СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Өткенді қайталау(«Не білемін?») ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру(«Не білгім келеді?») ІV. Жаңа сабақты бекіту («Не білдім?») V. Сабақты қорытындылау

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізуге

    арналған құрылғы?

2. Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған

    құрылғы қалай аталады?

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Өткенді қайталау(«Не білемін?») ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру(«Не білгім келеді?») ІV. Жаңа сабақты бекіту («Не білдім?») V. Сабақты қорытындылау»

Күні:

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Ибраймов Қ.Н

«№ 6 орта мектеп»

Сынып: 6г

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру

Сілтеме:

  • 6-сынып оқулығы;

  • Оқу жоспары;

  • Күнтізбелік жоспар.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға жұмыс істеуге үйрету


Түйінді идеялар:

Кестелер, кестелерді құру, кестелерді кірістіру және салу, деректерді енгізу, кестелердің бойымен жылжыту.

Оқыту нәтижелері:

  • Компьютердің даму бағыттарын түсінеді.

  • Компьютердің жұмыс істеу принциптерін үйренеді.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Көрнекілік:

компьютер, оқулық, практикум,интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдері:

Топтық, АКТ, сұрақ қою техникалары, сыни ойлау

Пәнаралық байланыс:


Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

«Геометриялық фигуралар» бойынша сыныпты топқа бөлу.Топ басшысын тағайындайды. «Үшбұрыш», «Төртбұрыш» жазылған парақшалар оқушыларға таратылады, осы арқылы оқушылар І топ «Үшбұрыш» және ІІ топ «Төртбұрыш» бөлінеді.

  1. Сабақ барысымен таныстыру.

  2. Бағалау парағын таныстыру.

  3. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады.

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

  • Миға шабуыл әдісі (кім жылдам ойыны)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  • 1. Артығын таңдаңдар:

A) Word Pad
B) Microsoft Word
C) Paint
D) Блокнот

  • 2. Құжатың толықтай қатесін тексеру үшін қандай батырманы басу керек?

A) Жолақтың Бетті белгілеу (Разметка страницы) тіркеме парағында
B) Ғ7 пернесі
C) Терезенің тақырып жолында
D) Қалып- күй жолында

  • 3. Құжатты баптау үшін ...

A) Жолақтың Бетті белгілеу= Беттің өлшемдері
B) Жолақтың Басты бөлімінде
C) Терезенің тақырып жолында
D) Қалып- күй жолында

  • 4. Құжатты сақтау бұйрығы қайда орналасқан?

A) Жолақтың Басты тіркеме парағында
B) Файл мәзірінде
C) Office батырмасының мәзірінде
D) Тек пернетақтадан қолжетімді

  • 5. Қағазды басып шығару құрылғысы қалай аталады?

A) Жүйелік блок
B) Пернетақта
C) Сканер

D) Принтер

6. х2 мәтінін теру үшін қандай батырманы басу керек

  1. Жоласты белгісін

  2. Жолүсті белгісі

  3. Форматты тазалау

  4. Кірістіру=Символ

7. Мәтіннің түсін өзгерту батырмасы - ол:

A)

B)

C)

D)

8. Құжатты басып шығару үшін орындалатын командалар?

A) Кірістіру = басып шығару бұйрығы

B) Тіркеме парақ жолағының Басты бөлімі

C) Office батырмасы = Басып шығару

D) Қаріп сұхбаттық терезесі

9. Қаріптің мөлшерін үлкейту немесе кішірейту үшін қолданылатын батырма:

A)

B)

C)

D)








Қызығушылықты ояту (2 мин.)

Сөзжұмбақ. Тақтада сөзжұмбақ беріледі. Осы сөзжұмбақты табу арқылы бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын ашады.

Топпен ақылдасып шешуін табады.

Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпты слайд арқылы түсіндіреді. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

Сабақтың негізгі бөлімі (10 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

6-сынып оқулығында «Кесте. Кесте құру» тақырыбын оқыту.

/Дәптерге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазғызу/

а) Жаңа ұғымдар:

Кесте дегеніміз бағандар мен жолдарда реттеліп берілген ақпарат. Ұящық дегеніміз бағандар мен жолдардың қиылысуынан тұрады.

Word мәтіндік процессорында кестелерді үш түрлі әдіспен: меню жолындағы Таблица командасының көмегімен және нарисовать таблицу және аспаптар панеліндегі Вставить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады. Меню жолынан Таблица " Вставить " Таблица командасын орындасақ экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі шығады. (суретте)

Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі.

Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица – Вставить – Строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.

Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған авто параметрін қалдыруға болады, не бағандардың ені бірдей өзгереді.

Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы тақырыпты оқиды.

Оқушылар өздері оқыған тақырыпты түсіндіреді.



Практикалық жұмыс (12 мин)

Деңгейлік тапсырмалар

Өздеріңнің достарың туралы анықтамалық мәліметтерден тұратын кесте құрыңдар

Компьютерде әркім өз бетімен орындайды.

Топтық жұмыс (4 минут)


Екі топқа плакат, желім және құралдардың аттары жазылған кеспе парақшалар таратылады. Берілген уақыт ішінде бірінші топ плакатқа MS Word стандартты және пішімделген құралдар тақтасының элементтерін жапсыру керек.

Екінші топ плакатқа MS Word терезе элементтерін жапсыру керек.

Постер арқылы өз ойларын, түсініктерін жеткізеді

Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Графикалық диктант

Егер тұжырым дұрыс болса, оқушылар __ белгісін қояды. Егер дұрыс болмаса ∩ белгісін қояды.

Кестелер жақшалардан құралады.

Жол - көлденең орналасқан ұяшықтар қатары

Кестелердің түсін өзгертуге болмайды

Кесте түріндегі ақпарат анық,жинақы және оңай бақыланады

Баған мен жолдың қиылысқан жері диаграмма деп аталады

Жауабы: ∩__∩__∩


Оқушыларға өз бетінше жауап береді.

Бағалау (2 мин.)

Түрлі – түсті стикерлер арқылы бағалау

Мұғалімнің іс-әрекеті

Рефлексия (2 мин.)

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғаныс сатысы

Кері байланыс

Оқушыларға стикер тарату.

Бүгінгі сабақта саған не ұнады\ұнамады?

Сенің пікірің немесе ұсынысың

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге 140-144 беттердегі §22. «Кесте. Кесте құру» тақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!