СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Саяси ?у?ын-с?ргін жылдары

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

11-сыныпта "Саяси ?у?ын- с?ргін жылдары"та?ырыбы бойынша ?БТ-ге дайынды? ретінде ?ткізілген саба? жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Саяси ?у?ын-с?ргін жылдары»

М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі

жанындағы жалпы білім беретін мектеп- лицейі.

Саяси қуғын- сүргін жылдары





11 А сыныбында өткізілген

ашық сабақ жоспары.

Тарих пәні мұғалімі

Канафина Багитжамал Нұрқанқызы







Сабақтың тақырыбы:

Саяси қуғын- сүргін жылдары

Сабақтың мақсаты: Кеңестік қатаң жүйе кезінде ұлт мүддесін қорғап, тәуелсіздік ұранын көтерген қазақ халқының зиялыларына қарсы жүргізілген қуғын- сүргін зобалаңы мен оның жантүршігерлік зардаптары туралы алған білімдерін жүйелейді.

Білімділік міндеті : Саясаттану, әлеуметтану, тарих, филология, журналистика, заңгер, дінтанушы,педагог сияқты мамандықтарды таңдаған оқушылар тақырып бойынша білімін тереңдетеді

Дамытушылық міндеті: оқушының ой-өрісі, ойлау, сөйлеу қабілеті дамиды, ізденуге, зерттеушілікке дағдыланады.

Тәрбиелік міндеті: Қуғын- сүргінге ұшыраған тұлғаны жас ұрпаққа үлгі қылу арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу, азаматтық позициясын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Пресс- конференция

Сабақтың типі: Білім-білік дағдыларын қалыптастыратын аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: пресс- конференция,тест,тірек -сызба

Сабақтың көрнекілігі: бейнебаян, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт зиялыларының портреттері

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1) Сабақты бастамас бұрын сыныпты 2 топқа бөлу:

1-топ. Пресс- конференцияда сұраққа жауап беруші тақырыпты зерттеген ғалымдар, жазушылар, қуғын- сүргінге ұшыраған зиялы қауым ұрпақтары

2-топ. Пресс- конференцияда сұрақ қоюшы БАҚ өкілдері

2) сабақтың мақсатымен таныстыру

3) ережелермен таныстыру

ІІ. Қызығушылықты ояту сатысы

Интерактивті тақтада Б.Тілеуханның орындауында «Алаш ұраны» әнін тыңдау, бейнебаянды көрсету. Сұрақтарға жауап беру

  1. Ән не туралы?

  2. Қазақ тарихындағы қандай кезең туралы айтылады?

Сабақтың тақырыбын анықтап болғаннан кейін, осы тақырып төменгі сыныптар бағдарламасында кездесті ме, кездессе қандай сыныпта, қандай тақырыптар еске түсіру.

(8-сынып. §41-42.Ұлттық- демократиялық қозғалыстың өрлеуі. 9-сынып. §11.1930 жылдардағы қоғамдық- саяси өмір. 9-сынып. §18.Саяси қысым жағдайында.)

Оқулықтағы 41 параграфтағы тарихшы- ғалым М.Қойгельдиевтың құжаттық материалдарға сүйене отыра, еліміздің аумағында болған қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері бойынша сызба құрастыру. Тірек –сызбамен жұмыс.

Қуғын-сүргін кезеңдері



І кезең

1918-1920жж.

Большевиктер партиясы орнатқан саяси жүйеге қарсы ұлттық негіздегі мемлекеттік құрылымды талап етуші азаттық ұстанымдағы күштерге қарсы бағытталған

ІІ кезең

1923-1932жж.

Бірінші кезеңдегі репрессиялық шаралар жалғасып, бай-кулактарды тап ретінде жою біржолата аяқталды.

Ерекшелігі:социалистік құрылысқа қарсы зиянкестік әрекеттерді жүргізуші «элементтерді» қудалады.

ІІІ кезең

1933-1940жж

Саяси элита, халық шаруашылығындағы зиянкестік пиғылдағы «элеметтерге» қарсы бағытталды.

Ерекшелігі: Шетелдік Германия мен Жапония мемлекеттерінің Кеңес қоғамындағы «агенттерін» көбірек табуға тырысты

ІV кезең

1940ж.аяғы-1950ж.басы

Соғыс жылдары белсенді шығармашылық қызметі арқылы патриоттық ұстанымын ашық білдірген ғалымдар мен ақын- жазушылар қудаланды




Қуғын-сүргін кезеңдері



І кезең

.......................

Большевиктер партиясы орнатқан саяси жүйеге қарсы ұлттық негіздегі мемлекеттік құрылымды талап етуші азаттық ұстанымдағы күштерге қарсы бағытталған

ІІ кезең

1923-1932жж.

Бірінші кезеңдегі репрессиялық шаралар жалғасып, бай-кулактарды тап ретінде жою біржолата аяқталды.

Ерекшелігі:...........

...............................

...............................

...............................

ІІІ кезең

1933-1940жж

Саяси элита, халық шаруашылығындағы зиянкестік пиғылдағы «элеметтерге» қарсы бағытталды.

Ерекшелігі: ..........

..............................

..............................

...............................

...............................


ІV кезең

...........................

Соғыс жылдары белсенді шығармашылық қызметі арқылы патриоттық ұстанымын ашық білдірген ғалымдар мен ақын- жазушылар қудаланды


Көпнүктенің орнына тиісті даталар мен босатылған сөйлемдерді толықтырып жазу.

Осы сызбаны соңғы кезеңнің хронологиясы мен сипаттамасын жазып толықтыру.

ІІІ. «Мағына тану» сатысы.

1.Пресс- конференция .Оқушыларға тақырып бойынша алдын-ала тапсырмалар берілген. Өйткені бұл тақырып 9,10 сыныптарда да оқытылады.Екі топқа -сұраққа жауап беруші тақырыпты зерттеген ғалымдар, жазушылар, қуғын- сүргінге ұшыраған зиялы қауым ұрпақтары» және сұрақ қоюшы БАҚ өкілдері болып бөлінген сынып оқушылары тақырып бойынша пресс- конференция өткізеді.

Конференция мұғалім сөзінен басталады. Құрметті қауым!

ІV. Бекіту сатысы. Тестік жұмыс түрлері.

1-тапсырма. Cіздің назарыңызға ұсынған тапсырманың бір жауабы бар. Дұрыс жауапты дөңгелетіп белгілеңіз.

1.1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазған :

A) Қ.И.Сәтбаев B) Ғ.Мүсірепов C) С.Сәдуақасов D) А.Байтұрсынов E) Т.Рысқұлов

2. « Бесеудің хаты» кімнің атына жазылды

A) И.Сталинге B) Ф.Голощекинге C) М.Кагановичке D) В.Молотовқа E) В.Ленинге

3.1931 жылы Қарағанды облысының, Осакаров ауданында пайда болған қоныс- обсервация.

A) 25 B) 35 C) 45 D) 55 E) 65.

4.101 мың қазақстандықтар ГУЛАГ азабынан өтті, олардың ішінде атылғандары:

A) 27 000 астам B) 37 000 астам C) 47 000 астам D) 57 000 астам E) 67 000 астам

5.Репрессия құрбаны болған, қазақ тарихы білімінің негізін салушы:

A) Қ.И.Сәтбаев B) Ғ.Мүсірепов C) С.Сәдуақасов D) А.Байтұрсынов E) С.Асфендияров

6.Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған лагерде (АЛЖИР) әйелі мен қызы азап шеккен мемлекет қайраткері:

A) Т.Рысқұлов B) Ғ.Мүсірепов C) С.Сәдуақасов D) А.Байтұрсынов E) С.Асфендияров

7.1943 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты көлемді еңбектің авторларының бірі:

A) А.Жұбанов B) Ә.Марғұлан C) Қ.Сәтбаев D) Е.Бекмаханов E) М.Әуезов

8. 25 жылға бас еркіндігінен айырылып, 1954 жылы ақталып шыққан:

A) М.Жұмабаев B) Ә.Бөкейханов C) Е.Бекмаханов D) Ә.Ермеков E) Ж.Аймауытов



2-тапсырма. Cіздің назарыңызға ұсынған тапсырманың бір,екі,үш және одан да көп жауабы бар. Дұрыс жауапты дөңгелетіп белгілеңіз.

  1. 1926 ж. Ф.И. Голощекин «буржуазияшыл, ұлтшылдар деп айыптаған қазақ зиялылары:

A) Д.Омаров B) А.Байтұрсынов C) Т.Қазыбеков D) А.Розыбақиев

E) Ә.Бөкейханов F) Ж.Мыңбаев G) Б.Әшекеев H) М.Дулатов

  1. Репрессияға ұшыраған қазақ-кеңес әдебиетінің көрнекті тұлғалары:

A) С.Сейфуллин B) М.Дулатов C) Қ.Сәтбаев D) Б.Майлин

E) Қ.Телжанов F) Е.Рахмадиев G) Қ.Қожамияров H) М.Жұмабаев

  1. Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болған:

A) С.Сейфуллин B) Т.Жүргенов C) Қ.Сәтбаев D) С.Асфендияров

E) Қ.Жұбанов F) Ю.Домбровский G) М.Әуезов H) Ә.Диваев











3-тапсырма. Сөйлемді толықтырып жаз

1.Мәскеуде «Дәрігерлер ісі», Ленинградта «Ленинград ісі» деп аталған күйрету шаралары жүріп жатқан кезде, Қазақстанда қолға алынған іс ......................................................................

2.1946 ж. Алматыда жарық көрген Е.Бекмахановтың монографиясы ..................................................

3.Қуғын-сүргін жаппай сипат алған жылдар ....................................................

4-тапсырма. Сәйкестендіру тесті

1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялылары ақталды.Қайраткер,оның өмір сүрген жылдары және кім болғанын сәйкестендіру

Қайраткер

Өмір сүрген жылдары

Кім болған

1) Ш.Құдайбердиев

1) 1885- 1935 жж

1) атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог

2) Ж.Аймауытов

2) 1858- 1931 жж

2) тіл, әдебиет, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған

3) М.Дулатов

3) 1873- 1937 жж

3) жазушы, әрі ғалым

4) А.Байтұрсынов

4) 1893- 1938 жж

4) жазушы,педагог

5) М.Жұмабаев

5) 1889- 1931 жж

5) көрнекті ақын, философ



V. Қорытынды. Тест сұрақтарына жауап береді, оқушылар бір бірін тексереді.

№1 тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға - «3» деген баға қойылады

№1,2 тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға - «4» деген баға қойылады

№1,2,3,4 тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға - «5» деген баға қойылады

Негізгі ой. Мұғалімнің сөзі.

Бірінші наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланды.Тәуелсіздік үшін, Отаны, жері, халқы үшін жанын пида етіп арманда кеткен арыстарымызға алғыс айтқым келеді.

Өскелең жас ұрпақ- М.Жұмабаев атындағы мектеп- лицейінің 11-сынып оқушылары сіздердің оқушы ретінде тарихты оқып үйренуге деген ынталарың үшін алғыс айтқым келеді.

Келесі кезекте сынып оқушыларына алғыс айтуға мүмкіндік беріледі.

VІ. Үй жұмысы.

§41 қайталау, қосымша мәліметтерді оқып саяси қуғын- сүргін жылдары

тақырыбы бойынша білімді толықтыру, ҰБТ кезінде кездесетін сұрақтарды дәптерге жазып алу.



Қазақстан тарихынан тапсырмалар. Оқушының аты жөні________________________________________

Тақырыбы: 1930 жылдардағы қоғамдық- саяси өмір


«Ой қозғау»

Тоталитаризм дегеніміз не?

Тоталитаризм_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

30 жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды.

Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі қандай?

-

-

-

Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қандай жазалау шаралары іске асырылды?

_______________________, __________________________________, ________________________________

Кімдер «Халық жауы» қатарына жатқызылды?

Қазақстанда 30 жылдардың басында лагерлер жүйесі қалыптаса бастады. Қандай лагерлер жүйесі құрылды?

«Қасіретті жылдар» (кестені толтыр)


Қазақстан аумағында қандай лагерлер болды?

Кімдер қамауға алынды?











Бұлар туралы қандай қосымша мәлімет білесің?

А.Байтұрсынов____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

М.Жұмабаев______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тест сұрақтарының жауабын белгіле

1.КСРО-да социалистік қатынастар орнады: А) 20-жылдары В) 30-жылдары С) 40-жылдары

2.КСРО Конституциясының жарияланған жылы: А)1936 В)1937 С)1938

3.Сталиндік репрессия жылдары: А)1930-31 В) 1934-35 С) 1937-38

4.Лагерьлер Бас Басқармасының азабанын өткен қазақстандықтар саны:........................................

5.Қазақ тілі білімінің негізін салушы.....................................................................


Қорытынды жаз_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________