СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 08.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы Судың да сұрауы бар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы Судың да сұрауы бар»

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

Су-тіршілік көзі

Мектеп: «мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» Мұғалімнің аты-жөні: Тапашева М.Б.

Сынып: 6

Қатысқандар саны: 17 Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Судың да сұрауы бар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Тыңдалым мәтінінің мазмұнымен байланысты жаңа сөздермен танысады.

Көбі: Мәтінді мұқият тыңдау барысында тірек сөздерді анықтайды.

Кейбірі: Тірек сөздер бойынша мәтінге ат қояды.

Жетістік критерийлері

Тірек сөздерді анықтау арқылы мәтін тақырыбын болжайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:тіршілік, ауыз су, тұщы су, су жетіспеушілігі, таза энергия, ағза

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің болжауымша, мәтіндегі тірек сөздер мыналар:............................................ .

Мәтіндегі тірек сөздер ………………………….. деп санаймын.

Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет өзара жұмыс барысында іске асырылады.Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың Су ресурсына қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, аудиомәтін

Бастапқы білім

Лексикалық тараудың 3 сабағы


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут






3 минут

Шаттық шеңбері

Шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен амандасады.

Бір,екі,үш,төрт

Жымиямыз сәл күліп

Біз тілейміз сәттілік. (Бір-біріне жақсы тілектер айтады)

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Қызығушылықты ояту

Оқушылар тақтада берілген сөздерді адам өміріндегі маңыздылығына қарай ретпен орналастырады.

Ұсынылатын сөздер: тамақ, ұйқы, су, киім, жұмыс, байлық

Ой шақыру сұрақтары:

Суды неліктен ең маңызды деп санайсыздар?

Суды не үшін қолданамыз?

(Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Тақтада кластер сызылып, мұғалім оқушы пікірлерін негізінде кластерді толтырып жазады.)

Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжау жасайды.




Сабақтың ортасы

30 минут



















Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.

Бағалау критерийімен таныстырады.

Дескрипторы:

мәтіндегі ең маңызды тірек сөздер жазылған 4 тамшыны түрлі-түсті қарындашпен бояйды;

тірек сөздердің көмегімен мәтінге сөз тіркесімен ат қояды;

мәтіннің атын бұлтқа жазады;

жұбына мәтінге неліктен ондай ат қойғанын түсіндіреді;

түсіндіру кезінде ұсынылған сөз оралымын қолданады.



Тыңдалымалды тапсырмасы

Сөздікпен жұмыс.

Тыңдалым мәтінінде кездесетін жаңа сөздермен жұмыста мұғалім тақтадан әр сөзді синонимімен немесе мағынасымен және сурет негізінде көрсетеді. Әр оқушыға сөздік таратылады. Жаңа сөздермен танысқаннан кейін мұғалім суреттерді ғана көрсету арқылы жаңа сөздерді қайталатады.

Сөз

Сурет

тіршілік, өмір

ауыз су, тұщы су

мұздық

температураны тұрақтандырады, бір қалыпта ұстайды

тасымалдау, жеткізу

бүйрек

бауыр

қалдық

жарақаттану, жаралану

ылғалдандыру

бұлшық ет



Тыңдалым мәтіні

Су- тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді.

Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - деп жазады. Мысалы, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, ұйқыны реттейді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті көтереді. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғап, теріні ылғалдандырып, емдейді.

Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал, денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.



Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді мұқият 2 рет тыңдаңыз. Мәтіндегі маңызды тірек сөздер жазылған тамшыларды анықтап, түрлі –түсті қарындашпен бояңыз.

Оқушылар тірек сөздерді тақтадағы дұрыс нұсқасымен тексереді.



Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Тірек сөздердің көмегімен мәтінге ат қойыңыз.



Жұбыңызға мәтінге неліктен ондай тақырып бергеніңізді түсіндіріңіз. Әр оқушыға 1 минуттан.

Тақтадан жауап беруге қатысты өз оралымы көрсетіледі.

Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.



Мұғалім кейбір оқушылардан жұбының мәтінге қойған тақырыбы туралы сұрап, жауап алады.

Мысалы: Айнұр, сіздің жұбыңыз .............. мәтініне қандай ат қойды және неге?

Мұғалім оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийіне еске түсіртеді. Тақтадан шығарып қояды.



Кері байланыс.

Сізге бүгінгі тапсырмалардың қайсысы қызықты болды? Неге?

Екі тапсырманың қайсысы қиынырақ болды? Неге?


































Сөздер және суреттері бар үлестірме парақтар



















































































































Аудиомәтін

Сабақ соңы

5 минут


Рефлексия 3-2-1

Оқушылар таратпа қағаздарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді.


1.Сабақта маған пайдалы болды.

1. ................... 2. .............................. 3. .........................

2. Маған көмек қажет?

1. ................... 2. ..............................

3. Сабақта алған ақпаратты қайда қолдана аламын?

1. ...................

Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді жаттау. Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру




Қалыптастыру шы бағалау парағы















Пән: Әдебиеттік оқу 6-сынып

Мектеп: «мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» Мұғалімнің аты-жөні: Тапашева М.Б.

Күні:

Тақырыбы:

Шығамын тірі болсам адам болып

Мақсаты:

Ақынның өмірімен таныса отырып, өлеңдегі негізгі идеяны ашу.

Күтілетін нәтиже

А. С. Торайғыров туралы біледі

Б. Өлеңді мәнерлеп оқып, негізгі идеясын ашады.

С. Өлең жолдарына талдау жасай алады.

Керекті жабдықтар

Оқулық, ребус

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


Оқушылармен амандасып, «Ішкі және сыртқы шеңбер» арқылы үй тапсырмасын тексеру. түстер арқылы жұптарға бөлу.



Үй тапсырмасына жауап береді. «Шүл сыйлаймын» тәсілі бойынша жұпқа бөлінеді.

Тұсау кесер


Қызығушылығын ояту. Суреттер арқылы ертедегі молдалар мен олардан білім алып жатырған балалар туралы айтып өту.

-Міне, балалар, осы балалар секілді аш- жалаңаш болсада, оқуға ұмтылып, білімге құштар болған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңін оқимыз.

Табыс критериін құру.


Оқушылар мәліметті тыңдап отырып, сұрақ қойып ойларын толықтырады

Табыс критериін бірге құрады.

Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс.

Ресурстар арқылы Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен танысу.

  Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларында оқиды. 1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып – соғуына шыдай алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп өлең шығарады.

Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет – журналдарды оқуға дағдыланады. Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады. Ол бала оқытудан бос уақытында, өз бетімен оқумен шұғылданады, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.

-Өлеңді мұғалімнің оқуы.

«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі

-өлеңді іштей оқу

-жұптасып мағынасын талқылау.

Сұрақтарға жауап беру.

-Өлеңде айтылған баланың арманы ма, өтініші ме, әлде серті ме?

-Егер арманы, өтініші бар болса сол жолдарды тауып оқы.

Дәптермен жұмыс.

Сөздікпен жұмыс.

Асылық емес- артық сөз емес.

Мақал-мәтелмен жұмыс

Осыған байланысты мақал-мәтел тауып, мағынасын ашу.

«Талаптыға нұр жауар» мақалына талдау жүргізу.

Ресурсты іштей оқып, танысады.



Сұраққа жауап беріп, ойларын білдіреді





































Өлеңді тыңдайды, іштей оқиды.

Жұптасып, өлең мағыналарын талқылайды.


Өлеңдегі сұрақтарға жауап береді.




Дәптер бетіне білетін сөздікті жазады.

Жұппен жұмыстанады.

Қорытынды

Ребус арқылы сабақты бекіту

1. Сұлтанмахмұт кім?

2.Ақын адам өмірінде не жаман деп, неге қынжылды?

3. Ақын қай өңірде дүниеге келген?

4. «Асылық » сөзінің мағынасы


а

қ

ы

н









н

а

д

а

н

д

ы

қ





к

ө

к

ш

е

т

а

у





м

а

қ

т

а

н

ғ

а

н

д

ы

қ

Критерий бойынша «Жұптық бағалау»

Жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

Жұптық бағалау.

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап келу.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.


Сабақтың тақырыбы:

С.Торайғыров «Шәкірт ойы»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімдік мәні: С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін мәнерлеп оқытып, талдату, мағынасын ашу, өз ой-пікірін айтқызу.

Ә) Тәрбиелік мәні: Өлең арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу, оқу – білімнің маңыздылығын ұғындыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық мәні: Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін айта білуге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі:

Практикалық сабақ.

Сабақтың әдісі:

Топтастыру, сұрақ-жауап, «Автор орындығы», «Екі жақты бақылау күнделігі».

Сабақтың көрнекілігі:

Сызба , кесте, плакаттар, С.Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңдер жинағы. 1-2-том

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен сәлемдесіп, бүгінгі күнге сәттілік тілейміз. Сабақтың қызықты, мазмұнды өтуіне тілектестігімізді білдіреміз. Сыныптың тазалығына, тақтаның дайындығына көңіл бөліп, сыныпты 4 топқа бөлемін.


ІІ. Негізгі бөлім.

А) Үй тапсырмасын тексеру.

1.С.Торайғыровтың өміріне қысқаша шолу. (сұрақ-жауап әдісі арқылы). 4 топтың оқушылары бір-біріне сұрақ қояды.

Өмірін оқи отырып, өзіңе С.Торайғыровтың қандай қасиетін үлгі тұттың?- деген сұрақпен қорытындылаймын .

  1. Халық арасынан шыққан бай адамның өз байлығына масаттанып, өзгеге озбырлық көрсеткен қиянатын , жиіркенішті қылықтарын мысқылдап, әшкерелейтін «Бір адамға» өлеңін жатқа сұрау. Әр топтан бір оқушы айтады.

  2. Аталған өлеңдегі кейіпкерге жазбаша жазып әкелген мінездемені оқыту, жеке пікірлерін білу.



Ә) Жаңа сабақ.


1. Қызығушылықты ояту .

Балалар біз мектепте оқимыз. Мектеп- біздің алтын ұямыз. Мұнда біз көптеген достар тауып, алғашқы ұстазымызбен қауышамыз. Білім атты теңіздің тереңіне бас қойып, үлкен азамат болып тәрбиеленеміз. Осы мектеп сөзіне күрделі топтастыру жасап көрейікші.



Ұжым


Үмітті ақтау Сынып Ұлы тұлға


Тәрбие Ұстаз


Ж

Мектеп

оғары оқу орны

Білім Мұғалім



Оқушы Педагог


Еңбек


Шәкірт Өнер


Болашақ елдің тұтқасы Елге еңбек ету Өрге жүзу



Ұстаз бен шәкірт бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Жер бетіндегі барлық адамның, мейлі ол хан болсын, батыр немесе ақын болсын, ұстазы болады. Қазақ халқы ұстазды аса қадірлеген. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» немесе «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деген мақалдар осының дәлелі. Ұстаз – алдында отырған оқушыға «терең білім берсем, «Адам » болатын түзу жолды көрсетсем»,- деп ойлайды. Шәкірт «ата –анамның, ұстаздарымның» үмітін ақтап, елдің болашақ қамқоры «азамат» болсам» деп ойлайды.

Ал ХІХ ғасырда шәкірт не деп ойлады екен?

  1. Мағынаны тану.

Бүгінгі өтетін сабағымыз-өзін халықтың шәкіртімін деп есептейтін қазақтың ерекше дарынды, біртуар ақыны , Абайдың ізін жалғастырушы, туған елін, жерін сүйетін С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы » деген өлеңі.

Алдымен дәптерге өзіңнің шәкірт ретіндегі ойыңды жаз. Қоғамға , еліңе,Отаныңа , отбасыңа, ата-анаңа тигізетін пайдаң жөнінде , қандай қасиеттерің, қабілетің, дарының болғанын қалайтыныңды жазуға 5 минут уақыт беріледі.

Тақтаға кесте ілінеді. Балалар берілген уақытта өзінің қазіргі шәкірт, ертеңгі болашақ елдің азаматы ретінде не істейтінін жазады. («Менің ойым» бөлімін толтырады )

Менің ойым

Шәкірт ойы

Білімді болып, жоғарғы оқу орнына түскің келеді. Мамандық алып, еліме, туған жеріме адал қызмет еткім келеді. Білімімді, еңбегімді туған жеріме арнаймын. Ата-анамның, ұстаздарымның мақтанышы болғым келеді.


Қараңғы қазақ көгіне күн болу. Мұздаған елдің жүрегін біліммен жылыту. Елінің көзін ашу, көкірегін ояту, надандықты жою. Халқын қараңғылықтан алып шығып, өзге елдермен теңестіру.



Енді сен өзіңді жазушымын деп есепте. Сенің жазғаның – жазушының әңгімесі. Тақтаға орындық қойып, жазушыны «Автор орындығына» шақырамыз. Оқушы дәптердегі өз ойын оқып береді.

Сенің ойыңды білдік. Енді ақын Сұлтанмахмұттың шәкірт ретіндегі ойы қандай екен. Оны өлеңді оқып ,талдау арқылы ұғынамыз. Өлеңді оқуға 10 минут беріледі. («Шәкірт ойы» бөлімін толтырады )


Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам.

Қараңғылықтың кегіне ,

Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін,

Жылытуға мен кірермін.

Өлеңді талқылау үшін алдын-ала дайындалған сұрақтар беріледі:

  1. Шәкірт нені армандайды?

  2. Күн болудағы мақсаты не?

  3. Қазақ аспанында күн болу дегенді қалай түсінесің?



Өлеңді оқып, талдап болған соң, дәптерге шәкірт Сұлтанмахмұттың ойын жазады. Әр топтан бір оқушы өлеңді оқу барысында түсінгенін, өлеңнің мәні қандай екенін айтады. Дәптерге өлеңнің бір шумағын жазып, өлең құрылысына қарай талдаймыз.

Әр топ бір шумақтан алады.


Қараңғы қазақ / көгіне, 8 а

Өрмелеп шығып, / күн болам. 8 б

Қараңғылықтың / кегіне , 8 а

Күн болмағанда, / кім болам? 8 б

Мұздаған елдің / жүрегін, 8 в

Жылытуға мен / кірермін. 8 в


3 шумақты, 6 тармақты, 2 бунақты , 8 буынды еркін ұйқасқа құрылған өлең.


3.Ой-толғаныс

Қазір бүгінгі сабақта оқып, түсінген өлеңімізге қорытынды пікір айтып, ой түйіндейтін кез келді. Ендеше «Екі жақты бақылау күнделігін » толтырамыз.

Мәтіннен үзінді

Оқушы көзқарасы

Мақал-мәтел

Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам.

Елімнің жанашыры, өрге сүйреушісі боламын. Қараңғылықтан алып шығамын, сауатсыздықты жоямын.

Ер ел үшін туады,

Елі үшін өледі.

Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға мен кірермін.

Өзімнің жеке бас мәселемнен гөрі халықтың жағдайын жоғары қоямын.

Әрқашан еліме, туған жеріме адал қызмет етемін.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


ІІІ. Қорытынды бөлім.

Топ ішінен белсеніп шығып, жауап берген оқушыларды бағалаймын.

Үйге «Шәкірт ойы » өлеңін жаттау.

Қазіргі шәкірттерге мінездеме ретінде сыныптағы бір оқушыға мінездеме жазу.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя