Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Зат есімнің септелуін, септік жалғауларын ажырата білу, сөйлемдерден септеулі зат есімді таба білу. Түрлі жаттығу арқылы зат есім туралы алған білімдерін жинақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту. Шығармашылық, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, өзіндік топтастыру, сынау сұрақтары.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Зат есім туралы алған білімдерімізді тиянақтаймыз. Зат есімнің септелуі, септік жалғауларын ажыратуға арналған жаттығулар орындаймыз.
ІҮ. Өткенді пысықтау:
Зат есім
1/ Өзі ұяң дауыссыз, 3 ке ұқсайды. Ол қай әріп?
2/ Алфавиттің басында тұратын әріп.
3/ Тайда бар, айда жоқ.
4/ қыста киетін аяқ киімнің басқы әрпі.
5/ Жыланның шығаратын дыбысы.
6/ Тышқанның үйінің алғашқы әрпі.
7/ Көшедегі көліктің алғашқы әрпі.
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Зат есім
Кім? Не?
Зат есімнің ережесінен қорытынды шығарайық.
Сөз таптары
Суретпен жұмыс
1/ Гүл-гүлдер
2/ Қояндар-қоян
3/ Қыз – қыздар
Зат есімнің жекеше, көпше түрі бар.
Кім? Не? Жекеше түрі.
Кімдер? Нелер? Көпше түрі.
-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғауы
Ойын «Адасқан құстар»
Суретке назар аударамыз
Әрбір құсты өз ұясына қондырамыз.
Атау септік Кім? Не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? –ның, -нің, -дың, - дің, -тың, -тің
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? –ға, -ге, -қа, -ке
Табыс септік кімді? Нені? –ны, -ні, - ды, -ді
Жатыс септік Кімде? Неде? –да, -де, -та, - те
Шығыс септік кімнен? Неден? –нан, -нен, -дан, -ден, -таң, - тен.
Көмектес септік Кіммен? Немен? –мен, -бен, -пен.
Сонымен қазақ тілінде қанша септік бар?
Әрбір септіктің өздеріне тән жалғаулары бар.
Тек атау септіктің жалғауы жоқ.
Жеті септікті жалғаулармен айтып жіберейік.
Оқулықпен жұмыс
86-жаттығу /берілген тапсырмасын оқыту/
Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық. Хат Астанадан келіпті. Асыл Жанармен сөйлесті. Қойдың жүні пайдалы. Жүннен фабрикада түрлі маталар тоқылады.
87-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа айт, шешуін тап. /ауызша/
Екі ішек бар далада,
Ауылды жалғар қалаға,
Қаланы жалғар ауылға.
Екі ішекпен зулайды ел
Жауында да, дауылда. /Пойыз жолы, рельс/
88-жаттығу.
Ребусты шешу
Күйші. Күйші әдемі күй тартты т.б.
Қанат өскенде күйші болуды армандайды.
Тест.
1/ Заттың атын білдіретін сөзді тап:
а/ он сегіз в/ таза с/ күреді д/ оқулық
2/ Зат есімдерге қойылатын сұрақтарды көрсет:
а/ қандай? қай? в/ неше? қанша? с/ не істеді? д/ кім? не?
3. Қазақ тілінде неше септік бар:
а/ 5 в/ 7 с/ 3 д/ 10
4. Ілік септігінің сұрағын көрсет:
а/ кімді? нені? в/ кіммен? немен? с/ кімнің? ненің? д/ кім? не?
5. Кім? не? Қай септіктің сұрағы:
а/ атау в/ ілік с/ шығыс д/ табыс
6. Көмектес септік жалғауларын тап:
а/ –нан, -нен, -дан, -ден, -таң, - тен.
в/ –мен, -бен, -пен
с/ –ға, -ге, -қа, -ке
д/ –ның, -нің, -дың, - дің, -тың, -тің
7. Тиісті жалғауды тап:
Дәрілік үшін өсімдік... жапырағын жинайды.ъ
а/ -тен в/ -тің с/ - тың д/ - ке
8. Барыс септігіндегі сөзді тап:
Апам тауыққа жем шашты
а/ апам в/ тауыққа с/ жем д/ шашты
9. Көпше түріндегі ілік септік сұрағы:
а/ кімнің? ненің? в/ кімді? нені?
с/ кімдерге? нелерге? д/ кімдердің? нелердің?
10. Көмектес септіктің жалғауы сөздерді көрсет:
а/ оқушыны, баланы, кітапты
в/ оқушының, баланың, кітаптың
с/ оқушымен, баламен, кітаппен
д/ оқушыға, балаға, кітапқа.
Пікірталас.
Күнделікті сабақта, жұмыста пайдаланамыз. Ол үйде, мектепте, мекемелерде пайдаланатын ақпаратты құрал.
Ол не?
компьютер
Қай сөз табы?
Зат есім
Ендеше, осы компьютер сөзіне пікірталастырып, ой бөлісейік.
1. Жақтаушы: /топбасшы сайланады/ комп-дің зиянды,
2. Даттаушы. Қажетті жақтары бар.
Шығармашылық диктант
Қыс
Қыс түсті. Күн суытты. Қыста адамдар жылы киінеді.
Балалар шаңғы тебеді, аққала жасайды.
Ү. Сабақты қорыту:
Не үйрендім?
Нені білдім?
Сабақтан алған әсерім.
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма. 90-жаттығу.