Күні: 06.10.16 | Сынып: 7 Пән: Биология |
Сабақтың тақырыбы | Ақ сұлама – емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшық еттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі. |
Мақсаты | Білімділік: Көпжасушалылылардың өкілі – жалпақ құрттардың құрылым ерекшеліктерін, маңызын таныту. Ақ сұламаның сыртқы және ішкі құрылысының негізгі ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру. Дамытушылық: Еске сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын еркін айтуға баулу. Ақ сұламаның таралу жолдары, пайда-зияны туралы қосымша ақпарат көздері арқылы ізденіс дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік: Көпжасушалы жануарлар туралы алған білімдерін қолдану арқылы жалпақ құрттардың түрлерін ажырата білуге үйрету. |
Күтілетін нәтижелер | Ақ сұламаның сыртқы және ішкі құрылысының негізгі ерекшеліктерін сипаттап айта алады. Денесінің үшқабаттылығы көпжасушалы ағза екендігін дәлелдейтіндігі туралы тұжырым жасайды. Эктодерма, мезодерма, энтодерманы ажыратады. Ағзаның мүшелерін, олардың әртүрлі қызметін біледі, ағза тіршілігіндегі маңызына баға береді. |
Керекті жабдықтар | Кесте, ноутбук, электронды оқулық, флипчарт, оқыту әдістемесі, жұмыс дәптері, презентация. |
Пәнаралық байланыс | Бейнелеу өнері, қазақ тілі, математика |
Қолданылатын әдістер | Түсіндіру, үй тапсырмасын тексеруде «Дөңгелек үстел» әдісі, жаңа сабақты меңгертуде «Мозаика» әдісі, флипчарт қорғау, бекітуде «Биологиялық диктант», тест, сурет салу, Венн диаграммасын құру. |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері | Уа-қы-ты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе | | Сыныппен амандасу. Топтарға бөлу, топтық ережені еске түсіру. Үй тапсырмасын сұрау: «дөңгелек үстел» әдісі арқылы. Топ ішінде бір оқушы бастап ішекқуыстылардың кластары туралы тіршілігі, құрылысы, пайда-зияны туралы бір сөйлем бастап жазады, келесі оқушы оның сөйлемін жалғастырады. Барлық оқушылар жазып шыққанда бір мәтін шығады. Әр топ өз мәтінін келесі топқа оқиды. І топ. Гидратәріздестер класы. ІІ топ. Табақша тәріздестер класы. ІІІ топ. Көпқармалауышты маржандар класы. ІҮ топ. Рифтер туралы. | Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды. |
Тұсау-кесер | | Мен бүгінге дейін құрттар туралы не білемін? Оқушылардан өз ойын сұрау. Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айтамын. Электронды оқулықпен түсіндіру. Құрттар – жануарлардың ең көп таралған тобы. Бұлардың денесі созылыңқы пішінді, аяқтары болмайды, алайда басын айқын ажыратуға болады, ирелеңдеп қозғалады. Құрттар үш типке ажыратылады: жалпақ құрт, жұмыр құрт және буылтық құрт. Жалпақ құрттар – екі жақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер. Дене пішіні созылыңқы, құрсағы арқасына жабысып жалпайған, үш қабаттан эктодерма, мезодерма, энтодермадан тұрады. Кейбір түрлерінің денесін кірпікшелер қаптаған, еркін тіршілік ететін жәндіктер. Теңізде, мұхитта, тұщы суларда тіршілік етеді. | Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын оқушылар анықтайды. |
Негізгібөлім | | Жаңа сабақты «Мозаика» әдісі арқылы меңгерту. Бүгінгі сабаққа «зоолог ғалымдар» келіп отыр. Ғалымдарға зерттеуге белгісіз жалпақ құрт өкілін береміз. Осы құрт туралы толық зерттеу жүргізіп, оның сыртқы, ішкі құрылысымен, негізгі ерекшелігімен осы сабақта танысамыз. Ғалымдар ішінде«профессорлар» өз жинаған білімімен келесі топқа барып бөліседі. Мұғалім топтарға зерттеуге ақ сұлама бейнесіндегі ресурстық парақтарды таратады. 1-топқа: Ақ сұламаның тіршілігі және сыртқы құрылысы. 2-топқа: Ақ сұламаның ішкі құрылысы. Қоректенуі. 3-топқа: Тыныс алуы және қан айналымы. Зәр шығаруы. Жүйке жүйесі. 4-топқа: Сезім мүшелері. Көбеюі. | Алдымен топтар өз ішінде оқып, флипчарт жасап талқылайды. Сосын әр топтан 1 оқушы флипчартын басқа топтарға апарып, тақырыпты түсіндіреді. Болған соң «профессорлар» бөлек үстелде тақырыпты бір-біріне түсіндіреді. «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы әр топқа баға береді. 1 бөлік – не ұнады, 2 бөлік – не нәрсені жақсарту керек, 3 бөлік – маған ұнады, бірақ келесі жолы... |
Қоры-тынды | | Бекіту. І топ: Биологиялық диктант. 1. Жалпақ құрттар – ..... ..............симметриялы, ...... қабатты жәндіктер. 2. Зоология ғылымның паразит құрттарды зерттейтін саласы............................деп атайды. 3. Ақ сұламаның ас қорыту жүйесіне ............., ..........., .............. жатады. 4. Ақ сұлама .......... құрттар класына жатады. 5. ................. жүйесі бұған дейінгі жәндіктерде болмаған жүйе. ІІ топ: Тест Құрттар неше типке ажыратылады? А) 1, В) 2, С) 3 Д)4. Кірпікшелі құрттардың денесіндегі кірпікшелер қандай қызмет атқарады? А) еркін қозғалу В) сезімталдық С) қорғаныш Д) қармағыш Денесі қандай симметриялы? А) көп сәулелі В) екі жақты С) үш жақты Д) көп жақты Барлық ұлпалар мен мүшелер дамитын қабат? А) эктодерма В) мезодерма С)энтодерма Ағзадағы белгілі құрылысы бар дене бөлігі? А) жасуша В) ұлпа С)мүше Д)мүшелер жүйесі Ақ сұламаның ішектері: А) ашық В) тұйық С) ұзын Д) қысқа Ақ сұламаның жүйке жүйесі: А) тор тәрізді В) бір бағаналы С) екі бағаналы Д) үш бағаналы Ақ сұлама: А)дара жынысты В) гермафродит Ақ сұлама денесі неше ұлпадан тұрады? А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Ақ сұлама қай класқа жатады? А) сорғыш құрттар В) таспа құрттар С) кірпікшелі құрттар ІІІ топ: Суреттің схемасына қарап, мүшелерді табу, құрылысын түсіндіру. ІҮ топ: «Венн диаграммасы» Ақ сұламаның жүйке жүйесі мен гидраның жүйке жүйесін, сезім мүшелерін салыстыру. Сабақ бойы жұмыстанулары бойынша оқушыларды бағалаймын, бағаға түсініктеме беремін. Үйге тапсырма беремін: «Ақ сұлама» реферат дайындап келу. §42 184-185 бет тақырыпты оқу, стикерлерге сұрақтар жазып келу. Рефлексия: «Алақан». | |
Бекіту.
І топ: Биологиялық диктант.
1. Жалпақ құрттар – ..... ..............симметриялы, ...... қабатты жәндіктер.
2. Зоология ғылымның паразит құрттарды зерттейтін саласы............................деп атайды.
3. Ақ сұламаның ас қорыту жүйесіне ............., ..........., .............. жатады.
4. Ақ сұлама .......... құрттар класына жатады.
5. ................. жүйесі бұған дейінгі жәндіктерде болмаған жүйе.