СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтан тыс ашық шараның тақырыбы: «Абай – ұлы тұлға

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шараның мақсаты:

    а) Абай өмірі  мен шығармашылығына шолу жасату. Ұлы тұлғаның әдеби мұрасын студенттерге зерттете, талдата отырып, оның адамгершілік мұраты мен сезім-ой тереңдігіне бойлату арқылы шәкірттерді көркем сөздің құдіретін түсіне білуге үйрету.

    ә) тәрбиелік: шәкірттерге ақынның ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ой-толғауларын сездіре отырып, оларды отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Поэзия құдіреті арқылы оқушы сезіміне әсер ете отырып, данышпан ұлы жанды құрметтеп, үлгі тұтуға үйрету.

    б) дамытушылық: студеттердің ой-белсенділігін дамыту, еске түсіру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ оларды шешен сөйлеуге дағдыландыру.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтан тыс ашық шараның тақырыбы: «Абай – ұлы тұлға»



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

«БҚОӘББ Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК




Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты оқытушысы - З.И.Акишева

Сабақтан тыс ашық шараның тақырыбы: «Абай – ұлы тұлға»


Шараның мақсаты:

а) Абай өмірі мен шығармашылығына шолу жасату. Ұлы тұлғаның әдеби мұрасын студенттерге зерттете, талдата отырып, оның адамгершілік мұраты мен сезім-ой тереңдігіне бойлату арқылы шәкірттерді көркем сөздің құдіретін түсіне білуге үйрету.

ә) тәрбиелік: шәкірттерге ақынның ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ой-толғауларын сездіре отырып, оларды отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Поэзия құдіреті арқылы оқушы сезіміне әсер ете отырып, данышпан ұлы жанды құрметтеп, үлгі тұтуға үйрету.

б) дамытушылық: студеттердің ой-белсенділігін дамыту, еске түсіру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ оларды шешен сөйлеуге дағдыландыру.

Техникалық құралдары: Ғаламтор арқылы ақпараттық коммуникативтік технологияларының элементтерін пайдалану, мультимедиялық проектор.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясы, сұрақ-жауап, ой-белсенділігін дамыту әдісі, сахналық шағын көрініс және Абайдың «Көзімнің қарасы» атты әні орындалады.

Стол үсті: Кітап көрмесі - ақынның портреті, шығармалар жинағы, буклет, рефераттар, оқушылардың жазған жобасы, баяндамалары, мақаласы.

Көрнекілігі: «Шығарма-мінездеме» мен «Әдебиет лотосы» кестелері, концептуалдық кесте (кейіпкерлерді бағалау), тірек схемалары, Абайдың шығармашылық жолына арналған схемасы, слайдтар жинағы. Bilim Land сайтынан №785 Абай Құнанбайұлының «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ» шығармасының аудио нұсқасы тындалады, осы шығармаға байланысты глоссарий жаздыру.






Bilim Land сайтынан №797 Абай Құнанбайұлының алтыншы қара сөзінің аудио нұсқасы тындалып, талдайды және глоссариймен танысады. «Қыс», «Күз» өлендері мен «Ескендір» поэмасының аудио-видео нұсқасы тындалады. Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» аудио-видеосы көрсетіледі.

Жүргізуші: /Сабақтың эпиграфы / Қ. Мырзалиев кемеңгер Абай туралы былай деді :

Өмірге кінә тақсам да, Сап-сау қол, сап-сау аяқпен

Өлеңге тағар мінім жоқ. Тұғырға біз бе алаңдар :

Орынсыз кейде қалсам да, Атадан қалған таяқпен

Ойсыз бір қалған күнім жоқ. Абайдан қалған қалам бар

Оқытушы сөзі: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын Республика көлемінде атап өту туралы биыл 30 мамырда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бекітілді. Осыған орай мерейтойды дайындау, өткізу жөнінде комиссия құрылды. Үкімет- һәкім Абайдың мерейтойын ел көлемінде атап өту үшін 500-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлаған болатын. Осыған орай бүгінгі сабақтан тыс ашық шара «Ұлы Абайдың 175 жылдығына » арналып отыр.Ұлы данышпан Абай атамыз барша өмірін халқына арнаған, ел мүддесін, қара басының қамынан жоғары қойған ұлтжанды жан. Оның бойында ерекше бір сүю сезімі бар. М.Әуезов тілімен айтқанда ол жай сүю емес, жанынан артық көріп жұртын сүю сезімі, халқын сүю сезімі. Бұл сүюден қасиетті сезім жоқ.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Біздің колледжімізде осы мерекелік шарадан қалыс қалмай Ұлы данышпан Абай атамыздың 175 жылдығына арналған «Абай – ұлы тұлға» атты ұйымдастырылған шарамызды ашық деп жариялаймыз.

Ашық шараның барысы: ұйымдастыру, дөңгелек үстел.

Шараны өткізу барысында дөңгелек үстелге студенттерді алты топқа бөліп отырғызамын. Атап айтқанда:

1.Әдебиетші /Абайдың өмірі туралы таныстыру/.

2.Лирик /оқу-білім, ғылым және табиғат лирикасы туралы/.

3.Аудармашы /аудармаларымен таныстыру/.

4.Философ /қара сөздері туралы/.

5. Абайтанушылар /Абай туралы қорытындылап өз ойын айтады және «Абай Құнанбаев шығармаларының тіл ерекшеліктері» тақырыбындағы жобаны қорғайды. Абай Құнанбаевтың шығармаларына «Шығарма-мінездеме» мен «Әдебиет лотосы» кестелері бойынша талдау жасау/.

6.Композитор /ақынның әндері туралы және «Көзімнің қарасы» атты өлеңі орындалады/.

Оқытушы сөзі: «Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын»,- деп ұлы Абай ел алдындағы парызын өтеуде «Ата баласы емес, адам баласы » екенін дәлелдейді. Ұлы жанның ұлылығы осы болса керек.

Ұлылық, данышпандық, өлмес сөз, өзгермес ой қалдырса, ол – Абай сөзі . Абай даналығы . Міржақып Дулатлов айтқандай: «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Ең жоғары, ардақты орын – Абайдікі.»

Ал енді әдебиетшіге сөз беріледі .

Жауап: Кемеңгер Абайдың өмірі туралы /Аліпқали айтып береді/.





Оқытушы сөзі: Абай кім ?


Жауап : Абай – ақын, лирик, аудармашы, философ. Мұғалім: Абайдың лирикалық өлеңдері қандай тақырыптарға арналған, кім айтады ?

Жауап : Оқу-білім, саяси-әлеуметтік, табиғат, достық, махаббат лирикаларына арналған. /Шығармашылығы туралы – Алталиева айтып береді/.

Оқытушы сөзі: Абай өлеңдерінің көпшілігі феодалдық қоғамды, ел билеу, басқару жүйелерін сынауға арналды. Өмір сүрген ортаның әділетсіздігі, сол ортаны билеп отырған үстем тап өкілдерінің екі жүзділігін, сол ұнамсыз типтердің мінез-құлықтарын жыр бұлағына айналдырды.





Олай болса, Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасына жататын өлеңдерін атаңдар және кім жатқа мәнерлеп , оқып береді ?

Жауап: «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»,

«Сегіз аяқ» т.б.

Bilim Land сайтынан №785 Абай Құнанбайұлының «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ» шығармасының аудио нұсқасы тындалады, осы шығармаға байланысты глоссарий жаздырамын.

Поэзия минуты: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» мәнерлеп, жатқа оқып береді.

Оқытушы сөзі: Ақынның бұл өлеңіне арқау болған жағдайлар қандай еді? Кімнің қандай пікірі бар?

Жауап: Бұл өлеңде ақын қазақ елінің қиын да, күрделі тағдырына жаны ашиды .

Қалың елі қазағына қорған болғысы келеді . Халықты бірлікке, ынтымаққа шақырады .

Оқытушы сөзі: Ал, оқушылар, кемеңгер ұлы ақынымыздың оқуға, білімге, ғылымға арнаған қандай туындыларын білесіздер? Кім айтады?

Жауап: Лирик – /Алталиева/ .

«Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге».

Оқытушы сөзі: Бұл өлеңдерінде ақынның алдына қойған мақсаты не ?

Жауап : Бұл өлеңдерінде ақын жастарды ғылым жолына түсіп, білім алуға шақырады.

Сондай-ақ патшаның оқыту, ел билеу жүйесін сынайды.

Пайда ойлама, ар ойла, қызмет қылма оязға, адал жүріп, адал тұр – деп, жастарға үгіт-насихат сөз айтады.

Оқытушы сөзі: Олай болса ақынның осы туындыларына байланысты өлеңдерін кімдер жатқа оқып береді?

Поэзия минуты : «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңдері жатқа оқылады.

Оқытушы сөзі: Ұлы тұлға – Абайдың табиғат лирикасына арнап жазған өлеңдерін атап

беріңдер?

Жауап: «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», т.б.

Оқытушы сөзі: Осы табиғат лирикасы туралы кім айтады?

Жауап : Лирик – табиғат лирикасы туралы түсінігін айтады .

Табиғат лирикасына арналған өлеңдерін кім жатқа айтып береді?

Поэзия минуты: «Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры» атты өлеңдері жатқа оқылады.

Абайтанушылар - Абай туралы қорытындылап өз ойын айтады. Жауап: Бүгінгі ұрпақ, бүкіл әлем Абайды қатты құрметтейді, ақынның жүрек қылын шерткен тамаша шығармаларын тамсана оқимыз . Сондықтан да Абай мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жаңарып, шапағатын төге бермек .

Ұлы бабамыздың бізге берген еншісі – ол мол әдеби мұрасы. Кемеңгер тұлға Абай: «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» секілді қасиеті бар жоғары саналы адам болмай, дамыған қоғам жасалмайтынына көз жеткізді . Сондықтан да адам бойындағы жат қылықтарды аяусыз әшкереледі. Кемеңгер ақын бүгін бізбен мың жасап отыр.

Кейін, «Абай Құнанбаев шығармаларының тіл ерекшеліктері» атты тақырыбындағы жобаны қорғайды.






Абай Құнанбаевтың шығармаларына «Шығарма-мінездеме» мен «Әдебиет лотосы» кестелері бойынша талдау жасайды.


Оқытушы сөзі: Абайдың даналық сөздерін кім айтып береді?

Жауап: Абайдың даналық сөздерін Қадаев Сержан айтып береді.

Оқытушы сөзі: Сонымен қатар Абайдың үш поэмасы бар. Кім айтып береді ?

Жауап: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» /соңғысы аяқталмаған /.

Оқытушы сөзі: Соның ішінде елеулісі және көлемді жазылған «Ескендір» поэмасының мазмұнын кім айтып береді?

«Ескендір» поэмасының аудио-видео нұсқасы тыңдалады.

Жауап : Оқушы поэманың қысқаша мазмұнын айтып береді .

Көрiнiс: Театр өнерiнен үлгi көрсету принципi.

Автор: Мусайев Б. Осы «Ескендір» поэмасы бойынша шағын көрініс көрсетеміз .

Қатысатындар: Ескендір рөлінде – Искаков Ерсултан , Аристотель – Орынғали Санжар, Күзетші – Бикетеев Абдуллах.

Оқытушы сөзі: Қане, әдiлет пен даналық алдында бас игендi дәлелдешi.

Автор: Барша жердi қызыл қан төгiспен жаулап келе жатқан

Ескендiр өзiнiң жауынгерлерiмен алтын қақпаға келiп тiреледi Және қақпаны ашыңдар - деп, ол бұйыра сөйлейдi. Сол кезде қақпаның ар жағынан бiр күзетшi былай деп жауап бередi:


Күзетшi: -Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,

Мықты болсаң өзiнiң нәпсiңдi жең!

Iшi тар көре алмастың бiреуi сен,

Ондай кiсi бұл жерге келмейдi тең.

Ескендiр: -Талпынған талаппенен мен де бiр ер,

Көп жүрдiм кездей келдi көрмеген жер.

Ең болмаса халқыма көрсетейiн

Сый қылып, белгi болар бiр нәрсе бер.


Автор: Қақпаның ар жағынан күзетшi орамалға түйiлген

Адамның бас сүйегiн лақтырып жiбередi.

Таразыны ортаға тұрғызып, қанша алтын-күмiстi салса дағы, бiр кiшкентай сүектi аудара алмайды.

Аристотель: -Бұл –адам көз сүйегi,- дедi ханға,-

Тоя ма адам көзi мың мен санға?

Жемiт көз жер жүзiне тоймаса да,

Өлсе тояр, көзiне құм құйылғанда.

Кәпiр көздiң дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Қанша тірі жүрсе де, өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.


Оқытушы сөзі: «Ескендір» поэмасының қандай тәрбиелік мәні бар?

Жауап: Жауыздықты жақсылыққа жеңгізеді, әдiлет пен даналық алдында бас игізедi.




Оқытушы сөзі: Ұлы данышпан Абай Құнанбаев – аудармашы деп айтып кеттіңіздер . Олай болса, ол орыстың ұлы ағартушыларының ішінен кімдердің шығармаларын аударды және мысалдарда жағымсыз қылықтарды әшкерелейтін кейіпкерлері кімдер ?

Аудармашы – Аліпқали мен Азамат /Абай аудармаларының мазмұны туралы айтып береді/.

Оқытушы сөзі: Енді Пушкин мен Крилов мысалдарынан кім жатқа үзінділерін оқып береді?

Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» атты аудио-видео нұсқасы көрсетіледі.

«Шегіртке мен құмырсқа» мысалының мазмұны мен тәрбиелік мәнін айтып береді.

Поэзия минуты: «Татьянаның Онегинге жазған хаты» /қазақ және орыс тілдерінде оқылады/. Көрініс : Үстел үстінде майшам ыдысымен, ақ қағаз, қанаттан жасалған қаламсап.

Сол үстелдің жанында отырып Пушкиннен аударған шығармаларын оқиды .

Татьянаның сөзін - Төлегенов орыс тілінде, қазақ тілінде Татьянаның сөзін - Ғалымжанов оқиды .

Оқытушы сөзі: Ұлы Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін, тебіренткен ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырлары арқылы бізге жеткізді . Үлкен философиялық ой

түйген туындыларын оқыған кезде ұлы Абаймен қол ұстасып, болашаққа, бүгінгі күнге қадам басып тұрғандай әсерде боласың. Ақынның философиялық шығармаларына

келсек, оның қара сөздері туралы кім айтып береді? Абайдың қара сөздерінің тақырыбы мен тәрбиелік мәні туралы айтылады .

Оқытушы сөзі: Абайдың қара сөздерін кім жатқа оқып береді?

Жауап: Философтар- Аида 24-інші, Сайфедин 21-інші, Қадаев 19-ыншы, Құсенова 17-нші қара сөздерін жатқа оқып береді .

Bilim Land сайтынан №797 Абай Құнанбайұлының алтыншы қара сөзінің аудио нұсқасы тындалып, талданады, тәрбиелік мәні туралы айтып береді және глоссаримен танысады.

Оқытушы сөзі: Абай – әрі сазгер, себебі ол өзінің көптеген өлеңдерін әнмен шығарған.

Оқушылар Абайдың әнмен айтылатын қандай өлеңдерін білесіздер?

Жауап: «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», «Сегіз аяқ» т.б.

Оқытушы сөзі: Біздің арамызда өнерлі ұл-қыздар да аз емес ..!

Олай болса, Абайдың «Көзімнің қарасы» атты әнін Сайфедин Сұлтан орындап береді . Оқытушы сөзі: Абайдың «Көзімнің қарасы» атты өлеңінің қандай тәрбиелік мәні бар? Жауабы тыңдалады.

Ширату кезеңі: Оқушыларға суреттер беріледі немесе слайдтан көрсетіледі, әр топтың көшбасшысы суретті пайдалана отырып, ақынның шығармасына байланысты қысқаша өз ойын әңгімелеп береді. Оқушылар шеңбер құра тұрып, бүгінгі дөңгелек үстелде өткен кештің тақырыбына байланыстырып, жағымды кейіпкерлердің бейнесін өз бойларына сіңіре отырып, бір-біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді. Жүргізуші: Осымен «Абай – ұлы тұлға» атты сабақтан тыс өткізіп отырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған дөңгелек үстел, ашық іс-шарамыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңыз үшін үлкен рақмет!









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!