СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабырлылық пен ұстамдылық

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока по самопознание.План урока про душевный покой.

Просмотр содержимого документа
«Сабырлылық пен ұстамдылық»

Тексерілді: _______________


«____»______________________


Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп:Ханарық Мерзiм:27.01.2017ж №18

Тақырып: .Сабырлылық пен ұстамдылық

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер:әдепті болу,ұқыптылық,өз-өзіне сенімді болу.

Мұғалiм:Рахмеджанов А Сынып: 5 Оқушылар саны:26





Сабақтың мақсаты:«сабырлылық» және «ұстамдылық» ұғымдарыны

Дұрыс әрекет құндылығы арқылы мәнін ашу.


Міндеттері:

­ әдепті болу мәдениеті туралы түсінік беру;

­ ұқыптылық қабәлеттерін дамыту;

­ өз-өзіне сенімді болу тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Жарыққа шоғырландыру.

Жайғасып отырып, арқаларыңызды тік ұстауларыңызды өтінемін. Қолдарыңыз бен аяқтарыңды айқастырмаңыздар. Қолдарыңызды тізелеріңіздің немесе стол үстіне қоюға болады. Еркін, бос отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіңіздер, күн сәулесі сіздердің бастарыңызға еніп, кеуделеріңізге қарай түсті. Кеуделеріңіздің орта тұсында бір буда гүл бар. Түскен сәулемен жаңағы гүл біртіндеп ашылып гүл жарып келеді. Сіздің жүрегіңізде кереметтей гүл бүр жарып, ол өзінің таза және нәзіктілігімен әрбір ойды, әрбір сезімді, әрбір эмоция мен тілекті жууда.

Елестетіңіздер, жарық бірте-бірте ұлғайып, сіздің барлық денеңізге жайылды. Ол әрі күшті, әрі жарық. Оймен жарықты төмен қарай қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз жарыққа толып, жарқырайды. Қолдарыңыз тек қана жақсы істер жасап, барлығына көмектеседі. Аяқтарым мені тек қана жақсы жерлерге, қайырымды істер жасау үшін апарады. Олар жарық пен махаббатың құралы болады.

Ары қарай жарық сіздердің ауыздарыңызға, тілдеріңізге көтеріледі. Тіл тек қана шындықты және жақсы, мейірімді сөздерді ғана айтады.

Жарықты құлақтарыңызға қарай бағыттау, құлақтарыңыз тек қана жақсы сөздерді, әдемі дыбыстарды ғана естиді. Жарық көзге жетеді, көз тек қана жақсыға ғана қарайды, барлық жақсыны көреді. Сіздің басыңыздың бәрі жарыққа толады, және сіздің басыңызда тек қана мейірімді ойлар ғана. Жарық одан сайын жарқырап сіздің денеңізден сыртқа шығып жан-жаққа жайылып, шеңберін кеңітеді. Жарықты барлық туыстарыңызға, мұғалімдерге, достарыңа, таныстарыңа бағыттаңдар. Жарықты сіз уақытша кіммен келіспей, ренжісіп қалдыңыз, соларға бағыттаңыз. Олардың жүрегін жарық толыстырсын. Осы жарық бар әлемді, барлық адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді, тіршілік атаулылырдың бәріне таралсын.

Жарықты әлемнің бүкіл түркір-түпкіріне жолдаңдар. Ойларыңмен : «Мен жарықтамын... Жарық менің ішімде... Мен сол Жарықпын», деп ойлаңыздар. Осы Жарықты, Сүйіспеншілік және Тыныштық жағдайында біраз уақыт өздеріңізде ұстаңыздар...

Енді жаңағы жарықты қайтадан жүректеріңізге орналастырыңыздар. Жарыққа толған бүкіл әлем сіздердің жүректеріңізде. Оны осындай тамаша күйінде сақтаңыздар. Ептеп-ептеп көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет.

Ресурстар:

(материалдар,

Дерексөздер)

Ы.Алтынсарын «Кел, балалар, оқылық»кітабі,

фотосуреттер,

үнтаспа,маркер,

ватман,видеобейне,үлестірме қағаздар, «Құндылықтар ағашы» суреті.

Ескерту: Балалар ережені еске түсіріп,сыныптың тәртібін сақтайық.


«5»-Т


Тәртіп


Тазалық


Татулық


Талап


Тыныштық

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Сабыр түбі-сары алтын» атты аңыз әңгімені оқып келу.

• Екі патша неліктен келіспей қалды?

• «Сабыр түбі – сары алтын» дегенді қалай түсінесіңдер?


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Жан жарасы жазылмайды» атты аңыз әңгіме.

• Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?

• «Ашуды ақылға жеңгізе білу» деген сөзді қалай түсіінесіңдер?


  1. Дәйек сөз.

«Ұстамдылық-әдептің ұстазы,Ұстамсыздық-әлектің нұсқасы»

Нақыл сөз.

Нақыл сөзден қандай ой түйуге болады?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сабырлылық туралы шағын эссе жазу.


  1. Топпен ән айту.

Балалық шақ”



  1. Үй тапсырмасы.

М.Әлімбаевтің «Адал бала?» атты әңгімесін оқып келу.


8.Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қойылады. Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізде сақтайық. Рахмет!