СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа "Есімдердің тарихы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақ баев Менің атым Қожа "Есімдердің тарихы"

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа "Есімдердің тарихы"»

Сабақ:

«Есімдердің қойылу тарихы»

Мектеп: №47 жалпы орта білім беретін мектеп

Күні: 20.02.18

Машықкердің аты – жөні: Абат Асылайым Абайқызы

Сынып: 5


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:


5.3.4.1 (Б/С) – оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу.


Сабақтың мақсаты:

Барлығы: Өз есімдерінің тарихын біледі.

Көбі: Есімдердің қойылу тарихын түсінеді.

Кейбірі: Сыни хабарлама жаза алады.

Күтілетін нәтижелер

Әңгімедегі кейіпкерлердің бейнесін автор қолданған сөздер арқылы табу, есімдердің қойылу тарихын түсіну, мағынасын аңғару.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Қажетті құрал-жабдықтар

Кітап, тақта, электронды тақта,бор, компьютер, қағаз қиындылары, маркер, парақтар.

Оқыту әдістері

«Бағдаршам» әдісі, «Құнды пікір» әдісі, «Бас бармақ» әдісі, «Шахмат» әдісі, «Алтын балық» әдісі, «Есімдер тарихы» тренингі, «Көңілді күн» тренингі

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Жоспарланған уақыт:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

Мұғалім оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексереді. Оқушыларды түгендейді.

«Көңілді күн» тренингі бойынша оқушылар нақыл сөзді бірге қайталайды.

Үлкенді сен сыласаң,

Кіші сені сыйлайды.

Кіші сені сыйласа,

Кісі сені сыйлайды.


Үй тапсырмасын «Алтын балық» әдісі арқылы сұралады.


«Есімдер тарихы» тренингі бойынша шеңбер құрып, есімдеріміздің тарихын айтып шығайық.


Мұғаліммен амандасып, оқу құралдарын шығарып, сыныптың тазалығына назар аударады.

Оқушылар тренингті хормен айтып, сыйластықтары артады.






Алтын балықтың суреті кімге түссе, сол оқушы шығып, үй тапсырмасын айтып, 3 тілек орындау мақсатында оқушылар оған 3 сұрақ қойып, жауап беру қажет.







Оқушылар шеңбер құрып, есімдерінің қойылу тарихын айтып, сыныптастарының аттарының ерекшеліктерін біледі.












Балық суреті










Сабақтың ортасы

20 минут

«Менің атым Қожа» повесінен Қожа есімінің тарихы қай бөлімде айтылғанын анықтаңыз.


«Менің атым...»бөлімі «Шахмат» әдісі арқылы оқылады.

Менің атым...

Атымды айта бастамасам, тілім тандайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.

Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мəселен, Мұрат, Болат,

Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да

жағымды. Əрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тəтейше

айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кəдімгідей мақтаныш

көріп, біреумен таныса қалса, мəнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да,

естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл өзіңе де ұнамайды-ақ. Əттең қолдан келсе,

табанда өзгертіп, əдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен

қызылшақа болып, жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығымды пайдаланып,

əке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап

жіберген. Өкембайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойған секілді өзге қызу жұрт сол

арада ду қостап, осы болсын баланың аты, осы бол-сын, мұнан жақсы атты дүниені

шырқ айналсақ та таппаймыз дескен. Міне сол күннен, сол мезеттен бастап, əлгі ат

сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан көзің тіріде қашып

құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің.

Өмірде осы тəрізді əділетсіздіктер толып жатыр. Жуырда мен газеттен оқыдым:

қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа толғанша, оның

тəуелді аты болмайды. "Ортаншым", "кенжем", "сүйіктім", "жұпарым" деген секілді

шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты жасқа толғаннан кейін, бала өзіне

қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. Міне, əділдік деген. Осы дұрыс емес пе?

Жарайды, өткенге өкініш жоқ дегендей, істің турасына көшелік. Менің атым Қожа. Көріп

отырсыңдар, пəлендей əйдік ат емес.

Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куəлігінің өзінде солай

деп жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні тəрізді, бертін

келе "Қожабергеннің" құйрығы үзіліп түсіп қалыпты. Бұл құбылыстың дəл қай жылы, қай

айда, қай күні болғанын тап басып ешкім де айтып бере алмайды.

Сонымен мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бəрі солай атайды.

Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа. Оқушылар

екеумізді шатастырып алмас үшін еңімізге қарап, мені Қара Қожа, оны Сары Қожа деп

атайды.

Əуел баста мен бұған да шамданып қалатын едім. Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп,

дағдыланып кеттім. "Қара Қожа" дегендерге "əу" деп, жалт қарайтын болдым.

Жантас тəрізді қужақтар осының өзін де дұрыс айтпайды, əдейі бұзып, келемеждеп,

"Қара Қожа" деудің орнына "Қара Көже" дейді. Мен байқамай қалып "өу!" деймін. Бірақ

бұл қылығы үшін, бейшараның обалы нешік, тиісті сыбағасын менен талай рет алды...

Фамилиям Қадыров. Бір кезде "Қадырұлы" деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бəрі

"ов" болып жатқанда менің олардан ала-бөтен жырылып шыққаным жарамас дедім де,

"Қадыровқа" қайтып келдім.__


  • Үзіндіден алған әсерін қандай?

  • Адам атының маңыздылығы неде?

  • Тағы қандай есімдер айтылған?


Дескриптор: Білім алушы

- Үзіндіден алған әсерін айтады.

-Адам атының маңыздылығын түсінеді.



ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау жүргізіледі


1-тапсырма

1) Қожабергеннің есіміне сипаттама беріңдер.

2) Мәтінде адамға ат қоярда неге мән беру керек дейді?

3) Монологтен өздерің есте сақтап қалған жерін жатқа айтуға тырысыңдар.

4) Қожабергенді балалар кім деп атайды? Себебін түсіндіріңдер.


Дескриптор: Білім алушы

- сұрақтарға жауап береді;

-мәтінмен жұмыс орындайды;


ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы жүреді.


2-тапсырма. «Құнды пікір» әдісі

Адам атының қойылуы өз өмірінің бағытына әсер ете ме, қаншалықты маңызды?- деген сұраққа еркін пікір айтып талқылаңдар.


Дескриптор: Білім алушы

-ойлау қабілеті дамиды;

-көркем сөйлеуге дағдыланады.














3-тапсырма. Берілген кестені негізге ала отырып, кейіпкерлерге сыни хабарлама жаз.

Сезімді ояту

Елестету

Қожаны қандай бала деп елестетесің? Портреті


Сүйсіну

Кімдердің қандай қылығына сүйсіндің?


Жек көру

Кімдердің қандай әрекеті ұнамады?


Жаны ашу

Қай жерінде өзінде жаны ашу сезімі пайда болды?


Өкініш

Өкініш сезімі пайда болды ма, қашан?


Таңдану

Таңғалып риза болған сәтің ше?



Дескриптор Білім алушы

- шығармадағы бір кейіпкерге таңдау жасайды;

- кіріспе бөлімде кейіпкермен амандасып, оның бойынан көре алған қасиеттері туралы жазады;

- негізгі бөлімде кесте негізінде шығармадан дәлелдер келтіре отырып, кейіпкер бойынан көрген жақсылық немесе кемшіліктерін айтады; - қорытынды бөлімде кейіпкерімен қоштасады.


.

Повестен үзіндіні табады.




Мұнда шахмат жүрестері бойынша кезекпен оқиды.






































































Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын айта алады.
































Берілген сұраққа байланысты талқылаулар жүргізілініп, өз ойларын айтады.











Оқулық









































































Қағаз, түсті қаламдар






Бағдаршам бөліктері
































Сабақтың соңы

5 минут


Бағалау. Әр топ бір-бірін «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.


Үй тапсырмасы: Өтілген тараулар бойынша тест тапсырмасын құрастыру


Рефлексия




Оқушылар бір-бірін отшашу арқылы бағалайды.


Үй тапсырмасын түсініп, мұқият жазып алады.


«Байланыс терезесі» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтады.

«Бәрін де түсіндім»

«Өте керемет сабақ болды»

«Мен есте сақтадым»

«Көңіл-күйім болмады»












Плакат