СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Информатика ашық сабақтар

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм жəне оның атқарушылары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға алгоритм жəне оның атқарушылары туралы түсінік беру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру,

логикалық ой-өрістерін дамыту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын сұрау

  1. Бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған?

  2. Ол қай жылы жасалды? Марк-1 машинасы қандай элементтерде жатады?

  3. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды?

Оны кім жасады?

  1. ЭЕМ буындарын атаңдар.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

  «Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.

Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.

Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі.

Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.

Алгоритм қасиеттері

1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген әрбір іс-әрекет мағынасы айқын, нақты анықталып, орындаушыға түсінікті болуы тиіс. Алгортмде тек көрсетілген қадамдар ғана орындалады. Есеп шығару жолы бірмәнді  анықталғандықтан орындаушы алгоритм командаларын ойланбай орындауына болады.

2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритм орындау процесі бірнеше қадамнан тұрады. Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар қадамдарға бөлінеді, әр қадам өз кезегінде жеке әрекеттерге жіктеледі. Бір қадамда бір немесе бірнеше әрекет орындалады. Бұл әрекеттерсаны шектеулі болуы тиіс. Алдыңғы әрекеттің қорытындысы  келесі  әректтің керекті мәліметі ретінде қолданылады. Орындаушы алғашқы әрекетті аяқтамай, келесіге көше алмайды.

    3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір нәтиже беруі тиіс. Алгоритм орындалып болғанда есептің шешуін немесе шешуі жоқ деген нәтиже беруі қажет. Әрбір алгоритмде бастапқы деректер болады, алгоритм орындалып болғанда нәтиже шығады.Мысалы, сандарды қосу алгортмі үшін қосылғыштардың мәні- бастапқы деректер, нәтижесі - қосынды болады. Кейде алгоритмнің бірнеше қадамы қайталана беріп нәтиже бермейді. Ондай алгоритм циклден шықпайтын, нәтижесіз  болғандықтан қайта құру  қажет .

   4.Алгоритмнің жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті.

            Белгілі бір алгоритм жеке есепті ғана емес, оған ұқсас басқа да есептер ді шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Берілген мәліметтерге қатысты нәтиже ғана өзгеше болады. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a,b,cмәндері үшін құрылады. Ал берілген бұрыштың синусын анықтау алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның (sin) нақты мәнін есептеуге мүмкіндік береді, т. с. с.

   5.Алгоритмнің формалды орындалуы.

       Орындаушы алгоритм мағынасын,есептің қойылуын түсінбегенмен, әр команданы (әрекетті) орындай отырып, дұрыс нәтиже алады. Алгоритм қадамдарында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындау үшін, әрбір әрекет орындаушыға  түсінікті болуы қажет. Мысалы, х санын квадратта дегенді төменгі сынып оқушылары түсінбейді, ал оны х санын  х санына көбейт деп айтса, онда бұл айтылғанды олар орындай алады. Демек, алгоритм белгілі бір орындаушыға (адамға, адамдардың білім деңгейіне, машинаға т. б.) арналып құрылады.

            Орындаушы алгоритм командаларын орындай отырып, өзі атқарып отырған істің мән – жайына көңіл аудармай - ақ белгілі бір нәтиже ала алады, яғни орындаушы формалды әрекет етеді. Алгоритмнің бұл маңызды ерекшелігін оның формалды орындалуы деп  аталады. Бұл қасиет алгоритмнің орындалуын компьютерге жүктеуге мүмкіндік береді.

Алгортим- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

            Алгоритм құруға мысалдар: Жолдан өту ,қала аралық телефонмен байланысу, қазынаны іздеу, т. б. келтіруді ұсынуға болады. Күн тәртібі, шай қайнату, үй тапсырмасын орындау, компьютерде ойнау, футбол ойнау, шахмат ойнау, т. б. алгоритмдерді талдап мысал келтіруге болады.

           Алгоритмнің орындалуы

Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритм мынадай қадамдарын орындау керек:

  1. Мектепті тәмамдау.

  2. Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.

  3. Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.

  4. Конкурстан өту.

  5. Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.

Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды. Олар көрсетілген ретпен кезегі орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері.

Бағалау