СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: «Менің мамандығым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың білімдік аспектісі«Қаржы» мамандығы бойынша теориялық білімін, кәсіби терминдерді анықтау, грамматикалық тақырып бойынша дауыссыз дыбыстардың үндесуі, ілгерінді, кейінді ықпал туралы мәлім беру,  лексикалық тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын байыту арқылы мамандық туралы әңгімелей білу мақсатында білімін қалыптастыру;

Сабақтың дамытушылық мақсатысөздік қорын молайту, оқушылардың ойлау қабілетін, ой белсенділігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылыққа баулу;

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: өз мамандығы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, әдептілікке, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: «Менің мамандығым»»

Бактугулова А.Т.

БатысҚазақстан«АТиСО»

академиялық колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті

оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: «Менің мамандығым»


II. Сабақтың білімдік аспектісі«Қаржы» мамандығы бойынша теориялық білімін, кәсіби терминдерді анықтау, грамматикалық тақырып бойынша дауыссыз дыбыстардың үндесуі, ілгерінді, кейінді ықпал туралы мәлім беру, лексикалық тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын байыту арқылы мамандық туралы әңгімелей білу мақсатында білімін қалыптастыру;

Сабақтың дамытушылық мақсатысөздік қорын молайту, оқушылардың ойлау қабілетін, ой белсенділігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылыққа баулу;

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: өз мамандығы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, әдептілікке, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Интерактивті, сұрақ – жауап, әңгімелеу, пікір айту,  мәтінмен жұмыс, сөздік жұмысы, диалог құрастыру, баяндау,тапсырмаларды орындау, іздендіру.

Сабақтың көрнекіліқ құралдары: оқулық,слайдтар, маркерлер.



«Әр адам өз мамандығының шебері болуы керек».

(Н.Ә. Назарбаев).

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Топты тізім бойынша тексеру.

2. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

Сәлеметсіз бе, балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. «Қош келдіңіздер», дей отырып, мен бәрімізге жақсы көңіл – күй тілеймін. Ал сендер бір – біріңе не тілейсіңдер? ( Оқушылар бір – біріне жақсы тілек айтады: сәттілік, шығармашылық, жақсы баға, төзімділік, зеректік).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар, бүгін « Бәйге» ойыны арқылы өткен сабақтағы грамматикалық тақырыпты қайталап, ұпай жинап, сабақты қаншалықты меңгергендіктеріңізді тексерейік.

1 тапсырма. Мәтінді оқы. Орыс тіліне аудар. Қарамен жазылған жіңішке дауысты сөздерді тауып, бірінші бағанға, жуан дауысты сөздерді екінші бағанға жазыңыз.

Мамандық таңдау - әрбір адамның мақсаты. Сенің мүмкін инженер, заңгер, дәрігер, мұғалім, жазушы болуың да ықтимал, бірақ қай мамандықты таңдасаң да, саған ол қызықты болады. Ең негізгісі – қандай маман болсаң да адал, зейінді болуың қажет.

2 тапсырма. Мына сөздерге көптік жалғуларын жалғап, қарамен берілген дауыссыз дыбыстарды сипатта.

Құрылысшы, әнші, етікші, сатушы, іскер, банкир, қаржыгер, суретші, менеджер.

3 тапсырма. Кімге не қажет?

Тігіншіге –

Құрылысшыға -

Шаштаразға -

ІІІ. Сөздікпен жұмыс.

Мамандық – профессия;

Қабілетті- способный;

Зейінді – внимательный;

Маңызды – важный;

Ықтимал – возможно.

Зиялы -

Ізгілікті –

Парасатты -

Еңбекқор –

Тиянақтылық – собранность

Біліктілік - квалифицированность

ІҮ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Ой шақыру.

а) Мамандықтың жақсы – жаманы болады ма?

б) Заман талабына сай сұранысы аз немесе көп мамандықтар бар ма?

в) Жақсы маман болу үшін не қажет?

2. Ассоциация ойыны. Маман қандай болу керек? ( ақылды, зиялы, білікті, жауапты, тиянақты, тәжірибелі, ізгілікті, парасатты, еңбекқор).

Жақсы маман болу үшін жауапты, ақылды, білімді, еңбеқор болу керек.

3. «Мамандықтар» презентациясы бейнематериалымен таныстыру.

4. Мәтінмен жұмыс. Тапсырма . Мәтін бойынша диалог құрастырыңыз. Өзара сұрақ – тапсырма алмасу арқылы сөйлем құрастыру.

Өмірде мамандықтардың түрлері өте көп. Біреулер мамандықты жас кезінен таңдайды. Оларға мамандық таңдауға қоршаған орта әсер етеді. Әр мамандықтың өзінің қуанышы мен қиындығы болады. Қаржыгер мамандығы тиянақтылық пен біліктілікті, өз ісіңе мұқият қарап, жауапкершілікпен жұмыс істеуді талап етеді.

  1. Қаржыгер қандай адам болу керек?

  2. Қаржыгердің мақсаты не?

  3. Бұл мамандықты не себепті таңдадыңыз?

  4. Жек өз басыңызда қаржыгерге тән қандай қассиеттер бар?

5. «Сөз әлемі» ойыны. Қаржыгер сөзінен бірнеше мағыналы сөз құрастырыңыз.

Сонымен балалар, сендер бірнеше мамандықтардың түрімен таныстыңыз. Өз болашақ мамандығыңызды дұрыс таңдадыңыз деген үміттеміз.

6. Грамматикалық тақырып.

Үндестік заңы

Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның , сөзбен сөздің арасында бір – бірімен үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады.

Түбір буынның жуан не жіңішкілігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жінішке болып айтылады.

Ба- ла – лар

Ма – ман – дық – тар

Бі – лік - ті

Қар – жы – гер

Ең - бек -қор

Буын үндестігі

Қосымша сөздің соңғы соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады.

Ба –ға

Не- си –е

ө - нер - лі


Дыбыс үндестігі







Ілгерінді ықпал







Кейінді ықпал

Сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі

Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі.

Сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі.

Қаздар

Есептер







Жаз -ға

Адам- нан





Сабақ – сабағы

Жап - жабады


Ү. Сергіту сәті.

ҮІ. Бекіту.

№ 1.Берілген сөйлемді толықтырыңыз.

1. Теңге – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.

2. Ұлттық валюта – мелекетіміздің дербестігін білдіреді. 3.Теңге сөзі – түрік тіліндегі «танға» немесе « данға» деген сөздерінен шыққан.

4. Егемен Қазақ елі өзінінң жаңа ұлттық валютасын 1993 жылы қарашаның 25 – нде шығарды.

5. Шектен тыс ақша шығару инфляцияға апарып соғады.

6. Ақша айналысы дегеніміз – ақша үздіксіз қозғалыста болады.

№ 2. Сөйлемдерді «дұрыс» және « бұрыс» екі бағанға бөліп жаз.



Дұрыс

Бұрыс









1. Есепші экономикалық, саяси талдаулар, болжаулар жасайды.

2. Қаржыгер экономиканың дамуына ықпал жасайды.

3. Заңгер телефонға жауап береді.

4. Бастық бұйрық береді.

5. Хатшы телефонға жауап береді.

6. Тексеруші – бақылаушы жіберілген кемшіліктерді анықтайды.

7. Сарапшы азаматтардың құқығын қорғайды.

№3. Мақалдарды сәйкестендіріңіз.

Кәсібі молдың

Тояды қарның тіленбей.

Еңбек етсең ерінбей

Нәсібі мол

Өнерлі қол

Көптің түбі - мереке

Еңбек түбі - береке

Аш отырмас

Ер дәулеті -

Жалқаулық түтіп жейді

Еңбек адамды бүтіндейді -

Еңбек

Мал баққанға -

Шығынның қайтарымы мол болады.

Қайырымдылықпен айналысыңыз,

Ақша адал тапқанға бітеді.

№ 4. Рөлдік ойын.

Банк қызметкері мен банкке келушінің арасындағы сұхбатты құрастырыңыз.

Банкке келуші: Қайырлы күн! Мен сіздердің банкілерінізден есеп шот ашайын деп едім.

Банк қызметкері: Сәлеметсіз бе! Келіңіз. Мына қағазды толтырып келсеңіз болды. Ашамыз.

Банкке келуші: Менің түсінбеген сұрақтарым бар, түсіндіріп бермейсіз бе?

Банк қызметкері: Әрине, сұраңыз.

Банкке келуші: Сіздің ең төменгі салым көлемі қандай?

Банк қызметкері: Біздің ең төменгі салым көлемі – 70 мың теңге, жылына 50 – 60 % кепілдік береміз.

Банкке келуші: Жақсы, түсіндім. Сізге рақмет. Маған сіздің қызметтеріңіз қолайлы.

Банк қызметкері: Сау болыңыз, күтеміз.

№5. Кәртішкемен жұмыс.

Тапсырма 1. Мамандық атауларын жазып, сөйлем құрастырыңыз. Сзөдерді буынға бөліп, буын түрлерін анықтаңыз.

Тапсырма 2. Көп нүктенің орнына тиісті жалғау жазыңыз.

Жекеше Көпше

Іж Қаржыгер, қызметкер

ІІж

ІІІж

Тапсырма 3. Сөздерді буынға бөліп жаз.

Ақша, несиелендіру, валюта, инфляция, нарықтық, экономика.

ҮІІ: Рефлексия.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Мамандық аттарын

Мамандықтар адамдарға керек

Өзіндік ерекшеліктерін



ҮІІІ. Қорытынды.

ІХ. Үйге тапсырма. Бағалау. « Мамандығым – мақтанышым» тақырыбына шағын шығарма жазу.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!