аэл12=Ur∙q зарядтың орын ауыстыруы бойынша жұмыс атқарады. Энергияның сақталу заңына сәйкес Аб=Aэл1+Аэл2 немесе εq=URq+Urq, яғни ε=UR+Ur
UR=I∙R, Ur=I∙r
I= ε/R+r
Тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің ЭҚК-нің шамасына кері пропорционал және тізбектің ішкі, сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын толық кедергісіне кері пропорционал.
Егер Rr болса, онда I= ε/R немесе ε=IR, яғни ε=U
Егер R=0 болса, I= ε/r=max. Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады.
ІV. Пысықтау.
V.Есептер шығару: №805, №806.№811.
VІ. Үйге тапсырма. №807, №808.
VІІ. Бағалау.