АҚТӨБЕ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
Пән атауы: Автоматтандырылған жүйелерді есептеу техникасы
Дайындаған: Габбасова Жадыра Талаповна
Келісілді:
«Ақпараттық жүйелер» ЦӘБ төрайымы _______________ Н.Исмагулова
«_____»______________ 2016ж.
| Пәні, кабинет № , мерзімі | Автоматтандырылған жүйелерді есептеу техникасы, 306 кабинет, 22.12.2016ж |
| Курсы, тобы | 4 курс, 405 АС |
| Сабақтың нөмірі, тақырыбы | №2. Сандарды бір санау жүйесінен екіншіге ауыстыру. Қосарланған арифметика. |
| Сабақтың мақсаты | Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру туралы білімдерін жетілдіру |
| Сабақтың міндеттері | оқыту | дамытушылық | тәрбиелік |
| Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру ережелерін үйрете отырып, сандардың ауыстырылу жолдарын түсіндіру. | Екілік, сегіздік және он алтылық санау жүйелеріндегі сандарды ондық, екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне ауыстыруға үйрету. Пәнге қызығушылығын арттыру. | Жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, шығармашылық қабілеттерін және бір-бірімен қарым-қатынастық дағдыларын қалыптастыру. |
| Сабақтың түрі | Жаңа білімді меңгерту сабағы |
| Оқыту әдістері, әдістемелік шаралар, педагогикалық техникалар, педагогикалық технологиялар | Сөздік, көрнекі, практикалық, Жеке, ұжымдық, ЖИГСО, INSERT, Ақпараттық-коммуникациялық технология, түсіндірмелі иллюстративті көрнекілікті әдіс |
| Сабақта қолданылатын көрнекіліктер (стендтер, плакаттар, кестелер, сызбалар, үлестірме материалдары) | Интерактивті тақта немесе перде,Ойлан, тап сұрақтары, тақырыптық презентация, есептер, үлестірме қағаздар, дәріс парақшасы |
| Сабақта қолданылатын электронды білім ресурстары (универсальды, Интернет желісі, CD-ROM, презентациялар, бейнематериалдар, электронды оқулық, флипчарт, электронды плакаттар және т.б.) | Тақырыптық презентация, электронды оқулық, флипчарт, плакаттар |
| Жабдықтар және бағдарламамен қамтамасыз ету қажеттілігі (локальдық желі, Интернетке қосылу, мультимедиялық компьютер, бағдарламалық құралдар) | Проектор, мультимедиялық компьютер, Prezi.com бағдарламасы, |
| Интернеттегі білім ресурстары | http://ustaz.kz, http://u-s.kz/,http://nsportal.ru/, http://festival.1september.ru/ |
| Қолданылған әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша әдебиеттер) | Информатика. Ерекешева М.М., Ақтөбе,2007 – 312 б. Дербе компьютерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы. Инчин А.С.-Алматы,2002 Н.Ермеков «Информатика және Есептеуіш техника негіздері», Алматы, Жазушы, 2002 ж. Бөрібаев Б, Нақысбеков Б, Мадиярова Г. 9 сынып. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: «Мектеп», 2005ж. |
САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
| Сабақ барысы | Уақыты (90мин) | Сабақтың мазмұны | Оқытушының қызметі | Студенттің қызметі |
| Ұйымдастыру кезеңі | 5 мин | Студенттерді сабаққа дайындау.Оқу көрнекіліктерін дайындайды. | Студенттердің қатысымын тексереді, кабинет тазалығын қадағалайды, студент. жұмыс ырғағына бейімдеп, топқа бөлу | Оқу құралдарын дайындайды, топқа бөлінеді |
| | Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру | 20 мин | Ойын элементтерін қолданып алған білімдері тексеріледі. «Ойлан, тап» ойыны | Алған білімдерін тексеру жолдары: 1. «Ойлан, тап» ойынын қолдану. | Сұрақтарға жауап береді |
| Жаңа сабақты түсіндіру | 35 мин | Сандарды бір санау жүйесінен екіншіге ауыстыру тақырыбына дәріс материалдары | Топ бойынша берілген дәріске бағыт-бағдар беру, түсіндірме жұмыстар жүргізу | Студенттер ұжыммен жұмыс істейді, есептер шығарады, пікір алмасады |
| Бекіту | 10 мин | Сергіту сәті «Ия, жоқ» ойыны, Көзге арналған жаттығулар | Студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау | Ойынға қатысып, ой бөліседі, жаттығу жасайды |
| Сабақты қорытындылау Үй тапсырмасының берілуі | 15 мин | Алған білімдерін қорытындылап, үйге тапсырма беріледі. Сабақтағы кері байланыс | «Өзіңді тексер!» тест тапсырмалары Үйге тапсырма береді. "Венн диаграммасын" түсіндіру. Студенттерді бағалайды, сабақты қорытындылайды. | Үй тапсыр. жазып алады. Венн диаграммасын толтыру үлгісін алады. Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу |
| Бағалау | 5 мин | Әр студентке жеке тұлға ретінде баға беру | Студенттердің пікірін салыстыра отырып, бағалау | Бір-біріне баға береді, өз пікірлерімен бөліседі. |
«Ойлан, тап» ойыны
30 – Санау жүйесі дегеніміз....? (белгілі алфавиттердің көмегімен және сандардың ережесіне сәйкес сандарды жазу ережесі)
40 – Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады? (цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифр-лардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды)
50 – Санау жүйесінің қандай түрлері бар? (2,8,10,16)
30 – Сан түсінігі ...? (математикалық сияқты ақпараттануда да басты негiз)
40 – Позициялық емес санау жүйесі? (Сандағы цифрлардың мәндері оның орналасуына тәуелсіз болатын санау жүйелері)
50 – Римдік санау жүйесін айтып бер?
30 – 651 санын Рим түрінде жазып бер? (DCLI=D+C+L+I.)
40 – Қай елде санау жүйесіне латын әріптері қолданылады? Рим
50 – Неліктен есептеу құралдарында екілік санау жүйесі қолданылады? ()
30 – Екілік сан дегеніміз не? (0 және 1 цифрларының көмегiмен жазылады)
40 –Разряд дегеніміз не? (Санның цифрына бөлiнетiн позицияны)
50 – Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?
Жаңа сабақты меңгерту
Дәріс материалдары
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды қарастырдық.
Екiлiк жүйеде кез келген сан екi 0 және 1 цифрларының көмегiмен жазылады және екiлiк сан деп аталады. Екiлiк санның әрбiр разрядын (цифрын) бит деп атайды. Кез келген санау жүйесiнiң негiзiн осы санау жүйесiнде қолданылатын цифрлар санын анықтап ЭЕМ-де ақпаратты өрнектеу үшiн екiлiк жүйе қолданылады. Екiлiк жүйеде қосындыда негiздеушi ретiнде 2 санын қолданады. Мысалы, 1001,11 екiлiк сан үшiн қосынды мына түрде болады:
1*23+0*22+0*21+1*20+1*2-1+1*2-2
Бұл қосынды ондық сан үшiн жазылған қосындының ережесi бойынша жазылады.
Екiлiк жүйенiң маңыздғы құндылығы – цифрды ұсыну ыңғайлылығы және компьютер аппаратурасының қарапайымдылығы.
Екiлiк жүйенiң кемшiлiгi – мұнда санды жазу үшiн 0 мен 1 цифрлары көп қажет болады. Бұл адамның екiлiк санды қабылдауын қиындатады. Мысалы 156 ондық санының екiлiк жүйедегi түрi мынадай:10011100. Сондықтан екiлiк жүйе әдетте компьютердiң “iшкi қажеттiлiгi” үшiн қолданылады, ол адамның компьютермен жұмыс iстеуi үшiн үлкен негiздеуiшi санау жүйесi таңдалды. Бұл сегiздiк және он алтылық жүйелер. Осы екi жүйелердiң және екiлiк жүйенiң арасында санды бiр жүйеден басқаға ауыстыруды жеңiлдететiн қарапайым байланыс бар.
БҮТІН ОНДЫҚ САНДАРДЫ ЕКІЛІК САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ.
Ауыстыру ережесі. Бүтін оң ондық санды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін осы санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөліндіні қайтадан екіге бөліп және т.с.с., алынған бөлінді 2-ден кіші болғанша бөле беру керек. Нәтижесінде соңғы бөлінді мен соңғысынан бастап барлық калдықтарды бір жолға жазу керек.
| 891 | 2 | | | | | | | | |
| 1 | 445 | 2 | | | | | | | |
| | 1 | 222 | 2 | | | | | | |
| | | 0 | 111 | 2 | | | | | |
| | | | 1 | 55 | 2 | | | | |
| | | | | 1 | 27 | 2 | | | |
| | | | | | 1 | 13 | 2 | | |
| | | | | | | 1 | 6 | 2 | |
| | | | | | | | 0 | 3 | 2 |
| | | | | | | | | 1 | 1 |
(екілік санның ең үлкен цифры)
89110=11011110112
ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ ЕКІЛІК САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ.
Ауыстыру ережесі. Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін қайтадан 2-ге көбейту керек. Енді бұл көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің келесі цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін тағы 2-ге көбейту керек. т.с.с
Мысалы:
0,625 * 2=1,250 бүтін бөлігі 1-ге тең;
0,250 * 2=0,500 бүтін бөлігі 0-ге тең;
0,500 * 2=1,000 бүтін бөлігі 1-ге тең;
Соңғы бөлшектің бөлшек бөлігі 0-ге тең ауыстыру аяқталды.
0,62510=0,1012
Ақырғы ондық бөлшекті екілік жүйеге ауыстыру кезінде периодты бөлшек алынуы мүмкін.
Мысалы:
0,3 * 2=0,6 бүтін бөлігі 0-ге тең;
0,6 * 2=1,2 бүтін бөлігі 1-ге тең;
0,2 * 2=0,4 бүтін бөлігі 0-ге тең;
0,4 * 2=0,8 бүтін бөлігі 0-ге тең;
0,8 * 2=1,6 бүтін бөлігі 1-ге тең;
0,6 * 2=1,2 бүтін бөлігі 1-ге тең; және т.с.с
Жауабы: 0,310=0,0(1001)2
Сандарды бiр санау жүйесiнен басқа санау жүйесiне ауыстыру Ондық санау жүйесiндегi сандарды басқа санау жүйелерiне ауыстыру Ондық санау жүйесiндегi санды екiлiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлiндi екiден кiшi болғанша бөлiнедi де, қалған қалдықты керi бағытта жазады. Мыс:
129:2=64 (1) 12910=100000012
64:2=32 (0)
32:2=16 (0)
16:2=8 (0)
8:2=4 (0)
4:2=2 (0)
2:2=1 (0)
1:2=0 (1)
Ондық санау жүйесiндегi санды сегiздiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн екiлiк жүйесiне ауыстырған әдiстi қолданады. Бiрақ бұл кезеде санды сегiзге бөледi. Мыс:
129:8=16 (1) 12910=2018
16:8=2 (0)
2:8=0 (2)
Ондық санау жүйесiндегi санды оналтылық санау жүйесiне ауыстыру үшiн тек санды сегiздiң орнына он алтыға бөлу керек. Мыс:
129:16=8 (1) 12910=8116
8:16=0 (8)
ОНДЫҚ САНДАРДЫ СЕГІЗДІК САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ.
Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша, 7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі. Егер алынған бөлінді 7-ден үлкен болса, онда оны да қалдықты еске сақтай отырып, 8-ге бөледі. Жаңа бөліндіні, егер ол 0-ден көп болса, өз кезегінде 8-ге бөледі. Бұл 8-ге бөлу процесі алынған бөлінді 0-ге тең болғанша жалғаса береді. Содан кейін, соңғысынан бастап барлық қалдықтарды қатар жазып алу керек.
Мысал. 891 санын ондық жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстырайық.
Шешуі:
891| 8
888 111| 8
3 104 13 | 8
7 8 1
5
Жауабы: 89110=15738.
ОНДЫҚ САНДАРДЫ ОНАЛТЫЛЫҚ САНАУ ЖҮЙЕСШЕ АУЫСТЫРУ
Ондық сандарды оналтылық жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы - берілген сан 8-дің орнына 16-ға бөлінеді.
Мысал. 891 санын ондық жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстырайық. Шешуі:
891| 16
880 55| 16
11 48 3
7
"11 цифры "оналтылық жүйеде латынша В әрпімен белгінеледі.)
Жауабы: 89110=37В16
САНДАРДЫ ЕКІЛІК ЖҮЙЕДЕН СЕГІЗДІК САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ
Сегіздік санның кез келген цифрын жазу үшін үш екілік цифр (триада) қажет. ондықтан түрдендіретін екілік санды оңнан солға қарай үш-үштен екілік цифрлар :оына бөледі, мұнда ең сол жақтаға топта екілік цифрлар үштен кем болуы мүмкін. Мысалы, 011 екілік цифры сегіздік санау жүйесінде үш цифры болып табылады. Сонан кейін екілік цифрлардың әрбір тобын кестеде көрсетілген сегіздік цифр түрінде жазады.
| Екілік жүйе | Сегіздік жүйе |
| 000 | 0 |
| 001 | 1 |
| 010 | 2 |
| 011 | 3 |
| 100 | 4 |
| 101 | 5 |
| 110 | 6 |
| 111 | 7 |
1 101 1110112=15738
САНДАРДЫ ЕКІЛІК ЖҮЙЕДЕН ОНАЛТЫЛЫҚ САНАУ ЖҮЙЕСШЕ АУЫСТЫРУ
Екілік санды оналтылық санау жүйесіне жоғарыдағы ұқсас түрлендіреді: әрбір түрлендіретін екілік сан оңнан солға қарай әрқайсысында төрттен екілік сан бар топтарға (тетрадаларға) бөлінеді, өйткені оналтылық санның кез келген цифрын жазу үшін төрт екілік цифр қажет.
| Ондық жүйе | Екілік жүйе | Он алтылық жүйе |
| 0 | 0000 | 0 |
| 1 | 0001 | 1 |
| 2 | 0010 | 2 |
| 3 | 0011 | 3 |
| 4 | 0100 | 4 |
| 5 | 0101 | 5 |
| 6 | 0110 | 6 |
| 7 | 0111 | 7 |
| 8 | 1000 | 8 |
| 9 | 1001 | 9 |
| 10 | 1010 | A |
| 11 | 1011 | B |
| 12 | 1100 | C |
| 13 | 1101 | D |
| 14 | 1110 | E |
| 15 | 1111 | F |
11 0111 10112=37В6 Бұл тене-еңдіктерді оңай тексеруге болады.
Мысалы, 10112=1* 23+ 0 *22+1*21+1*2°=1110=В16
САНДАРДЫ СЕГІЗДІК ЖӘНЕ ОНАЛТЫЛЫҚ САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕН ЕКІЛІК ЖҮЙЕГЕ АУЫСТЫРУ
Сегіздік немесе оналтылық санды екілік санға түрлендіру бастапкы санның әрбір цифрын үш (сегіздік сан үшін- триадаларға) немесе төрт (оналтылык сандар үшін-тетрадаларға) екілік сандардан тұратын топтарға жай ғана ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы: 1238= 001 010 011=10100112, А1716=1010 0001 0111=1010000101112.
Егер ауыстырғаннан кейін екілік санның бүтін бөлігі нөлдерден басталса, онда олар алып тасталады. Бөлшек бөліктің соңындағы нөлдермен де тура солай жасайды. Мысалы: 253,А416=001001010011,1011001002=1001010011,1010012.
Көздің талуын болдырмау жаттығулары:
1. Қараубағытынөзгерту: алысқа-мұрынұшына, солға–оңға, төмен-жоғары.
2. сағаттілібағытыменжәнеқарсыбағытта көздіайналдыра бұрыпқарау.
3. Көздіжұмып, қолменжауып, 1-1,5 минут отыру.
Шаршауды болдырмау жаттығулары:
1. Сағаттілібағытыменжәнеқарсыбағыттабастыайналдырабұру.
2. Бастыкезекпенекіжаққабұру.
3. Саусақтардыжұмырыққа жұму, қолдыңұшынбосаңсыту.
4. Оңға - солғабұрылып, қолдысермеп, керіліп-созылу.
Өзіңді тексер!
1. Санау жүйесі – ол:
A) 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 – цифрлар жиынтығы В) сандардың жазылу тәсілі
С) натурал сандар жиыны D) cандарды римдік санау жүйесінде жазу
2. Ең үлкен санды көрсетіңдер:
A) 11110 B) 1112 C) III D) 10002
3. Екілік санау жүйесінің негізі:
А) 0 B) 1 C) 2 D) 0 және 1
4. Екілік сандардың қосындысы мына ережелер арқылы есептеледі:
A) 0+0=0, 1+0=1, 0+1=1, 1+1=0 В) 0+0=0, 1+0=1, 0+1=1, 1+1=10
С) 0+0=0, 1+0=1, 0+1=1, 1+1=2 D) 0+0=0, 1+0=1, 0+1=1, 1+1=11
5. Екілік сандардың қосындысы мына ережелер арқылы есептеледі:
A) 0˖0=0, 1˖0=0, 0˖1=0, 1˖1=1 В) 0˖0=0, 1˖0=0, 0˖1=0, 1˖1=10
С) 0˖0=0, 1˖0=0, 0˖1=0, 1˖1=11 D) 0˖0=0, 1˖0=1, 0˖1=0, 1˖1=1
6. Сандардың аталу және жазылу әдістерін не деп атаймыз?
А) Бит
В) Байт
С) Дәреже
D) Санау жүйесі
7. Санау жүйесі неше түрге бөлінеді?
А) 1
B) 2
C) 3
D) 4
8. Санның цифрына бөлінетін позицияны не деп атайды?
А) Бит
B) Байт
C) Дәреже
D) Цифр
9. 11102 мен 10012 екілік сандарының қосындысын табыңдар?
А) 101112
B) 11102
C) 111112
D) 110002
10. 11112 мен 01012 екілік сандарының азайтындысын табыңдар?
А) 00012
B) 01102
C) 10102
D) 10002
Жауаптары: 1.B 2. A 3. D 4. B 5. A 6.D. 7D. 8A. 9A. 10C.
Есептер жинағы
1-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а)181,36910; ж)176,52610; 3)700610; и)12510; к)22910;
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырындар:
а)32210; б)150,700610; в)284,24510; г)42810; д)315,07510;
3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а)1Ш01100112; ә)11011010010012; 6)10011010110012;
4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырынлар:
а)111101100112; ә)11011010010012; 6)10011010110012;
5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырындар:
а)3248; ә)15768; б)176528; в)1368; г)305078;
6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а)А5916; ә)8716; б)В68!6; в)С1616;
2-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 32210; ә)15010; б)283,24510; в)42810; г)315.07510;
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
е)18110: ж)176,52610; з)36910; и)125,0; к)22910;
3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
в)110111110112; г)10101110111012; д)11101111010112;
4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
в)1101Ш10112; г)10101110111012; д)11101111010112;
5. Сегіздік сандарды кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырывдар:
ғ)4068; д)1258; е)2278;
6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
г)1Ғ5А16; д)4Б616; е)2СЕ16;
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?
Ондык бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі кандай?
Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмкін?
Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін кандай амалдар орындаймыз?
Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін не істейміз?
Бағалау: Алған білімдеріне қарай, орындаған тапсырмалары арқылы жеке бағалау.
Үй тапсырмасы
Жаңа тақырып конспектісін оқу. Конспект оқу. Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарына арналған экспериментальды оқулық. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б.- Алматы:2003 Информатика. Оқу құралы Ерекешева М.М.,Ақтөбе, 2007-312б
"Венн диаграммасын" толтыру
1 – сақинаға ЕКІЛІК САНАУ ЖҮЙЕСІ сипаттамаларын, 2 – сақинаға СЕГІЗДІК САНАУ ЖҮЙЕСІ сипаттамаларын, 3 – сақинаға ОН АЛТЫЛЫҚ САНАУ ЖҮЙЕСІ сипаттамаларын жазып, ал ортақ шеңберге ұқсастықтарын жазады.

Сабақтағы кері байланыс. Студенттер сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
«Өзіңді - өзің бағалай біл! Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді.»
Л. Вовенарг
| Пәні, кабинет № , мерзімі | Автоматтандырылған жүйелерді есептеу техникасы, 306 кабинет, 12.01.2017 ж |
| Курсы, тобы | 4 курс, 405 АС |
| Сабақтың нөмірі, тақырыбы | № 9. Жалпы қолданыстағы ЭЕМ. Архитектурасы, ерекшеліктері, қолданылу саласы. ЭЕМ-нің құрылымы және жалпы принциптері |
| Сабақтың мақсаты | Қазіргі заманғы дербес компьютерлермен, оның классификациясымен, дербес компьютерлердің құрамдас бөліктерімен таныстыру, білімдерін жетілдіру |
| Сабақтың міндеттері | оқыту | дамытушылық | тәрбиелік |
| ЭЕМ жұмысын басқаруды және негізгі құрылғылары мен блоктары және байланыстар құрылымын түсіндіру. | Дербес компьютерлермен тиімді жұмыс жасау дағдысын қалптастыру, танымдық ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. | Жауапкершілікке, тиянақтылыққа баулу, шығармашылық қабілеттерін және бір-бірімен қарым-қатынастық дағдыларын қалыптастыру. |
| Сабақтың түрі | Жаңа білімді меңгерту сабағы |
| Оқыту әдістері, әдістемелік шаралар, педагогикалық техникалар, педагогикалық технологиялар | Сөздік, көрнекі, түсіндірмелі – пікірталас, Жеке, ұжымдық, Ақпараттық-коммуникациялық технология, түсіндірмелі иллюстративті көрнекілікті әдіс |
| Сабақта қолданылатын көрнекіліктер (стендтер, плакаттар, кестелер, сызбалар, үлестірме материалдары) | Интерактивті тақта немесе перде, тақырыптық презентация, сұрақтар, |
| Сабақта қолданылатын электронды білім ресурстары (универсальды, Интернет желісі, CD-ROM, презентациялар, бейнематериалдар, электронды оқулық, флипчарт, электронды плакаттар және т.б.) | Тақырыптық презентация, ОӘК |
| Жабдықтар және бағдарламамен қамтамасыз ету қажеттілігі (локальдық желі, Интернетке қосылу, мультимедиялық компьютер, бағдарламалық құралдар) | Проектор, мультимедиялық компьютер, Power Point бағдарламасы, |
| Интернеттегі білім ресурстары | http://ustaz.kz, http://u-s.kz/,http://nsportal.ru/, http://festival.1september.ru/ |
| Қолданылған әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша әдебиеттер) | Информатика. Ерекешева М.М., Ақтөбе,2007 – 312 б. Дербе компьютерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы. Инчин А.С.-Алматы,2002 Н.Ермеков «Информатика және Есептеуіш техника негіздері», Алматы, Жазушы, 2002 ж. Бөрібаев Б, Нақысбеков Б, Мадиярова Г. 9 сынып. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: «Мектеп», 2005ж. |
САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
| Сабақ барысы | Уақыты (90мин) | Сабақтың мазмұны | Оқытушының қызметі | Студенттің қызметі |
| Ұйымдастыру кезеңі | 5 мин | Студенттерді сабаққа дайындау.Оқу көрнекіліктерін дайындайды. | Студенттердің қатысымын тексереді, кабинет тазалығын қадағалайды, студент. жұмыс ырғағына бейімдеп, топқа бөлу | Оқу құралдарын дайындайды |
| | Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру | 25 мин | Ойын элементтерін қолданып алған білімдері тексеріледі. «Домино» ойыны | Алған білімдерін тексеру жолдары: 1. «Домино» ойынын қолдану. | Сұрақтарға жауап береді |
| Жаңа сабақты түсіндіру | 35 мин | Жалпы қолданыстағы ЭЕМ. Архитектурасы, ерекшеліктері, қолданылу саласы. тақырыбына дәріс материалдары | Берілген дәріске бағыт-бағдар беру, түсіндірме жұмыстар жүргізу | Студенттер ұжыммен жұмыс істейді, Сұрақтарға жауап айтады, пікір алмасады |
| Бекіту | 5 мин | Сергіту сәті «Тест» тапсырмалары, Көзге арналған жаттығулар | Студенттердің алған білімін шыңдау «Өзіңді тексер!» тест тапсырмалары | Тапсырмаларды компьютерде орындайды, жаттығу жасайды |
| Сабақты қорытындылау Үй тапсырмасының берілуі | 15 мин | Алған білімдерін қорытындылап, үйге тапсырма беріледі. Сабақтағы кері байланыс | Үйге тапсырма береді. «Компьютер архитектурасы» жоба қорғау. Студенттерді бағалайды, сабақты қорытындылайды. | Үй тапсыр. жазып алады. Жоба дайындау үлгісін алады. Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу |
| Бағалау | 5 мин | Әр студентке жеке тұлға ретінде баға беру | Студенттердің пікірін салыстыра отырып, бағалау | Бір-біріне баға береді, өз пікірлерімен бөліседі. |
«Домино» ойыны
BIOS жүйесі қандай операцияларды орындайды?
Есте сақтау құрылғылары қандай?
ОЗУ – RAM қандай құрылғы?
DRAM және SRAM айырмашылықтары қандай?
Оперативті жады модулінің сипаттамалары қандай?
Ақпараттың өлшем бірліктері қандай?
Қатты магниттік диск қандай қызмет атқарады?
Компакт диск қандай құрылғы?
Ақпарат тасымалдаушылар?
Дискілердің өлшемі?
Жаңа сабақты меңгерту
Дәріс материалдары
ЭЕМ архитектурасы - ол ЭЕМ жұмысын бағдарламалық басқаруды және оның негізгі функционалды түйіндерінің бір-бірімен келіскен әрекетін іске асыратын ЭЕМ құрудың жалпы принципі. Компьютер – деректерді құру, сақтау және тасымалдауды автоматтандыруға арналған электрондық құрал.
«Архитектура» сөзін ЭЕМ үшін қолданғанда, ол пайдаланушыға қажет компьютер сипаттамаларының жиынтығы деп түсінуге болады. Олар – ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары мен блоктары және олардың арасындағы байланыстар құрылымы.
ЭЕМ құрудың жалпы принциптері:
ЭЕМ жадының құрылысы
жадыға және сыртқы құрылғыларға жету жолы
компьютер конфигурациясын өзгерту мүмкіндігі
командалар жүйесі
деректер форматы
интерфейсті ұйымдастыру
Компьютердің құрылғылары (ағылш. hardware (́ha:dwεə), «темір») — электрондық және/немесе Есептегіш құрылғының механикалық бөліктері.
Компьютердің құрылғылары — электрондық, электрлік ж-е механикалық құрылғылардың кешені.
Компьютердің құрылғыларының қатарына:
— компьютерлер мен логикалық құрылғылар;
— сыртқы құрылғылар және диагностикалық аппаратура;
— энергетикалық қосалқылар, батареялар мен аккумуляторлар.
Кәдімгі жеке компьютер корпустан және мына бөлшектен тұрады:
Аналық плата, оның үстіндегі орталық процессор (CPU) оның үстінде салқындату жүйесі, оперативті жад (оперативная память) және т.б., кеңейткіш слоты:
оперативті жад құрылғысы (ОЗУ) және кэш (әдетте CPU ішінде кездеседі)
Тұрақты жад құрылғысы (ПЗУ)
Шины — PCI, PCI- E, USB, FireWire, AGP (устарела), ISA (устарела),
EISA (устарела)
Электр блогі (блок питания)
Сақтау құрылғыларының контроллері — IDE, SCSI, SATA, SAS н-се аналық платада және кеңейткіш құрылғыларда орналасқан басқа түрлі контроллер. Контроллерге Қатты диск (hard disk), жұмсақ диск құрылғылары, CD-ROM т.б.
Қозғалғыш жад құрылғылары
Оптикалық дисктер құрылғысы
Жұмсақ дисктер құрылғысы
стример
Ақпарат сақтағыш құрылғылар
Қатты диск (hard disk) (кейде RAID-массивке қосылған)
Видеоконтроллер (мониторға сигнал жіберетін графикалық плата)
Дауыс контроллері (көр Дауыс платасы)
Торлық интерфейс (көр Тор платасы) бұдан басқа, компьютерлік құрылғыларға сыртқы компоненттер кіреді:
Кіріс құралы
Пернетақта
Тышқан, трекбол н-се тачпад
Джойстик
Сканер
Шығыс құралы
Монитор (дисплей)
Колонка/наушниктер
Баспа құралдары
Принтер
Плоттер
Модем — телефондық желімен байланысу үшін
Дисплей– компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі-түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.
Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді. Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары болады.
Алғашқы түрлі-түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты. Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке дейін), SX6A(1280х1024), UX6A(1600х1200) мониторларымен жабдықталған.
Соңғы кездері сұйық кристалды (СК) мониторлар танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.
LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты заттарға тән кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр кернеуінің әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы өтетін жарық сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз.
Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Мұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.
СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта: мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау үшін т.б. қолдана беруге болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді жақсы көрсеткенімен, әр түрлі динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды.
Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.
Монитор экранының өлшемдері әр түрлі болады.
Экранның диагоналі дюйммен (1 дюйм = 2,54 см) өлшенеді және олар 15,17,19 дюйм немесе одан жоғары болады.
Электронды кітап оқуға арналған құрылғылар бизнесінде танымал Onyx International компаниясы өзінің смартфон моделін жасап шығарды.
Дәстүрлі смартфондарда LCD немесе AMOLED дисплейі қолданылса, бұл жаңа өнімнің ерекшелігі онда сенсорлы E Ink дисплейі орнатылған.
Onyx International компаниясының E Ink дисплейі орнатылған смартфоны әзірге, тек прототип қана. Оның техникалық сипаттамалары жарияланған жоқ. Тек құрылғыға Arm Cortex А5 процессоры орнатылғаны, Wi-Fi және 3G модульдері бары, салмағының 100 грамнан кем екені белгілі.
E Ink дисплейі аз энергия жейтіндіктен (дисплейдегі ақпарат өзгерген кезде ғана) смартфонның батареясы бір аптаға дейін автономды түрде жұмыс істей алады.
Дисплейдің тағы бір артықшылығы күн сәулесі шағылысқан кезде де экрандағы ақпаратты оқу қолайлы. Ал қазіргі смартфондарда бұл өте қолайсыз.
Құрылғы Android операциялық жүйесі бойынша жұмыс істейді.

«ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР!» ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Компьютер дегеніміз не?
а) мәтіндерменжұмысістеугеарналғанқұрал;
ә) сандардыесептеугеарналғанэлектрондықұрал;
б) ақпараттыңкезкелгентүрінсақтауғаарналғанқұрал;
в) ақпаратпенжұмысістеугеарналғанкөпқызметтіэлектрондықұрал;
г) аналогтықсигналдардыөңдеугеарналғанқұрал.
2. Ғалымдардың қайсысы ДК-дің принципиалды схемасын ұсынды?
а) Лейбниц;
ә) Паскаль;
б) Нейман;
в) Бэббидж;
г) Лебедев.
3. Принципиалды схема бойынша ДК-діңнегізгіқұрылғыларыныңтолықтізімінкөрсетіңіз:
а) микропроцессор, сопроцессор, монитор;
ә) процессор, компьютер жады, енгізу – шығаруқұрылғылары;
б) монитор, винчестер, принтер;
в) АЛУ, УУ, сопроцессор;
г) сканер, тышқан, монитор, принтер.
4. ДК процессорыныңнегізгіқызметі не?
а) ақпараттысақтау;
ә) ақпараттыалып, оны сақтау;
б) ДК жадынбасқару;
в) ДК құрылғыларыныңжұмысынбасқару;
г) ДК-діңбарлықаппараттыққұрылғыларынабағыну.
5. Компьютер жұмысыныңжылдамдығы неге тәуелді?
а) процессордағыақпараттыөңдеужиілігіне;
ә) принтердіңқосылыпнемесеөшіріліптұруына;
б) операциялықжүйенің интерфейс ұйымына;
в) сыртқыақпаратсақтауқұрылғысыныңкөлеміне;
г) өңделушіақпараткөлеміне.
6. Компьютердіңжадықандайтүргебөлінеді?
а) дискеттержәнесыртқы;
ә) дискілер,дискеттержәнет.б.;
б) винчестер жәнеішкі;
в) ішкіжәнедискілер;
г) ішкіжәнесыртқы.
7. Тұрақтысақтауқұрылғысыныңқызметінеде?
а) бастапқы компьютер жүктелуіндегіпрограммалардысақтау;
ә) жұмысістеукезіндегіпайдаланушыныңпрограммаларынсақтау;
б) аса бағалықолданбалыпрограммалардыжазыпалу;
в) үнеміқолданылатынпрограммалардысақтау;
г) аса бағалықұжаттардытұрақтысақтау.
8. ДК енгізу – шығаруқұрылғыларыныңқызметінеде?
а) ДК жадына ақпаратты енгізу – шығару;
ә) жұмысістеукезіндегіпайдаланушыныңпрограммаларыненгізу – шығару;
б) компьютер бастапқыжүктелгендепрограммалардыенгізу;
в) үнеміқолданылатынпрограммалардышығару;
г) құжаттардықағазға басу.
Көздің талуын болдырмау жаттығулары:
1. Қараубағытынөзгерту: алысқа-мұрынұшына, солға–оңға, төмен-жоғары.
2. сағаттілібағытыменжәнеқарсыбағытта көздіайналдыра бұрыпқарау.
3. Көздіжұмып, қолменжауып, 1-1,5 минут отыру.
Шаршауды болдырмау жаттығулары:
1. Сағаттілібағытыменжәнеқарсыбағыттабастыайналдырабұру.
2. Бастыкезекпенекіжаққабұру.
3. Саусақтардыжұмырыққа жұму, қолдыңұшынбосаңсыту.
4. Оңға - солғабұрылып, қолдысермеп, керіліп-созылу.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Дербес компьютер дегеніміз не?
ЭЕМ архитектурасының принципі қандай?
Архитектура сөзінің анықтамасы?
ДК қандай құрылғылары бар, негізгі және қосымша құрылғыларын қалай ажыратамыз?
ДК-дің принципиалды схемасын ұсынған кім?
Монитор, дисплейдің қандай түрлері бар?
Бағалау: Алған білімдеріне қарай, орындаған тапсырмалары арқылы жеке бағалау.
Үй тапсырмасы
Жаңа тақырып конспектісін оқу. Конспект оқу. Информатика. Оқу құралы Ерекешева М.М.,Ақтөбе, 2007-312б
«Автоматтандырылған жүйелерді есептеу техникасы» ОӘК, 9-дәріс
«Компьютер архитектурасы» тақырыбында жоба қорғау.