СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сайын Мұратбеков "Қылау" әңгімесі

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

С,Мұратбековтың "Қылау" әңгімесін оқи отырып,оқушыны адамгершілікке,байсалдыққа .шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.

Просмотр содержимого документа
«Сайын Мұратбеков "Қылау" әңгімесі»

«М.Горький атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Буркитбаева Самал Шаденовна


Күні: 16.03.2018

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы



С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесіндегі балалық шақтың ,балғын сезімдердің алғашқы ұшқындары.

Сабақтың мақсаты

Жазушы С.Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, «Қылау»әңгімесінің мазмұны мен идеясын танысады.Әңгіме мазмұнын талдайды, кейіпкер мінезін ашуға үйренеді. 
2.Шығарманы талдау барысында оқушылардың ауызекі сөйлеутілдерін,шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау,елестету қабілеттерін арттырады.Топтық жұмыста шапшаңдық,тапқырлық танытуға,өз ойларын жүйелі жеткізе білу дағдысын қалыптастырады. 
3.Шығармадағы кейіпкерлерді бағалай білуге,кейіпкер бойындағы қарапайымдылыққа,адамгершілікке,жанашырлыққа жақсылық жасауға тәрбиеленеді.

Тілдік мақсаттар


Дағдыларды дамыту: жеке, жұпта, топта жұмыс жасау, әңгіменің композициялық құрылымына талдау,мағынасын түсіну, қойылған сұраққа толық жауап беру, мәтіннен монолог,диалог,пейзажды табу, әңгімеге қатысты өз ойын айта алу.


Пәнаралық байланыс

Тарих, география.

Сабақ барысы

Сабақтың басы.

5-минут

1.Ұйымдастыру кезеңі

А) оқушымен амандасу

Ә)Журнал бойынша түгендеу

2. «Жүректен жүрекке» тренингі.

Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал орнату.

3.Топқа бөлу

Түрлі түсті фигуралар арқылы бөлу.

1-топ :«Зерттеушілер»

2-топ :«Ізденушілер»

3-топ: « Сипаттаушы»

4-топ: «Салыстырушы»




Сабақтың ортасы



3 минут

  1. «Қылау» әңгімесінен видео көрсету.

  2. «Сұрақ менен,жауап сенен» әдісі


1.Сайын Мұратбеков қай жылы дүниеге келген? 

2. Жазушының туған жері? 

3. Жазушының басқа қандай әңгіме, повестері бар? 

4. "Қылау" әңгімесінің негізгі тақырыбы? 

5. Жазушы шығармаларында қай жылдардағы оқиғалар суреттеледі? 

6. Қылау дегеніміз не? 


7 Таң азанғы әке даусы Сатайдың құлағына неліктен жағымсыз естілді?
8. Әке ақылы Сатайды неге ызаландырды, сендер де ересектердің ақыл сөзін солай қабылдайсыңдар ма?
9. Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не түрткі болды, ол ненің белгісі деуге болады?
10. Рабиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айғайға басуы, оның батырлығы ма, мақтаны ма, не деуге болады?
11. Орынсыз мақтауды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел?
12. Сатай Рабиғаға деген алғашқы балаң сезімін қалай білдіреді, оның үлгілі жағы неде?
13. Сатай жолдан қандай сезіммен оралды, ойларыңды мәтіннен мысал келтіре отырып дәлелдеңдер.




10-минут

«Уақыттар тізбегі» әдісі

1-топ :«Зерттеушілер»

Шығарманың композициялық құрылысы:
Басталуы. Үйқы құшағындағы Сатай.
Байланысуы. Әке тапсырмасы.
Дамуы. Сатайдың Рәбиғаны кездестіруі.
Шиеленісуі. Балалар арасындағы әңгіме.
Шарықтау шегі. Рәбиға үшін алаңдауы.
Шешімі. Рәбиғаның сыйлығыр»


2-топ :«Ізденушілер»

Мәтінді әңгімелеу жоспарын құру: 

  1. Әкесі Сатайды ұйқыдан оятып, шанаға жұмсауы. 

  2. Сатайдың жолға шығуы, зират жанынан өтіп бара жатқандағы қорқынышы. 

  3. Жол бойынан Рәбиға атты кезіктіруі. 

  4. Рәбиға екеуінің әңгімелесуі. 

  5. Рәбиғаның жол жиегінен түсіп қалуы. 

  6. Сатайдың Рәбиға үшін алаңдауы, іздеуі. 

  7. Рәбиғаның Сатайға оқулық сыйға тартуы. 


3-топ: « Сипаттаушы»

«Кейіпкерлер келбеті»әдісі

Кейіпкерлері

Мінезі,іс-әрекеті

Сатай

жалқау, жанашыр, қорқынышын, арам, пиғылы жоқ, жеңе біледі, адал, мейірімді, ақкөңіл, батыл, мақтаншақ

Рәбиға

Сыпайы қыз, білімді, ақкөңіл, мінезі ашық, көпшіл

Әкесі

Ақылды,адамгершілігі мол,қатал кісі


4-топ: «Салыстырушы»

«Bенн диаграммасы»

Сатай мен Қожаның ұқсастықтары мен айырмашылығы табу.


Қожа - арам пиғылы жоқ, ашық, ақкөңіл, бұзық
Ортақ - арам пиғылы жоқ, адал, батыл, жалқау балалар
Сатай - мейірімді, батыл, ашық жарқын, мақтаншақ


Сатайй

Қожа










12-минут


«Теріп жазу» стратегиясы.

Оқулықпен жұмыс

1-топ :«Зерттеушілер»

1. Пейзаж дегеніміз не?
Мәтіннен пейзажды тапқызу.
2. Диалог деген не?
Рабиға мен Сатай арасындағы диалогты тауып, оқы.


2-топ :«Ізденушілер»

Монолог деген не?

Мәтіннен монологты тауып жазу.


3-топ: « Сипаттаушы»

   «Дыбыстар сөйлейді» әдісі бойынша кейіпкерлерге мінездеме беру.
С-сыпайы,сезімтал
А-ақылды
Т-тәрбиелі,тәртіпті
А-ақкөңіл 
Й-инабатты


О-ойлы
Қ- қайырымды
У-уайымшыл
Ш-шыншыл
Ы-  ынталы                             


4-топ: «Салыстырушы»


Сатай

Неғып кешіктің осы тұрған жерге сонша?-Жүк тартқансың ба,атқа?Қинапсың ғой?!

Рәбиға

Бәлі , сендер артта екенсіңдер ғой.Біз оны өтіп кеткелі қашан!Мен дәл сол Уот Тайлердің көтерілісін айтып беріп,төрт алғанмын.

Әкесі

Артымнан колхоздың шанасы қуып жетіп,соған отырып келдім.Түскенім осы. Ал сен неменеге келдің?











«Сыр сандық» ойыны



Сатай Сатай Сатай Сатайдың

батыл мақтаншақ сезімі адамгершілігі



5-минут

«Авторға хат» С.Мұратбековқа хат


Оқушы өз ойын хатқа түсіреді.

Сабақ соңы

5 -минут

Рефлексия: «Қолдың ізі» стратегиясы





«Бағалау парағы» арқылы топ басшылары бағалайды.

Үйге тапсырма: Адамгершілік- асыл қасиет.

Оқушы қолдарының ізін ақ қағазға түсіреді.




Эссе жазу