СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтан тыс шара "Ой Дода"

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтан тыс шара  "Ой Дода" "Брейн ринг" желісімен

Просмотр содержимого документа
«Сабақтан тыс шара "Ой Дода"»

Тақырыбы: «Ой-Дода » сайысы (Сабақтан тыс шара)
Мақсаты: Білім алушылардың танымдық қабілетін дамыту, тез ойлауға, есте сақтай білуге үйрету.
1 жүргізуші:

Қазақ халқының ғұлама жазушысы М. Әуезов «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе -Білім» деген екен.Қазіргі таңда жас республикамызға білімді де білікті, жан- жақты жастар қажет. Еңдеше, нақты пәндер бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр да білімді топтармен таныстырайық:

264 топ «Жас қыран » - 265 топ «Статус»

266 топ «Бәйтерек» - 267 топ « Ынтымақ»

1 жүргізуші :

Бүгінгі «Ой-Дода» сайысына қатысушылар физика, химия, математика және нарықтық экономика пәндерінен додаға түседі. Қазiргi кездегi бұл пәндердің табыстары кiсi таңғаларлықтай. Адам баласы табиғатта бұрын болып көрмеген заттарды алып отыр. Алыстан ән әкелген ауа толқыны, алып корабльдердi аспанға ұшырған алып күш, бәрi де адам ойының жоғарғы шыңы.

2 жүргізуші

Қазiрде бiрде-бiр зат химиясыз өмiрге жолдама ала алмайды, десек артық болмас едi.Химия ғылымы әрi кәрi, әрi жас ғылым. Кәрi дейтiнiмiз химияның кереметтерiн адам баласы өз мүддесiне ертеден-ақ пайдаланған. Мысалы:от жағу, қыштан құмыра жасап, оны өртеу, мақтаны, жүндi бояу, қола, темiрден құрал жасау тағысын тағылар.

1 жүргізуші :

Математика өмірден алынған қарапайым пікірлерді өз тілінде модельдей алады. Мысалы: «менің жауымның жауы маған дос» деген пікір математикада « теріс санда теріс санға көбейткенде оң сан шығады» деген мағынаны білдіреді.

2 жүргізуші:

Ал физика-табиғат құбылыстары жөніндегі ғылым.

Атақты орыс ғалымы Ломоносов осы үш ғылым жайында :"Физиканың оң қолы химия болса, ал математика оның көзі" деп айтқан екен.

1 жүргізуші:

Ал, қазіргі нарық заманында осы пәндерді білмесең мамандығымызға байланысты жиһаз өндіру цехын, көркемсурет шеберханасын, құрылыс фирмасы сияқты өз ісіңді ашып оның есебін жүргізу,басекеге қабілетті ел қатарына қосылу мақсатына жете алмайсың.Сондықтан біз нарықтық экономика пәнін де жетік меңгеруіміз қажет.

2 жүргізуші :Алдымен, ойын шартымен таныстырып өтейік: Бұл ойын екі топ арасындағы жарысқа негізделген ойын. Әр топта 6 ойыншыдан болады. Топтар қарама-қарсы орналасқан үстелдерде жайғасты. Көріп отырғандарыңыздай үстел үстінде бір кнопкадан тұр. Топтарға арналған ортақ сұрақ қояды. Жауап беру құқығын кнопканы бірінші болып басқан топ алады. Жауап қате болса, қарсы топқа ойлануға 20 секунд және жауап беру кезегі беріледі. Сұрақтың құны 1 ұпай. Егер де топ сигнал естілгенге дейін кнопканы басатын болса, онда жауап беру құқығынан айырылады.

1 жүргізуші:

Ендеше, ортаға алғашқы ойынға қатысушы « Жас қыран» мен «Ынтымақ» тобын ду қол шапалақтап шақырамыз!

264 -267 топтар «Жас қыран» - «Ынтымақ»

  1. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі? (белсендірленген көмір)

  2. Температура артқан сайын молекуланың қозғалғыштығы артады. Бұл құбылыс қозғалысты газда, ауада, қалықтаған тозаңнан немесе түтіннің бөлшектерінде байқаған болады. Бұл құбылысты неміс физигі ПОЛЬ бақылаушыны қызықтыратын етіп әдемі суреттеген. Бұл қандай тәжірибе, оны ашқан ғалымның есімі кім?

Жауабы: Бұл құбылысты алғаш рет 1827 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ашқан, Броундық қозғалыс деп атаймыз.

  1. Жұмыртқаның қабығын қалай сындырмай аршуға болады. (сұйытылған тұз қышқылына салу арқылы аршуға болады, себебі, қабық кальций карбонатынан тұратындықтан қышқылмен әрекеттесіп еріп кетеді)

265-266 топтар «Статус» - «Байтерек»

  1. Бұл элемент адамзат қоғамымен бірге жасасып, талай ұлы өзгерістерге куә болып келе жатқан көнекөз химиялық элемент. Оны қашан, қалай, кім ашқаны жөнінде нақты дерек жоқ. Әр ел тілінде түрліше аталып, түрліше таңбаланып келді. Бір халық күнге теңесе, тағы біреулері – тұзға, қуанышқа, сәулеге, жарыққа теңеді. Ал химиктер оны көз тартатын, сұлулығы мен тұрақтылығына сәйкес «металдар патшасы» деп атаған. Бұл қай элемент? Жауабы: Алтын

  2. Адамға қарағанда бес қабырғасы артық 517 мускулдан, алдың ғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жылдамдықпен жүгіретін 60 метр қашықтықтықтан көре алатын адамға қарағанда 14 есе иісті сезе алатын жануар қалай аталады? Жауабы: мысық

  3. Бұл заттың 0,9% - дық ертіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қантамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? Жауабы:(ас тұзы)

Жартылай финал сұрақтары:

1.1876 жылы Париж көшелерінде жаңадан шам көздері пайда болды. Аппақ орамды шамдарға енгізілген ток көздері ашық түсті жарық береді. Осы жарықты неге «Орыстың күні» немесе «Орыстың жарығы» деп атады?

Жауап: Жарықтың құрастырушысы – орыс өнертапқышы Яблочков болатын.
2.Алтын теңге келеді,күміс теңге кетеді. Бұл не жайында айтылған?Жауабы: ай мен күн

3.Қара жәшік: бұл зат жоқ болса да жаман, көп болса да жаман, өзі кір болады, ол үшін кейбіреулер өз өмірін қиюға дейін барады. Жалпыға бірдей қолданады. Бұл не? (ақша)

Финал сұрақтары:

  1. Ресей аймағында қайтыс болғандардың статистикалық мәліметтеріне сүйенсек: 5 –ші орында - дәрілермен уланғандар, 4-ші орында- нитраттар, химиялық қоспалармен уланғандар, 3-ші орында- концентрлі қышқылдармен уланғандар, екінші орында- көмірқышқыл газымен уланғандар болды, ал 1-ші орын уланудың 59 пайызын құраған, ондай улану неден болған. жауабы: алкогольмен улану

  2. 2.Рим елшісі Марцеллдің әскері Сиракус қаласының түбінде көп кідірді.Оларды кідірткен өз қаласын жаулардан қорғауға ойлап шығарған ұлы оқымысты Архимедтің қуатты катапультті машиналары еді.Қара жәшікте осы күнге дейін тұрмыста қолданылатын Архимедтің тағы бір ойлап тапқан заты жатыр.Ол не?Жауабы: Архимед винті,осы күнгі еттұрағышта қолданылады.

3.Қара жәшік:Бұл құрал 20-жылдары Америкада пайда болған, алдымен коктейль жасалатын миксир ретінде халық арасында таралған.Ал 30-40 жылдары бұл модельдерге үлкен жылдамдық пен жылу шығарғыштық қабілет қосылып мүлдем басқа затқа айналды. 60-70 жылдары осы құралдың сатылу көлемі бірден артты.Қара жәшіктегі не? Жауабы: фэн, сол жылдары еркектер де ұзын шаш өсіруді сәнге айналдырған болатын.(Әділқазы шешімін шығарғанша музыкалық үзіліс жарияланады)

2 Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын, - деп бүгінгі сайыстың қорытындысын шығару үшін сахна төріне әділқасы алқасының төрағасын шақырамыз.

МАРАПАТТАУ






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!