СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Санның пайызын табу(мәтіндік есептер)

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу тақырыптарына мәтіндік есептер

Просмотр содержимого документа
«Санның пайызын табу(мәтіндік есептер)»

Тақырыбы:

Мәтіндік есептер

Күні,айы: 16.04.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Мырзағазы Қ.С


Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.34

берілген санның пайызын табу;

5.1.2.35

бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу;

5.1.2.36

берілген пайызы бойынша санды табу;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Тақырыпты меңгереді, білгенін, түсінгенін салыстырады, талқылайды, күрделі тасырмаларды орындауға дағдыланады

Оқушылардың басым бөлігі:

Оқушылар аралас сандар, бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазу, аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазу туралы түсінік алады;

Санның пайызы, пайызы бойынша санды табу тақырыптарына мәтіндік есептер шығара алады.
Нақты ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, алған білімдерін есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету

Кейбір оқушылар:

Сабаққа қызығушылығы артып, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады

-Оқушының сыни ойлауы қалыптасады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

  • Сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Сабақ мақсатымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Өтілген тақырыптағы ережелерді негіздеу, өткен түсініктерді тереңдетуге қажетті тірек білімдерді ауызша сұрау.

Үй тапсырмасына берілген қызықты математикалық есептерден сұрақтар қарастыру.


Сабақтың ортасы

«Айналмалы бекеттер»

Әр шағын топты бекетте орналастырып,есепті шығаруға 5 мин, және арандататын есептерді талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 3 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 3 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді.

Сергіту сәті.

Тал басында тізіліп,
    Он жапырақ тұр еді.
    Жел соқты да үзіліп,
    Ұшып кетті біреуі.
    Ізінше оның үзіліп
    Түсті тағы бесеуі.
    Тұр әлі де ілініп
    Жапырақтың нешеуі?

«Сәйкесін тап» әдісі арқылы оқушыларға таратпа материалдар таратып, жекелеме тапсырма орындалады.

Оқулық, тақта, постерлер, жұлдызшалар және қосымша тапсырмалар

Сабақтың соңы

Кері байланыс. Стикерге оқушылар бүгінгі сабақ жайлы ойларын жазады және әр топ өзінің А3 форматты постерлеріне жапсырады.

Бағалау. Үйга тапсырма: әр оқушы санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу тақырыптарына 5 мәтіндік есептер дайындап әкеледі.