СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақта онлайн бағдарламаларды қолдану кезінде қандай фактілер кедергі келтіреді

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын оқытушылар тобы қатысты.  

 

Просмотр содержимого документа
«Сабақта онлайн бағдарламаларды қолдану кезінде қандай фактілер кедергі келтіреді»

САБАҚТА ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ ФАКТІЛЕР КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕДІ

( осы сұраққа әр сабақ сайын жауап керек)


Иват Г, информатика пәнінің оқытушысы



«Ең оңайы - еліктеу, Ең  ащысы - тәжірибе, Ең  мәртебелісі – ойлау»

Конфуций


Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көп мәдениетті ортада  бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіріп, әлемдік сапа деңгейіндегі білім мен білік дағдыларына негізделген  білім беру жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе.

Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын оқытушылар тобы қатысты.  


Бірінші Lesson Study- ды жоспарлау



Біз өз білім ордамызда Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап,   ұйымдастыратын Иват Г (информатика пәнінің оқытушысы), Дакен М (информатика пәнінің оқытушысы), Рахметжанова Г (информатика пәнінің оқытушысы) және Турсункулова А (педагогика пәнінің оқытушысы) сияқты оқытушылардан топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде онлайн бағдарламаларды қолданудағы кедергілерді қалай анықтауға болады»  тақырыбы бойынша 2 ивтк тобында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта- 24 оқушы. 14 ер бала, 10 қыз бала. Топта оқу озаты-1, оқу  екпіндісі -  12. Жалпы топтың білім көрсеткіші –70 % құрайды. Топтың білім деңгейі мен сыныптың  белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі  жақсы. Сондықтан  осы онлай бағдарламаларды қолданып оқытуды басты назарға алғандағы  мақсатымыз – онлайн бағдарламаларды қолдану арқылы топта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік  атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар онлайн бағдарламаларды қолдана отырып оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.

Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда онлайн бағдарламаларды сабақта қолдану бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.

Lesson Study тәсілінің ережесі бойынша 2 ивтк тобынан бақылау жүргізуге үш студент іріктеп алынған.Олардың деңгейлері әртүрлі Серік Замира - оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, Жақсыбай Ақжол- оқу үлгерімінің деңгейі орта, Амангельдинов Нұрсұлтан- оқу үлгерімінің деңгейі төмен студенттер.

Бірінші сабақ тақырыбы: «Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі» информатика пәнінің оқытушысы Рахметжанова Гүлмария Багашаровна өткізді. Сабақта онлайн бағдарламалар kahoot.com, LearningApps.org және ДЖИГСО әдісі қолданылды.



Бірінші Lesson Study-ды талқылау, екінші Lesson Study-ды жоспарлау.


Бірінші Lesson Study-ды талқылау барысында озат студент Серік Замирадан күткен үмітіміз ақталды. Студент сабақ материалын толық көлемде меңгеріп, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. Орта деңгейдегі оқушы Жақсыбай Ақжолдың сөздік қоры аздау, бірақ тапсырмаларды толық көлемде меңгереді деп күткен едік, үмітіміз артығымен орындалды. Топтық жұмыс бұл студенттердің белсенділігі мен қызығушылығының артуына алып келді. Постер жасауда ерекше белсенділік танытты. Төмен деңгейдегі оқушы Амагельдинов Нұрсұлтан сабақ барысында сабаққа қатысып отырды. Оның сабаққа ынтасының көтерілгені көрініп тұр. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындап отырды.


Ауызша айтылған айғақтар негізінде онлайн бағдарламалар тапсырмаларын орындауда топпен ақылдасу та псырманы шешуде ерекше маңызға ие болды.

Бұл кезеңде бірінші Lesson Study кезінде анықталған кемшіліктер жойылды. Студенттердің нәтижесін жақсарту үшін Lesson Study –де шығармашылық жұмысқа көбірек көңіл бөлу, студенттердің өзіне айтқызу, кез-келген ситуациядан өздігінен шығу, сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, тапсырмаларды диалогтық оқыту арқылы бағыттап беру деген мәселелер ескерілсін деген пікірлер айтылды. Бұл пікірлер екінші Lesson Study-де өткізілетін сабақ жоспарына енгізілді.


Екінші сабақ: «Информатиканы оқыту әдістемесі» Пән оқытушысы:Дакен Маржан

Тақырыбы : «Қысқа мерзімді жоспар құру жолдары».Сабақта Plickers.com тест құрастыруға және LearningApps.org тапсырмалар орындауға, Google Form анкеталар жасауға арналған онлайн бағдарламаларды қолданды.

Екінші Lesson Study-ды талқылау, үшінші Lesson Study-ды жоспарлау.

Екінші Lesson Study барысында В деңгейіндегі студент Жақсыбай Ақжол ерекше белсенділік танытты. Барлық сұрақтарға жауап беріп, өз тобының көшбасшысы қабілетін байқатты. Ол өзінің еңбексүйгіштік қасиетін көрсете білді. Топ сенімін ақтай алатындығына барлығының көзін жеткізді. Көзбен көретін айғақтар негізінде онлайн бағдарламалар арқылы берілген тапсырмаларын топпен орындау оқушылардың қиялын ұштауда ерекше роль атқарды.

Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып бойынша ауызша есептер орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылды. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды. С деңгейіндегі студент Амангельдинов Нұрсұлтан сабаққа белсене қатысты. ДЖИГСО әдісі бойынша берілген тапсырманы дұрыс орындап шығып, жобаны қорғады. А деңгейіндегі студент Серік Замира өзінің көшбасшы екенін көрсетті. Қандай сұрақ қойса, тез жауап беріп тапсырманы тез орындап отырды.

Бақылауда болған студенттер күтілген нәтижеге сай жұмыстанғандары байқалды.

Бұл кезеңде екінші Lesson Study-де жіберілген кемшіліктерге талдау жасалып, олар түзетілді. Әр студенттің ойын жеткізуіне мүмкіндік туғызу, оқушы ойының дамуына қолдау көрсету, алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білу секілді мәселелер үшінші Lesson Study-де қамтылуы керектігі айтылды. Бұл пікірлер үшінші Lesson Study өткізілетін сабақ жоспарына енгізілді.

Үшінші нәтиже сабақ: «Информатиканың теориялық негіздері». Пән оқытушысы: Иват Гаухар. Тақырыбы: «Операциялық жүйе, файлдар мен бумалар». Бұл сабақта Quizlet.com ағылшын – қазақша терминдермен жұмыс жасауға, GOOGLETest тест орындауға, GOOGLEForm сұрақтарға жауап беруге арналған онлайн бағдарламалар қолданылды.

Үшінші Lesson Study-ды талқылау, Lesson Study-ды қорытындылау

Үшінші Lesson Study барысында озат оқушы Серік Замира ерекше көзге түсіп, өзін нағыз көшбасшысы ретінде топ мүшелеріне көмектесіп, оларды тапсырма орындауға итермелеп отырды. Соңында өз тобының мүшелерін бағалады.

Ал төмен деңгейдегі оқушы Амангельдинов Нұрсұлтан тапсырмаларды орындауға көп шықты. Себебі оның тобында орта деңгейдегі студенттер болды.Берілген тапсырмаларға белсене қатысып отырды. Сұрақтарға дұрыс жауап берді.

Студент топтан қалып кетпеуді ойлап, барынша сабаққа атсалысуға тырысты..

А деңгейдегі студент Серік Замирада бұл сабақта да алдына жан салмады. Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап, қойылған сұраққа жауап беріп отырды. Ол өз сыныбының көшбасшысы екенін көрсетті.

Үшінші Lesson Study өте сәтті өтті

Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:

  • Оқытушылар арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.

  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.

  • Оқытушылардың назарын студенттердің білім қажеттіліктеріне аударады.

  • Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.

  • Оқытушылар кәсіби педагогикалық білімін дамытады.

  • Оқытушылар сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

  • Оқытушылар білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.

  • Студенттің оқуы жақсарады.

  • Функционалдық сауаттылығы дамиды.

  • Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

Lesson Study оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.

Қай кезде  де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші  ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса,  өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де  санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- студентке саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған  ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.

Жаңа форматтағы  біліктілікті арттыру курсынан өткен оқытушылар жаңа форматтағы оқытушылар қатарына жатқызуға болады, ал жаңа форматтағы оқытушы   деген атқа ие ұстаз үнемі алдыңғы қатарда болуы керек, үздіксіз білім алуды, тәжірибе алмасуды  мақсатқа айналдыруы тиіс.