СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Санды теңдіктер және олардың қасиеттері

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок                                                                                                                                                                    

Просмотр содержимого документа
«Санды теңдіктер және олардың қасиеттері»

ҰМЖ бөлімі:

6.3АБір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Мектеп: №273 орта мектеп

Күні: 10.01.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Пернебай А.С.

Сынып: 6 «В»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Санды теңдіктер және олардың қасиеттері

Оқу мақсаттары

6.2.2.1

тура санды теңдіктердің қасиеттерін білу және қолдану;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: санды теңдіктер,тура санды теңдіктер анықтамасын, тура санды теңдіктердің қасиеттерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: тура санды теңдіктердің қасиеттерін есеп шығаруда қолданады.

Кейбір оқушылар:тақырыпқа берілген күрделі есептерді шығарады.

Бағалау критерийі

- санды теңдіктер анықтамасын біледі;

- тура санды теңдіктер анықтамасын біледі;

- тура санды теңдіктердің қасиеттерін біледі;

- тура санды теңдіктердің қасиеттерін есеп шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-берілген бөлімнің терминдерін қолданады;

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Санды теңдік, тура санды теңдік

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1)Санды теңдік дегеніміз не?

2)Тура санды теңдіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғышты екінші жақ бөлігіне қалай ауыстыруға болады?

3) Екі тура санды теңдік қалай қосылады?

4) Екі тура санды теңдік қалай көбейтіледі?

Құндылықтарға баулу

Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Алдыңғы оқу

Тепе-теңдік, тепе-тең түрлендіруді біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақ-тың

басы

2 мин





4 мин

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару, сабақтың мақсатын айту.


Үй жұмысын тексеру.

1)Рационал сандарды қосу ережесі.

2)Рационал сандарды азайту ережесі.

3) Рационал сандарды көбейту ережесі.

4)Рационал сандарды бөлу ережесі.

5)Алгебралық өрнек дегеніміз не?

6)Алгебралық қосынды дегеніміз не?

7)Ұқсас мүшелер дегеніміз не?

8)Жақшаларды ашу ережесі.










Сабақ-

тың ортасы

10 мин













































12 мин









2 мин











7 мин




Жаңа білім беру.

Анықтама:Өзара тең екі санды өрнектің «=» белгісімен

жазылуы санды теңдік деп аталады.

Мысалы; 25 = 25;

9

Тура санды теңдіктердің қасиеттері:

1.Егер а=b және b= с болса, онда а=с.

Мысалы:9 және 36 онда 9

  1. 2. Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігіне де бірдей санды қосқанда тура санды теңдік теңдік шығады.

Егер а= bболса, онда а+ с= в + с.

Мысалы: 8,4 + 3,6 = 12.

8,4 + 3,6 + (– 3,6 )= 12 + (– 3,6).

8,4 = 12 – 3,6.

8,4 = 8,4.

Демек, тура санды теңдіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдіктің екінші жақ бөлігіне көшіруге болады.

3.Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігіне де нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде тура санды теңдік теңдік шығады.

Егер а= в болса, онда ас= вс; а:с= в:с; с

Мысалы: 3 – 11 = - 8.

(3 – 11)= (- 8.

- 16 = - 16.

4. Екі тура санды теңдікті мүшелеп қосқанда тура санды теңдік шығады.

Мысалы: 42:(-6) = -7

12*5 = 60

42:(-6) + 12* 5 = (-7) + 60

53 = 53

5. Екі тура санды теңдікті мүшелеп көбейткенде тура санды теңдік шығады.

5+3 = 8

9 – 2=7

(5 + 3) (9-2) = 87

56 = 56.


Жаңа білімді бекіту.

Оқулықтан №764 (ауызша), №765, №767 тақтаға шығарылады.



Сергіту сәті.

«Көңілді қалпақ» ойыны.

Басына қалпақ түскен жеті оқушы жеті байлықты табады.

Бірінші байлық - денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық


Жеке жұмыс.

1. Тура санды теңдікті анықтаңдар:

32 : 4 + 9 = 3 × 5 + 2

(34 – 18) : 4 = 56 : 7 – 28 : 7

400 – 210 + 100 = 600 + 200 – 510

64 : 8 + 25 : 5 = 36 : 6 + 42 : 7

8 × 9 + 30 = 9 × 9 + 20.

2. Берілген өрнектерден тура және тура емес санды теңдік құрастырыңдар:

40 : 8 + 9

64 – 24 + (5 × 3)

29 – (3 × 4) + 5

28 – (7 × 2)

100 – 9 × 5

32 – 6 × 2 + 3 × 3

(45 – 35) : 2

5 × 4 + 5 × 5

Тура санды теңдіктер

__________________________________


Тура емес санды теңдіктер

__________________________________


Презентация











































Оқулық, тақта, бор

Сабақтың

соңы


  • 3 мин

Рефлексия.

«Пантомима» .

Қолдарын жоғары көтерсе –сабақ жақсы өтті,

Басы төмен-қанағаттанған жоқ,

Беттерін қолымен жауып алса –ұнамады.


Үй жұмысын беру.

№766, 5-бет

Кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жеке жұмыс арқылы оқушының материалды игеру деңгейін анықтаймын.

Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту;

Рефлексия.

Әрбір оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану.

Қауіпсіздік ережесі

Сергіту сәті

Сабақ мақсаттары дұрыс жоспарланған ба?Сабақтың уақыттық кезеңі сақталды ма?

Сабақ жоспарынан ауытқу болдыма?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!