СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сандық білім беру

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сандық білім беру

Сандық білім беру

Сандық білім беру

Просмотр содержимого документа
«Сандық білім беру»

1қосымша





«Білім берудің сарқылмас қорын жаңғырту: тәжірибе мен болашағы» атты

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік сырттай конференцияға

ӨТІНІМ





Автордың аты-жөні толығымен (егер бірнеше автор болса, үтір арқылы жазылған авторлар тізімі ақпараты толтырылады), оқу түрі (бакалавриат, магистратура, доктор Phd, кандидат), курс.

Ормашева Мадина

1 - курс

Оқу орнының атауы (ЖОО, ТКББ, кафедра қысқартусыз жазылады)

Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі

E-mail (жұмыс авторы) электронды жинақ пен сертификат жіберілетін электронды адрес

[email protected]

Қызметі, ғылыми атағы, ғылыми деңгейі (автор, ғылыми жетекші)

Информатика пәнінің оқытушысы

Мобильді телефон

87479837597

Мақаланың тақырыбы

Сандық білім беру – қолжетімді, сапалы білім беру


Конференцияның бағыты (жазып көрсету)

Сандық білім беру - жаңаша білімді игеруге бастар жол және үздік білім беру тәжірибесі.


















































САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ – ҚОЛЖЕТІМДІ, САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ


Ормашева Мадина, 1 - курс,

ғылыми жетекші Төлқожаева Жадыра Жақыпжанқызы,

информатика пәнінің оқытушысы

«Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі»,

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.


Елбасымызбен қабылданған «Сандық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде сандық білім беруді де қолға алу мәселесі білім саласындағы барлық қызметкерлерге жаңа серпін берді. Атап айтқанда:

1. АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

2. Орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру.

3. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау).

4. Инновациялық даму алаңдарын қолдау мәселелері.
Бірақ, бұл мәселе осы бағдарлама шеңберінде ғана бастау алған жоқ. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында жыл сайын қозғалып келеді.

Бүгінгі күн білімінің сапасы мен қолжетімділігі – сандық білім берумен анықталуда. Мысалға алатын болсақ, сапалы білім сайттары, электронды әдістемелік құралдар, үштілді танымдық видеокөрсетілімдер, т.с.с. білім ресурстары тек қана оқытушыларға ғана емес, оқушыларға да түсінікті, әрі оңай меңгеріледі. Осындай ыңғайлы шарттар – білім берудің бар мәселесін шешіп береді.

Мен оқитын «Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде», сандық білім беру – дәстүрлі білім беру әдістемесінің бірі деп қарастыруға болады. Сандық білім беру үшін келесі шарттар орындалуы керек екені айтпаса да түсінікті:

    • Сандық білім беруге материалдық жағдай туғызу;

    • Сандық білім беруге оқытушыларды бейімдеу;

    • Сандық білім беру ресурстарын молайту;

    • Тәжірибе алмасу;

    • Студенттердің сандық білім беру әдістемесі арқылы білім сапасын күшейту, шығармашыл, өз ісінің маманын тәрбиелеу;

Аталған оқу орнындағы материалдық жағдай, сандық білім беруге ыңғайлы орта туғызып отыр деп айтсақ қателеспейтін едік. Барлық аудитория интербелсенді тақтамен жабдықталған және интернет желісінің барлық оқушылар үшін қолжетімділігі соның дәлелі.

Колледждің әр оқытушысы сандық білім беруге бейімделген. Ол келесі пунктермен анықталады:

  • Әр оқытушы бір сабаққа кемінде 3 түрлі сандық ресурстар қолданады. Атап айтқанда сандық білім беру ресурстары (СББР), электронды оқулықтар, білім сайттары, танымдық видеоматериалдар, ортақ әдістемелік қор, мобильді қосымшалардың мүмкіндігін қолдану, білімді тексерудің де электронды түрде жүзеге асуы т.с.с.

  • Әр оқытушы өзінің біліктілігін жыл сайын көтеріп отырады. Біліктілік көтеру тек қана білім ордаларында, біліктілікті көтеру орталықтарында ғана емес сонымен қатар қашықтан оқу арқылы білім порталдарында да жүзеге асады. www.Education.microsoft.com білім порталында біліктілігін көтеріп, Интернет конкурстарға, конференцияларға қатысып, білім деңгейін ізденіс арқылы көтеріп жүрген оқытушылар – осы колледжде сапалы, сандық білім беріп келеді.

  • Колледжге оқу орын жаңа бітіріп келген жас мамандармен да осы әдістемеге бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Семинарлар, мастер – кластар, тәлімгерлер көмегі жас маманның біліктілігін көтеруге аз уақытта септігін тигізіп, нәтижесін беруде.

Сандық білім беру ресурстарын жинақтау және жүйелеу жұмысы білім беруде өз нәтижесін көрсетіп келеді. Жыл сайын, жаңартылып, өзгерістер енгізіліп, толықтырылып отырады. Және осы ресурстар әр оқытушы үшін қолжетімді, түсінікті.

Тәжірибе алмасу мәселесіне келетін болсақ, әр оқытушы өз тәжірибесімен бөлісіп, ол әдістеменің артықшылығы мен кемшіліктерін талқылай алады. Сандық білім берудегі өз тәжірибесімен қала деңгейінде, мемлекет деңгейінде бөлісіп жүрген оқытушыларымыз жеткілікті. Және шет мемлекеттерден алған тәжірибесімен де өз әріптестермен бөлісуде.

Жоғарыда аталған шарттардың орындалуы, ең өзекті мәселе – білім сапасы жоғары, шығармашыл, өз ісінің маманын дайындауға қажетті үдеріс. Колледж студенттері осы нәтижені көрсетіп те келеді. Оның дәлелі ретінде, ғылыми конференциялар, бизнес жобалар, кәсіби конкурстар, әлеуметтік жобаларымен қала деңгейінде, халықаралық деңгейде көзге түсіп жүлделі орындарды иемденіп жүрген студенттерді айтуға болады. Және бұл үдеріс студенттер тәрбиесінде де оң өзгерістер көрсетіп жатыр .

Қорытындылай келе, сандық білім беру – қолжетімді және сапалы білімнің негізі деуге болады. Тек осы үдеріске қажетті, жоғарыда аталған әрекеттер тізбектерінің орындалуы жеткілікті. Осы колледждің сутеднті ретінде, сандық білім берудің – қолжетімділігін, алған білімімнің сапалылығын толықтай, сеніммен айта аламын.