СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Саңырауқұлақтар мен микроағзалардың түрлері, олардың маңызы. Бірлестіктер түрлері

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 сыныптарға арналған күнделікті сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Саңырауқұлақтар мен микроағзалардың түрлері, олардың маңызы. Бірлестіктер түрлері»

Күні:

Сыныбы: 5

Саңырауқұлақтар мен микроағзалардың түрлері, олардың маңызы.

Бірлестіктер түрлері


Мақсаты: Білімділік: Елімізде кездесетін саңырауқұақтардың, микроағзалардың табиғаттағағы және адам өміріндегі маңызы жайында, бірлестіктің түрлері жайында жан-жақты түсінік беру. Тәрбиелік: Әр ағзаның өзіндік ерекше бір ролі бар екендігін айқындай отыра табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі                                    маңызы туралы ой-өрістерін кеңейту, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу,түгелдеу.

                                           2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру

                                           3.  Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 II. Үй тапсырмасын сұрау: 

Оқушылар үйге берілген тапсырмаларын ауызша айтып, қосымша дайындап әкелген ақпараттарымен бөліседі.

III. Жаңа сабақты түсіндіру:  

Бактериялар мен топырақта болатын басқа да майда саңырауқұлақтар бірлесіп, өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақ қалдықтарын ыдыратып, шірітеді. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын ыдырамай, өңделмей, топырақта жата берсе, әр түрлі жұқпалы аурулардың таралуына себепші болар еді.  Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай:

Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады:

  • жеміс шырынының түсін өзгертеді

  • шикі заттарды өңдейді

  • нәруызды,крахмалды сұйылтады.

  • Зең саңырауқұлағынан пенециллен антибиотигі алынады.

  • Жеуге жарамды тағамға пайдаланылады

  

Саңырауқұлақтардың 250-ге жуық түрлері қағаздарды, суреттерді, темір жолға төселген,  шахтадағы тірекке қойылған ағаштарды бүлдіреді. Аспергилл саңырауқұлағы құстардың өкпесінде аспергиллез ауруын туғызады. Адамдардың құлағын, кеңсірігін, көзін, терісін, шашының түбін, тырнағын зақымдайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер бетінде әрбір 5 адам саңырауқұлақ ауруымен ауырады. Әрбір екінші адамның тырнағы зақымдалған. Бұрын тырнақты алып тастап емдейтін. Қазір орунгал деген дәріні ішу арқылы емдейді. Тутанхомон фаронының қорымын ашуға қатысқан 21 адам аспергилл саңырауқұлағының споралары өкпені зақымданғандықтан, өмірден озды.

Саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақ құрамындағы кейбір зиянды бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етеді. Өздерінен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді. Оларды антибиотиктер деп атайды. Ондай антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін стрептомицин, тетрациклин және саңырауқұлақтардын алынатын пенециллин жатады. Адам баласы бұл дәрілерді күнделікті пайдаланады. Соңғы кезде медицинада жүректі, бүйректі операция жасап ауыстырғанд пайдалантын дәрі топырақтағы саңырауқұлақтан бөлініп алынады. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат – гибереллин, зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын боверин де саңырауқұлақтардан алынады. Саңырауқұлақтарды тек дәрі алу үшін ғана емес, тамаққа пайдалану үшін де өсіреді. Арнайы орындарда қарашірік топыраққа жылқы тезегін қосып, қозықұйрықтың спораларын себеді. Қазір 70 елде қозықұйрық, жазғы түбіртек егу жолға қойылған. Одан жылына 14 млрд доллар қосымша табыс түседі. Қазақстанда да қозықұйрық пен жазғы түбіртекті қолдан өсіру жүзеге асырылуда.


IV. Жаңа сабақты меңгеру:


1

Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым қалай аталады?

Микология

2

Саңырауқұлақтың құрлысын жаз

Қалпағ ,түбіртегі, қалпақ асты, белдеуше сақинасы ,жіпшумағы.

3

Саңырауқұлақтың өсімдіктен қандай айырмашылығы бар?

Жапырағы,сабағы,тамыры жоқ.

4

Саңырауқұлақтардың түрлерін ата

Терекқұлақ.Аққұлақ ,Қайыңқұлақ,Қозықұйрық

Түлкіжем,Түбіртек, Шыбынжұт,Көңілкеш

5

Саңырауқұлақтар қай жерде кездеседі?

Кез-келген жерде

6

Саңырауқұлақтың неше түрі бар?

Екі түрі бар

Жеуге жарамжы және жарамсыз

Оқушыларға жұппен сөзжұмбақ құрастыруға тақырыпшалар беріледі. Сөзжұмбақ құрастырып, басқа жұпқа орындатады.

V. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін саңырауқұлақтардан алынатын пенециллин жатады? (Стрептомицин)

2. Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады, солардың бірі?  (Крахмал)

  3. Адамдардың құлағын, көзін және т.б. зақымдайды?  (Кеңсірігін)

4. Саңырауқұлақтар кездеседі?  (Шалғындықта)

5. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат?  (Гибереллин)

6. Өздерінен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді?  (Антибиотик)

7. Бұрын тырнақты алып тастап емдейтін, қазір (Орунгал)  деген дәріні ішу арқылы емдейді. 

  8. Жеуге жарамды саңырауқұлақты тағамға пайдаланады. (Қалпақшалы)  

9. Қазақстанда да жазғы түбіртекті және  (Қозықұйрық)   қолдан өсіру жүзеге асырылуда.

10. Зең саңырауқұлағынан  антибиотигі алынады?  (Пенециллин)

11. Аспергилл саңырауқұлағы құстардың өкпесінде  (Аспергиллез)   ауруын туғызады.

12. Аспергилден қолданылады?  (Лимон қышқылы)



VІ.  Бағалау. Оқушылар бірін бірі бағалайды.

Үй тапсырмасы:  §28. Саңырауқұлақтардың, микроағзалардың, бірлестіктердің суретін салу.